ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

«Зооинженерия және биотехнология» кафедрасында бағалы аң шикізатын сараптау тақырыбында ашық сабақ өтті

2025 жылғы 26 қараша күні «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының аға оқытушысы Ғабит Гүлзат Ғабитқызы 6В08201 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасының МШ-25-01К, ТППЖ-23-01К, АТТ-24-01К, АТТ-24-02К топтарының студенттеріне «Мал шикізатын алғашқы өңдеу технологиясы және сараптамасы» пәні бойынша «Бағалы аң шикізатын сараптау негіздері» тақырыбында практикалық бағыттағы ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақ төрт бөлімнен тұрды:
«Біздің топ», «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Шебер сарапшы», «Сән көрсетілімі».
Сабақ барысы көрнекі және интерактивті материалдармен қамтылып, интеллектуалды ойын форматында ұйымдастырылды. Студенттер үш топқа бөлінді: «Бұлғын», «Барыс», «Ақ түлкі».

«Тапқыр болсаң, тауып көр» бөлімі Kahoot платформасы арқылы интерактивті викторина түрінде жүргізіліп, студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталды.

«Шебер сарапшы» бөлімінде қатысушылар бағалы аң шикізатына мемлекеттік стандарттарға сүйене отырып сараптама жасады. Бұл жұмыс студенттердің теориялық білімдерін практикалық ортада қолдану дағдыларын арттырып, сараптамалық ойлау қабілеттерін дамытты.

«Сән көрсетілімі» бөлімінде студенттер бағалы аң терілерінен дайындалған бұйымдарды таныстырып, сән индустриясындағы табиғилық пен сапаның маңызын көрсетті. Бұл кезең эстетикалық талғамды қалыптастыруға ықпал етті.

Сабақ соңында командалар нәтижесіне сәйкес марапаттар табысталды:

  • 1-орын – МШ-25-01К тобының студенттерінен құралған «Ақ түлкі» тобы;

  • 2-орын – АТТ-24-01К және АТТ-24-02К топтарының «Барыс» тобы;

  • 3-орын – МШ-23-01К тобының «Бұлғын» тобы.

Ашық сабақ мазмұнды, тартысты және қызықты өтті. Жоспарланған міндеттер толық орындалып, студенттердің практикалық дағдылары қалыптасты. Жасанды интеллектіні қолдану сабақтың тиімділігін арттырып, интерактивті тапсырмалар студенттердің сабаққа деген қызығушылығын күшейтті.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник