Мұрат Жәудір Нұрланқызы — белсенді, ізденімпаз және білімге құштар жас маман. Түркістан облысының тумасы. Мектеп қабырғасында жоғары оқу үлгерімін көрсетіп, оқу орнын қызыл аттестатпен тәмамдады.
Жоғары білімді Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті қабырғасында алып, 6В08103 – "Жеміс - көкөніс шаруашылығы" білім беру бағдарламасы бойынша білім алды. Оқу барысында үздік көрсеткіштерімен ерекшеленіп, бакалавр дәрежесін қызыл дипломмен аяқтады.
Студенттік жылдары ғылыми-зерттеу және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысты. Сонымен қатар, мамандығы бойынша өткен олимпиадада І орын иеленіп, өзінің кәсіби дайындығы мен білім деңгейін дәлелдеді.
Жәудір Нұрланқызы университеттің қоғамдық өміріне белсене араласып, факультет белсендісі ретінде түрлі мәдени-танымдық іс-шаралардың ұйымдастырылуына атсалысты.
Магистрлік оқу жылдарында 2024 жылы «Қысқы жылыжайдағы болашағы зор қызанақ үлгілерінің шаруашылық-құнды белгілерін бағалау» тақырыбында ғылыми мақаласы жарық көрді.
Кәсіби және тұлғалық дамуға ұмтылысын жалғастыра отырып, 2025–2026 оқу жылында «Буллинг – себептері, формалары, алдын алу» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Қазіргі таңда өз саласы бойынша терең білім алып, ауыл шаруашылығы мен аграрлық ғылымның дамуына үлес қосуды мақсат етеді.
Бакалавриат
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Мамандығы: 6В08103 – «Жеміс-көкөніс шаруашылығы»
Біліктілігі: Көкөніс өсіруші
Бітірген жылы: 2018 ж.
Магистратура
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Мамандығы: 7М08103 – «Жеміс-көкөніс шаруашылығы»
Біліктілігі: Көкөніс өсірушісі
Бітірген жылы: 2024 ж.
«Қысқы жылыжайдағы болашағы зор қызанақ үлгілерінің шаруашылық-құнды белгілерін бағалау», 2024 жыл
«Буллинг – себептері, формалары, алдын алу»,2025 жыл