KazNARU

A FAIR OF AGRICULTURAL PRODUCTS WAS HELD AT KAZNARU

✅ Бүгін 2025 жылдың қарашаның 12 жұлдызында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай жәрмеңке ұйымдастырылды.

✅ Ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне университеттің оқу-тәжірибелік шаруашылықтары мен серіктес кәсіпорындары белсене қатысты.

✅ Жәрмеңкеде Алматы облысынан Райымбек ауданының Қарасаз ауылындағы «Бағжан» шаруа қожалығы картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат сияқты көкөністерін, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылынан келген серіктесіміз «Apple Bee» компаниясы 63 гектар алма бағында өсірілген апорт алмасын және Қазақстандағы ірі форель шаруашылығы – «Fresh Fish KZ» компаниясы бірнеше балық түрлерін, «Shakh Eco Food» компаниясы қызанақтар мен нан-тоқаш өнімдерін, «BeeQueen» компаниясы ағзаға пайдалы таза бал, «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Талғар ауданы, Байбұлақ ауылында орналасқан алма бағының өнімдерін әкеліп ұсынды. Нарықтан төмен бағадағы бұл өнімдер университеттің білім алушылары мен қызметкерлерінің көңілінен шығып, осындай жәрмеңкенің тиімділігіне ризашылықтарын білдірді.

✅ Іс-шараның негізгі мақсаты – отандық өнімдерді насихаттау, аграрлық өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ экологиялық таза тағам тұтыну мәдениетін қалыптастыру болды.

✅ Жәрмеңкеге белсене қатысқан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші агроқұрылымдардың басшыларына Университетіміздің Басқарма Төрағасы-Ректоры, академик А.Қ. Күрішбаевтың атынан арнайы алғысхаттар тапсырылды.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник