ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

A FRIENDLY BASKETBALL MATCH DEDICATED TO REPUBLIC DAY WAS HELD AT KAZNARU

2025 жылғы 25 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Дене тәрбиесі кафедрасы Республика күніне орай ұлдар арасында жолдастық баскетбол кездесуін ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студент жастар арасындағы достық байланыстарды нығайту, спорттық шеберлікті арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Ойынға қатысқан екі университеттің спортшы студенттері жоғары дайындықтарын көрсетіп, тартысты ойын үлгісін ұсынды.

Жолдастық кездесу барысында қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, командалық рух пен өзара қолдаудың маңызын көрсетті. Мұндай іс-шаралар жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, бұқаралық спорттың дамуына серпін береді.

Еліміздің болашақ мамандары салауатты өмір салтын ұстанып, университеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өз үлестерін қосуда.

KazNaru Баспасөз қызметі

 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник