TABLE TENNIS TOURNAMENT DEDICATED TO AGRICULTURE WORKERS’ DAY HELD AT KAZNARU
2025 жылғы 15 қараша күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының ұйымдастыруымен Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған Алматы қаласының жоғары оқу орындары арасында үстел теннисінен жарыс өтті.
Жарысқа Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті және С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жастары қатысты. ЖОО студенттері тартысты ойын өрнегін көрсетіп, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Іс-шараның басты мақсаты – студент жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын дәріптеу және университеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.
Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әділ әрі кәсіби төрелік жүргізілді.
Жарыстың бас төрешісі – Джаркешов Қуаныш, хатшысы – Кондратенко Светлана болды.
Мұндай спорттық шаралар жас буынның физикалық дайындығын арттырып қана қоймай, олардың бір-бірімен жақын танысуына, ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.






