KazNARU

ҚАЗҰАЗУ БАСШЫЛЫҒЫ ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

2022 жылдың 12 желтоқсанында ҚР Ғылым және жоғары білім Вице-министрі Қуаныш Ерғалиевпен онлайн кездесуде Басқарма Төрағасы – Ректордың м.а. Ақылбек Күрішбаев ҚазҰАЗУ мен Вагенинген университеті (WUR, Нидерланды) бірлесіп әзірлеген білім беру бағдарламалары шеңберінде кадрлар даярлау мәселесін талқылады.
Кездесу аясында университет басшысы Ақылбек Қажығұлұлы «Ветеринариялық тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және технологиясы», «Өсімдіктер туралы ғылым мен технология» білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша ҚазҰАЗУ атқарған жұмыстар туралы баяндады.

Біздің университет өзінің инновациялық дамуында аграрлық мамандықтар мен орман ресурстары бойынша QS әлемдік рейтингінде №1 жоғары оқу орны болып табылатын Вагенинген университетінің тәжірибесін басшылыққа алады.
Вагиненген зерттеу университетінің (WUR) әлемдік деңгейдегі ЖОО ретіндегі қалыптасуы мен даму тәжірибесі, жетістігі университеттің Голландиялық 5 ғылыми-зерттеу институттарымен интеграциялануынан басталғанын көрсетеді. Біздің еліміздегі аграрлық ғылыми-білім беру жүйесі де осы бастама негізінде құрылуы тиіс. WUR құрамына университет, кәсіпорындар, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар кіретін Wageningen Metropolitan Food Clusters желісі жұмыс істейді. ҚазҰАЗУ осы желіге қосылып, Вагенинген Университетінің білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша Наньян технологиялық университетінен (Сингапур) кейінгі әлемдегі екінші жоғары оқу орны атанды. 

Жаңа білім беру бағдарламасының мақсаты – ауыл шаруашылығының тұрақтылығын арттыру мақсатында, дұрыс тамақтану саласында инновацияларды әзірлеу және енгізу, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қауіпсіз өнімдерді өндіру және аграрлық секторды биологизациялау үшін жаңа буын кадрларын даярлау болып табылады.
Кездесу соңында тараптар «Ветеринариялық тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және технологиясы», «Өсімдіктер туралы ғылым мен технология» білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы ортақ пікірге келді.

ҚазҰАЗУ басшысы Ақылбек Күрішбаев Ғылым және жоғары білім министрлігі басшылығынан Вагиненген Университетімен жұмыс жобасына қатысты университетке қолдау көрсетуді сұрады.  
Вице-министр Қуаныш Ерғалиев ҚазҰАЗУ-ды академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша жоғары оқу орындарын қолдау жөніндегі министрліктің бағдарламасына енгізуді және бұл мәселені бірлесіп жүзеге асыруды ұсынды.

 

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.
Фото М.Ботабеков

---------Chatbot---------
виртуальный помощник