KazNARU
Аграрлық техника және технология

Аграрлық техника және технолгия ғылымдары бойынша философия докторларын (PhD) іргелі, әдіснамалық және зерттеушілік бағытта даярлау.

back blur blue element back blur blue element
List of qualifications and positions

АӨК түрлі салаларында өндірістік, басқарушылық, педагогикалық, ғылыми-зерттеу, эксперименталды, конструкторлық, жобалау, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми саладағы оқытушылық және ғылыми қызмет.

Field of professional activity

8D08701 – Аграрлық техника және технологиялар білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) кәсіптік қызметті ғылыми-педагогикалық; ғылыми-зерттеу; жобалау-конструкторлық, сондай-ақ республиканың агроөнеркәсіптік кешенінің барлық салаларында атқара алады.

Scope and object of professional activity

Салалық институттар, сараптамалық, ғылыми - өндірістік және жобалау мекемелері, машина жасау және жөндеу зауыттары, аграрлық техниканы пайдалану жөніндегі өндірістік кәсіпорындар. 
Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша докторлар-агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік органдар, жоғары және арнайы білім беру ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-өндірістік және жобалау мекемелері, бюролар, фирмалар және әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар.
 

Functions of professional activity

Алған теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды дербес іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуде қолдану; тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін кәсіби, ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет барысында туындайтын міндеттерді тұжырымдау және шешу; зерттеудің қажетті әдістерін таңдау, нақты зерттеу міндеттеріне сүйене отырып, қазіргі әдістерді түрлендіру және жаңа әдістерді әзірлеу; алынған нәтижелерді өңдеу, бар әдеби деректерді ескере отырып, оларды талдау және ұғыну.;  қазіргі заманғы редакциялау және баспа құралдарын тарта отырып, қойылған талаптарға сәйкес ресімделген есептер, рефераттар, мақалалар түрінде жасалған жұмыстың қорытындыларын ұсыну; өз білімі мен жетістіктерін әріптестеріне және ғылыми қоғамдастыққа хабарлау; ғылыми саланың шекарасын кеңейте отырып, өзіндік бірегей шешімдермен, зерттеулермен үлес қосу; Аграрлық техника мен технологияның жаңа жетістіктеріне бағдарлау.

Types of professional activity

Ғылыми және педагогикалық бағыттағы докторлар келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: ғылыми және педагогикалық; ғылыми-зерттеу; ауыл шаруашылығының барлық салаларында жобалау-конструкторлық; өндірістік-техникалық; ұйымдастыру-басқару.

Have skills

ғылыми теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізу; зерттеу кешенді жобаларын жасау және орындауда; "Аграрлық техника және технологиялар" мамандығы бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура үшін мемлекеттік білім беру стандартын, оқу және перспективалық оқу жоспарын іске асыруда; ғылыми әдіснаманы пайдалану, заманауи бағдарламалық өнімді пайдалану, алынған нәтижелерді және оларды ұсыну үлгілерін өңдеуде; мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатын, аграрлық саладағы мемлекеттік мекемелерді, ұйымдар мен кәсіпорындарды басқару және экономика саласында түсіндіруде; Аграрлық техника мен технологияға қатысты кәсіби қызметтің барлық түрлерін жоспарлау, жүргізу мәселелерін талқылауде.Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, "Аграрлық техника және технология" мамандығының бакалавриат, магистратура және докторантура пәндерінің үлгілік және жұмыс оқу бағдарламаларын жасау және іске асыру өз көзқарасын дәлелдеуге;
- мамандық пәндері бойынша оқу сабақтарын өткізу кезінде гипотезаны қалыптастыруда.
 

Curriculum of the educational program

«8D08701 – Agricultural machinery and technology».docx

16.995 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник