KazNARU

ҚазҰАЗУ мен серіктес – шетелдік ЖОО арасындағы меморандум аясындағы нәтижелі жұмыстар

Өзбекстан Республикасының Самарқанд мемлекеттік ветеринария, мал шаруашылығы және биотехнология университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті арасындағы ағымдағы университетаралық ынтымақтастық туралы меморандум аясында ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттары, қауымдастырылған профессорлар Баймажы Е және Қадыкен Р. өзбек университетінің студенттері мен оқытушыларына арнап дәріс оқып келді. Сондай-ақ олар PhD докторантураны дайындау бағдарламасы бойынша дәрістер оқу және ғылыми кеңестер өткізу мақсатында профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру курстарына қатысты. Тараптар оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы деңгейінде бірқатар халықаралық алмасуларды жоспарлады. Ғалымдар қос дипломдық жобаларды (ғылым магистрлері мен кандидаттары) жүзеге асыру үшін бірлескен бағдарламалар дайындау, студенттерді қарқынды тәжірибеден өткізу, бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу мүмкіндіктерін талқылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник