ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СИВЕРС АЛМАCЫН САҚТАУДЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ЖАС СУРЕТШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ БОЛЫП ӨТТІ
Сиверс алмасы (Malus Sieversii) - Қазақстанның жабайы алма ағашы және әлемдегі алма ағаштарының барлық мәдени сорттарының атасы. Сондықтан, Қазақстан алманың отаны деп танылды. Өкінішке орай, Сиверс алмасы қазір қорғауды және сақтауды қажет етеді.
Көрмеге Қазақстан Республикасының Бас ботаникалық бағында суретші Бригитте Хофхеррдің (Германия) ALMA-KIKA воркшопы кезінде мектеп оқушылары салған жұмыстар қойылды.
Воркшоп бағдарламасына Сиверс алмасының бірегей коллекциясымен таныстыру, Ботаника институтының ғылыми қызметкерлерімен кездесу, пікірталас, сурет салу кіреді.
ALMA-KIKA өнер шеберханалары – «жойылуға қарсы сурет» Германияның Федералдық экологиялық қоры қаржыландыратын «RegioALMAnagement and value creation to preserve biodiversity and ecosystem services in Kyrgyzstan and Kazakhstan (ALMA-KiKa) - using the example of endangered wild fruit varieties» жобасының бір бөлігі болып табылады.
KazNARU Баспасөз қызметі