KazNARU

17 наурызда 8D075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғау өтті

2025 жылғы 17 наурызда сағат 11:00-де және 14:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Сериков Мақсат Серикұлының «Инновациялық зерттеу әдістері негізінде май өнімдерінің құрамындағы май қышқылын анықтау әдістерін жетілдіру» және Изтилеуов Максат Карсыбековичтің «Сиыр және бие сүті негізіндегі аралас өнімдердің стандарттарын әзірлеу» тақырыбтарындағы 6D073200 - «Стандартизация және сертификация (салалар бойынша)» мамандығы бойынша философия докторлары (PhD) дәрежелерін алу үшін дайындалған диссертацияларының қорғаулары өтті.
8D075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің № 6 және 7 хаттамалары негізінде Сериков Мақсат Серикұлына және Изтилеуов Максат Карсыбековичке философия докторлары (PhD) дәрежелерін беру қаулы етілді.





---------Chatbot---------
виртуальный помощник