KazNARU
Кәсіптік қызмет аясы
Кәсіптік қызмет аясы болып инженерлік бөлімшелердегі инженерлік қаруларды пайдалану мен қолдану бойынша мәселелерді шешуге бағытталған құралдар, әдістер мен тәсілдерден тұратын әскери іс табылады.
Кәсіптік қызмет нысандары
Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысандары: заманауи ұрыс сипаты, сонымен қатар қарулы ұрыс құралдары; инженерлік қару-жарақ құралдары; ұрысты инженерлік қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар.
Кәсіби қызметтің мәні
Бітірушілердің кәсіби қызметінің мәні: түрлі ұрыстарды инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімшелер және бөлімдермен инженерлік қамтамасыз етуді жоспарлау және ұйымдастыру; бөлімше құрамында жауынгерлік кезекшілік атқару; инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімшелер және бөлімдер қарамағындағы инженерлік қару-жарақтарды қолдану, оларға техникалық қызмет көрсету және ұрыста қолдану; инженерлік қару-жарақ құралдарын жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу; бөлімше жеке құрамымен жауынгерлік дайындық бойынша сабақтар ұйымдастыру және өткізу.
Кәсіби қызметтің түрлері
Бітіруші кәсіптік қызметтің келесі түрлерін іске асыра алады: командалық-тактикалық; ұйымдастыру-басқарушылық; тәрбиелік-идеологиялық; инженерлік-техникалық; эксперименттік-зерттеу.
Кәсіби қызметтік міндеттер
Бітіруші базалық және бейіндік дайындығына сәйкес кәсіби қызмет нысандарында келесі міндеттерді орындайды: Ұрыс қимылдарына дайындық пен оны жүргізу барысында инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімшенің жеке құрамын басқару; Ұрысқа дайындық барысында, сонымен қатар күнделікті қызметте барысында инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімшенің жеке құрамын үйрету; Ұрысқа дайындық барысында, сонымен қатар күнделікті қызметте барысында инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімшенің жеке құрамын тәрбиелеу.
Кәсіби қызметтің үлгілік міндеттері
Бітіруші базалық және профилдік дайындығына сәйкес кәсіби қызмет нысандарында келесі міндеттерді шешеді: инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімше командирінің ұрыс құжататрын әзірлеу мен дайындау; жалпыәскери ұрыстардың түрлерін инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімшемен инженерлік қамтамасыз ету; инженерлік қару-жарақтарға техникалық қызмет көрсету мен оларды қолдануда, ұрысқа дайындық қалпында сақтау үшін негізгі іс-шараларды орындау; метрологиялық құралдар көмегімен инженерлік қару-жарақтар мен инженерлік техниканың техникалық көрсеткіштеріне өлшеу жүргізу; инеженерлік қару-жарақтар құралдар қолдануда техникалық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын орындау және бақылау; бөлімшенің жеке құрамымен ұрысқа дайындықты және күнделікті қызметті ұйымдастыру.
Кәсіби қызметтің бағыттары
Кәсіби қызметтің бағыттары: инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімше қарамағындағы инженерлік қару-жарақтарды қолдану, техникалық қызмет көрсету, әскери жөндеу және ұрыста қолдану: ұрыс қимылдары барысында ұрысқа дайындық және күнделікті қызметке дайындық қабілетін қамтамасыз ету; инженерлік қару-жарақтардың материалдық бөлігін білу, қолдану және қолдану тәртібін білу; бөлімшенің жеке құрамын үйрету және тәрбиелеу.