Агробиология факультетінің тарихы Қазақ ауыл шаруашылығы институты құрылған күннен бастау алады. 1930 жылы ол дәнді дақылдар факультеті болып құрылған болатын. Бүгінгі күнде факультетте ҚР ҰҒА-ның 2 академигі, 5 АШҒА академигі, 7 ғылым докторы, 30 ғылым кандидаты, 20 PhD қызмет атқарады.
Факультет құрамында 3 кафедра бар:
70+ |
630+ |
32200+ |
400+ |
профессор-оқытушылар құрамы |
білім алушы |
түлек |
білім алушыларды тәжірибелік дайындау туралы шарттар мен ынтымақтастық туралы келісімдер |
Бізді таңдау арқылы сіз сапалы білім ала отырып, үлкен өмірге жолдама аласыз. Биік мансапқа, толағай табысқа және зор жетістіктерге жете аласыз!
Абилдаев Ержан Советбекович
ДеканАбилдаев Ержан Советбекович
Агробиология факультетінің деканы
PhD, қауымдастырылған профессор
Шибикеева Айгерим Мейрамбаевна
Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары
PhD, аға оқытушы
Абдухаимова Шырынкуль Нартайқызы
Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі
Есеналиева Майра Данатаевна
Жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдік қорғау және карантин кафедрасының меңгерушісі
а.ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Жаңбырбаев Елдос Алмабекұлы
Агрономия, селекция және биотехнология кафедрасының меңгерушісі
PhD, қауымдастырылған профессор
Бакенова Женисгуль Биржановна
Топырақтану, агрохимия және экология кафедрасының меңгерушісі
PhD, қауымдастырылған профессор
«Соғады жүрек»
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай іс шаралар №2 Жас орда жатақханасында жалғасын тапты.
Ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай студенттер жатақханасында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шарада ақынның рухани мұрасын ұлықтау, оның өлеңдерін қайта жаңғырту мақсат етілді. Студенттер ақынның мәңгілікке қалдырған шығармаларынан үзінділер оқып, әр өлеңнің терең мағынасын талқылап, оның қазақ әдебиетіне қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті.
Шара барысында студенттер Мұқағалидың өлеңдеріне арналған әндерді орындады. Жатақхананың жылы әрі достық ахуалы ақын шығармашылығын тереңірек түсінуге, рухани бірігуге жол ашты. Әр қатысушы Мұқағалидың шығармашылығынан рухани байлық алып, оның өлеңдерінің мәңгілік құндылықтарын сезінді.
Бұл шара жастарға ақынның поэзиясын жақынырақ танытып, оның өмірлік философиясын бойларына сіңіруге мүмкіндік берді.
06.02.2025ж «Жеміс көкөніс шаруашылығы, өсімдік қорғау және карантин» кафедрасының оқытушысы кураторлық тобымен бірге заманынының біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай әдеби сазды кешін өткізді.
Ақынның сүріп өткен өмірі жайлы айтып басталған әдемі кеш студенттердің ақынның жазған жыр жолдарын мәнерлеп оқумен жалғасын тапты. Оқырманына ой салатын ақынның танымал «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісінде студенттер кішігірім көрініс қойды. Кеш барысында сұрақ жауап форматында қызықты ойын ойнатылып, дұрыс жауап берген көрермендерге сыйлықтар берілді.
Мұқағали Мақатаевтың шығармалары әрбір қазақтың жүрегінде орын алып, оның өлеңдеріндегі патриотизм, махаббат өмірге деген сүйіспеншілік сияқты тақырыптар уақыт өткен сайын өзектілігін жоғалтпайды. Кешке қатысушылар ұлы ақынның рухани әлеміне үңіліп, өлеңдерінен шабыт алды.
Бұл шара – Мұқағалидың мұрасын жас ұрпаққа жеткізіп, оны дәріптеу үшін ұйымдастырылған маңызды мәдени оқиға.
«Жырлайды жүрек»
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-жыр кеші өткізілді.
Әуезді ән әлдилеп, шырайлы жыр шумақтары төгілген сырлы да сазды кешімізге көз жүгіртер болсақ, ақиық ақынның өзі өмірде болмағанымен оның жазып кеткен жыр жолдары өшпестей болып келешек ұрпаққа мұра болып қалары сөзсіз.
Менталды денсаулық онкүндігі
2025 жылғы 4 ақпанда "Менталды денсаулық-2025" онкүндігін өткізу шеңберінде АГ-24-01К тобының студенттерімен "Progress" практик-психологтар тобы ҚазҰАЗУ психологы Л.Бейсембаеваның басшылығымен "Менталды денсаулықты сақтау үшін цифрлық құралдарды пайдалану" және «Суицидтің алдын алу жолдары» тақырыптарында мотивациялық семинар өткізді.
"Progress" практик-психологтар тобы жасаған менталды денсаулықты жақсарту жолдары туралы баяндамадан кейін жарыс сипатындағы ойын өткізілді, ойында белсенділік танытып жеңіске жеткен студент іс-шараны ұйымдастырушылардан сыйлық алды. Одан ары қарай, студенттерге ішкі сезімдерін бейнелеу үшін 10 қаладан тұратын карта сызу тапсырмасы берілді. Әрбір студент өздерінің ішкі жан күйін әдемі суреттермен бейнелеп, әр қаласына атаулар берді және де не үшін олай атағанын түсіндіріп өтті. Суреттеріне зер салып қарағанда әр студенттің ішкі жан күйі әдемі картиналармен көркемделіп тұрғанын байқадық.
Кездесу фотосессиямен, алғыспен және жағымды тілектермен аяқталды.
Психолог мамандармен кездесу
28.01. 2025 жылы «Агрономия» мамандығының студенттерімен бірге университет психологы Ләйлә Ағыбаевна Бейсембаева ханымның жетекшілігімен ҚазҰПУ-дың Практикант студенттері «SOZDEN-SEZIMGE» атты тренинг өткізді.
Тренинг барысында студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін анықтау, түрлі стресске төзімділікті, ұжымдық үйлесімділік пен топ ішілік/аралық қарым-қатынастарды қалыптастыруға бағытталған тренинг жаттығулар, музыка-терапия, кәсіби және эмоционалды қажуға жол бермеу, жастар арасында асоциалды құбылыстардың алдын алу тақырыптары бойынша білім алушылармен бірге тамаша шара өткізді.
Практикант-студенттер іс-шараға жан жақты дайындықпен келіп, әрбір студенттің жеке тұлғалық қырын ашуға ықпал ететін психологиялық ойындар ойнатып, білім алушыларды қызықтыра отырып жүргізе білді. Тренингке қатысушы студенттер психологиялық көмектің негіздерімен танысып, ойындарды ойнаумен бірге өздерінің ішкі жай күйін толғандырып жатқан сұрақтарына жауап алды.
30.01.25 ж Бас ғимарат акт залында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Алматы қаласының «Еңбек мобильділігі орталығы» электрондық енбек биржасының базасында студенттерді өндірістік практикадан өткізуге арналған функционалмен және «Skills Enbek» онлайн курстары туралы ақпараттық- түсіндіріме кездесуін ұйымдастырды. Іс-шараға KazNARU Практика және жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы Бақытгүл Есимова, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.
«Еңбек мобильділігі орталығының» бөлім басшысы Гүлзира Қазыбаева өз сөзінде 2019 жылдан бастап «Мансап компасы» атты жаңа платформаның іске қосылғанын атап өтті.
Спикер сондай-ақ, кәсіпқойлық шеберліктің өмірде жоғары бағаланатынын және мұның жалақы деңгейі мен мансап мүмкіндіктеріне тікелей әсері болатынына тоқталды. Орталық тарапынан жастардың жұмыспен қамтылуына мемлекеттік қолдау шаралары тұрақты жүргізілетінін айта отырып, студенттерге еңбек биржасында (enbek.kz) кәсіби практикадан өту мүмкіндігін ұсынды. «Мансап компасы» жобасы сұранысқа ие мамандықтарды анықтап, жоғары оқу орындарын бітірушілердің таңдаған мамандықтарының болашағын бағалау, тағылымдамадан өту және жұмыс орнын табуға жәрдемдеседі.
✅ Кездесу еркін және өзара пікір алмасу форматында өтті. Студенттер жиынға белсенділікпен қатыса отырып, өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.
25 желтоқсан күні"Агробиология" факультетінің деканы Абилдаев Ержан Советбекович студенттерді жаңа жылмен құттықтап, жыл бойына белсенді болған студенттерге марапаттары мен ата-анасы және мектеп директорларына Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінің ректорының Алғыс хатын табыстады.
11.12.24ж Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты мерекелік кеші болып өтті. Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз кезегі факультетіміздің деканы Абилдаев Ержан Советбекұлына беріліп, кеш әуезді ән күмбірлеген күймен жалғасын тауып, студенттер тәуелсіздікке байланысты жыр жолдарын оқыды. Мерекелік кештің соңында желтоқсан көтерілісіне қатысқан факультетіміздің оқытушылары қазір өмір сүріп жатқан бейбіт күніміздің қандай еңбек және ерлікпен келгенін айтты.
29.11.2024 жылы Экология мамандығы бойынша білім алып жатқан 1 курс студенттеріне Almaty clinic медициналық мекемесінің қызметкерлері Халипа Хайроллақызы және Сандуғаш Мақсұтқызы келіп 1-желтоқсан дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай дәріс оқыды. Медицина қызметкері өткен дәріс барысында (АИТС, ВИЧ,) ауруларының пайда болу жолдары және ол аурулардан қалай қорғану керектігі жайлы мәліметтер беріліп, іс шара соңы танымдық видеороликпен қорытындыланды.
27.11.2024 ж.Агробиология факультеті «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының профессоры, Эк-23-05, Эк-23-06 топ кураторы- Махамедова Бағлан Жақыпбаевна студенттермен 1 желтоқсан – СПИД-ке қарсы Халықаралық күрес күніне арналған тәрбие сағатын өткізді.
Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдухаимова Шырынкуль Нартаевна және кафедра оқытушылары қатысуымен өткен тәрбие сағатында Эк-23-05, Эк-23-06 топстуденттеріне мағыналы мәліметтер беріліп, арнайы видеофильм арқылы сабақ бекітілді. Студенттер сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз пікірлерін білдірді.
Ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші болатын ұлтымыздың мақал-мәтелі арқылы «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», «Қайғы қартайтады, қуаныш марқайтады» деп жастарға жол көрсетілді.
18 қараша күні Агробиология факультеті Агрономия, селекция және биотехнология кафедрасының АГ-21-01Қ және АГ-21-02Қ топтарының 4 курс студенттері «Менің мамандығым-мақтанышым» атты іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында Агрономия, селекция және биотехнология каферасы профессоры Атақұлов Тастанбек Атақұлұлы сөз сөйлеп, қазіргі уақытқа дейін жүріп өткен еңбек жолымен және де қазіргі таңда мамандыққа қатысты өзекті болып жатқан мәселелерді айтып, келешекте ғылым жолына бет бұрмақшы болып жатқан студенттермен өз ақыл кеңесін бөлісе білді.
Биология ғылымдарының кандидаты қауымдастырылған профессор Баядилова Гулсун Оңғаровнаға да білім ордасын аяқтаған соң қалай еңбек жолын бастағанымен бөлісе отыра қазіргі уақытқа дейін қаншама мықты студенттер университетімізді аяқтағанына тоқтала кетіп іс-шараға қатысып жатқан студенттер де келешекте өз саласын жетік білген мықты маман болып шығатындығына тілекші екендігін жеткізді.
Агрономия (гр. "агрос" – егістік; "номос" – заң) – ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіру саласындағы жан-жақты білімі бар егін шаруашылығы саласындағы маман. Қазіргі кезде агроном жан-жақты білімге ие, кәсіби дағдыларды жақсы меңгерген маман болуы тиіс. Сонымен қатар, агроном – шаруашылықтың негізгі саласы – егіншіліктің технологиясын және онда қолданылатын техникасын жақсы білетін, сол жердің табиғи-экономикалық жағдайына жетік адам болуы керек. Осы орайда дәл осы мамандық бойынша білім алып жатқан бітіруші түлектер «Менің мамандығым-мақтанышым» атты іс-шараны жоғары деңгейде өткізді және өз мамандықтары жайлы алған білімдерін ортаға салып, өздері білім алып жатқан болашақ мамандықтарын мақтан ететіндіктерін айтып өтті.
13.11.2024 ж. Агробиология факультетінде Экология мамандығының 4 курс студентері мен кураторлары бірлесе отырып «Менің мамандығым - менің болашағым» атты дөңгелек үстел өткізді
Мамандық таңдау-өмірдің ең қиын,әрі ең маңызды шешімдерінің бірі. Мамандық таңдау-сені үлкен өмірге жетелейтін көптеген баспалдақтардың алғашқысы. Дұрыс таңдалған мамандық-болашақтағы бақытты өміріңнің кепілі.Мамандық таңдау деген - өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.
«Менің мамандығым - менің болашағым» атты дөңгелек үстелге төмендегідей қонақтар шақырылды.
Искалиева Альбина Асхатовна - «Газпромнефть Қазақстан Операциялық Компаниясының экологиялық қауіпсіздік жөніндегі жетекші маман
Аканова Жаңыл Қайратқызы - ТОО Экосервистің жетекші маманы
Ләйлә Ағыбаевна-Университет психологы .
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе дегендей дөңгелек үстел барысында шақырылған қонақтар өздерінің жұмыс барысындағы тәжірибелерімен бөлісті және студенттер өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап ала отырып қазіргі таңда оқып жатқан мамандығы сұранысқа ие мамандық екендігіне көз жеткізді. Сонымен қатар қатысып жатқан профессор оқытушылар құрамы білім алушыларға өз ақыл кеңестерін беріп, болашақта биіктерден көрінетін жақсы маман болып шығуларына тілекші екендіктерін білдірді.
Студенттер күніне орай ұйымдастырылған КВН сайысында факультет намысын қорғаған "Тең" командасы
Aгробиология факультеті студенттері “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілікке қатысып “ALA” саябағына барып көшет отырғызды.
27.09.2024 ж. «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасы кураторлары және студенттері ұйымдастыруымен 1 қазан жоғары білім қызметкерлері күні мерекесіне орай «Ұстаздар-ұлы тұлғалар» атты мерекелік іс-шарасын өткізді.
Білім алушылар өз өнерлерін ортаға салып ән айтып, би биледі және де іс-шара барысында қызықты сұрақ-жауап ойыны ойнатылып жеңімпаздарға кішігірім сыйлықтар берілді. Сонымен қатар іс-шараға келген мұғалімдер өздерінің алғыстарын айтып, ұстаздар күні мерекесімен барлық оқытушылар құрамын құттықтап өтті.
25.09.24ж. Агробиология факультеті «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасында топ кураторлары: Жамангараева А.Н., Салыкова А.С. ұйымдастыруымен «Менің үлгі алатын адамым» атты тәрбиелік іс- шара өтті.
Іс шараға кафедраның Республикаға танымал ғалымдар: ҚР ҰАҒА академигі, а.ш.ғ.д, профессор Калдыбаев С., ҚР ҰАҒА академигі, а.ш.ғ.к, профессор Балғабаев Әлимбай Мәдибекұлы, Жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы Нурмаханова Жанар Медеусиновна қатысып, мамандық студентеріне таңдаған мамандық бойынша бағыт бағдар берді. Сонымен қатар ғылым жолында жеткен жетістіктерімен бөлісті.