Білім беру бағдарламалары
Барлық бағдарламаларФакультет жаңалықтары
Жаңалықтар
1.04.2025 ж. «Таза Қазақстан» – біздің ортақ міндетіміз! «Бизнес және құқық» жоғары мектебінің ұжымы мен білімгерлері табиғатты аялау мақсатында оқу ғимараты маңайында сенбілік өткізді. Әрбір қадам – жасыл болашаққа бастар жол! Сен де экологиялық тазалыққа бейжай қарама!
3 Cәуір 12:03
Толығырақ
Жаңалықтар
Х.Д.Чурин атындағы “Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру” кафедрасының аға оқытушысы Нургожаев А.С. 2025 жылы 18-31 наурыз аралығында Үндістанның Техникалық-Экономикалық Ынтымақтастығының қолдауымен Ахмедабад қаласындағы Индия "Кәсіпкерлікті дамыту институтында өткен кәсіпкерлік білім беру, білімді басқару, зерттеу саясаты" атты тренинг бағдарламаны сәтті аяқтап қайтты.
31 Наурыз 08:16
Толығырақ
Жаңалықтар
2025 жылдың 27 наурызында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Бизнес және құқық» жоғары мектебі «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Жұмаділ Аяулым Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара академиясы ұйымдастырған «Курсанттардың ғылыми шығармашылығында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориясы мен тәжірибесін дамыту» тақырыбында өткен ғылыми-практикалық конференцияда «Есірткі немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымының қоғамдық қауіптілігінің алдын алу» мәселесі бойынша баяндама жасап, І-орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі: «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Буранбаева С.Р.
27 Наурыз 07:38
Толығырақ
Жаңалықтар
22.03.2025 ж. Наурыз мерекесі мен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен бұл шараға «Бизнес және құқық» жоғары мектеп студенттері де қатысып, Абай даңғылы бойында «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» Абай әндері шырқалды.
22 Наурыз 08:28
Толығырақ
Жаңалықтар
2025 жылдың 10-21 наурыз аралығында Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті "Бизнес және құқық" жоғары мектебінің Х.Д. Чурин атындағы "Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру" кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ. PhD Исмаилова А.К. Өзбекстан Республикасының Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің Экономика факультетінің студенттеріне «Менеджмент» пәні бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді
21 Наурыз 08:20
Толығырақ
Жаңалықтар
6.03.2025ж. Халықаралық әйелдер күніне байланысты «Бизнес және құқық» жоғары мектебінің ер азаматтары мен жігіттері арнайы концерт ұйымдастырып, нәзік жандарға деген құрметтерін білдіру үшін әсем әуендер мен әсерлі би шоулары, күлкі мен қуанышқа толы сәттер сыйлады.
6 Наурыз 08:17
Толығырақ
Жаңалықтар
Іс-әрекеттегі шешім қабылдау психологиясы бізге қалай әсер етеді? Бүгін, 2025 жылғы 5 наурызда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (KazNARU) «Тұтынушының пікіріне әсер ету психологиясы» тақырыбында дәріс өтті. Спикер ретінде Шнар Мұхамбетқызы Наурызбаева сөз сөйледі, ол жарнама, маркетинг және күнделікті өмірде қолданылатын ықпал ету мен манипуляцияның негізгі қағидаттарын ашты.
5 Наурыз 09:44
Толығырақ
Жаңалықтар
2025 жылдың 3 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Г.А. Куаналиева, з.ғ.к., доцент Б. Калымбек, PhD докторы Э.С. Куандыкова ҚазҰАЗИ-дің «6В04205-Құқықтану» БББ 3 курс студенттеріне және аға оқытушылар М.А. Төленді мен Б.Р. Рыскулбекованың қатысуымен ТДМ 8 аясында «Агроөнеркәсіп кешенінде жаңа технологияларды (ЖИ) енгізу арқылы ауылдық аймақтарда экономикалық тұрақтылықты нығайту» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.
3 Наурыз 09:22
Толығырақ
Жаңалықтар
2025 жылдың 3 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Г.А. Куаналиева, з.ғ.к., доцент Б. Калымбек, PhD докторы Э.С. Куандыкова ҚазҰАЗИ-дің «6В04205-Құқықтану» БББ 3 курс студенттеріне және аға оқытушылар М.А. Төленді, Б.Р. Рыскулбекованың қатысуымен ТДМ 8 аясында «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.
3 Наурыз 09:09
Толығырақ
Жаңалықтар
13.02.2025ж. Ситуациялық залда Х.Д. Чурин атындағы " Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру" кафедрасы "Тұрақты даму мақсаттары контекстінде Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық инфрақұрылымын және ақпараттық қауіпсіздігін дамыту» атты Халықаралық деңгейде дөңгелек үстел ұйымдастырды.
13 Ақпан 07:38
Толығырақ
Жаңалықтар
7.02.2025 ж. “Бизнес және құқық” жоғары мектебінде маңызды кездесу өтті! Ауқымды іс-шара “Экономика”, “Маркетинг”, “Менеджмент”, “Мемлекеттік және жергілікті басқару”, “Агротуризм”, “Қаржы”, “Есеп және аудит”, “Бағалау” білім беру бағдарламаларын дамыту және талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Кездесуге жұмыс берушілер, ПОҚ, білімгерлер және бітіруші түлектер белсене қатысты. Қатысушылар қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын жетілдіру бағытында пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шараны факультет деканы Динара Ажинурина ашып, кездесу модераторы – Х.Д. Чурин атындағы “Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру” кафедрасының меңгеруші м.а. Айнура Каналбаевна іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Ұйымдастырушы кафедралар ретінде Х.Д. Чурин атындағы “Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру” кафедрасы мен “Есеп, аудит және қаржы”кафедрасы атсалысты. Бұл кездесу тек білім беру саласындағы емес, сонымен қатар еңбек нарығының дамуындағы маңызды қадам болып саналады. Іс-шараның қорытындысы болашақ мамандарды даярлаудағы жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталып отыр.
7 Ақпан 15:02
Толығырақ
Жаңалықтар
13.12.2024ж. Тәуелсіздік күніне орай, ҚазҰАЗУ-нің ПОҚ мен қызметкерлері Акт залында өткен салтанатты кешке қатысып, аға оқытушылар құрамы Алғыс хатқа ие болды. Мерекелік салтанаттың соңы университет көркем өнерпаздарының ұйымдастыруымен қойылған концертке ұласты.Құттықтаймыз!
13 Желтоқсан 18:20
Толығырақ
Жаңалықтар
«Бизнес және құқық» жоғары мектебінің, 6В04201-«Құқықтану» білім бағдарламасының 4 курс студенттерімен, «Құқық»кафедрасының қауымдастырылған профессоры Бейсенбаева Мәншүк Токтарбекқызының бастамашылығымен «Bookcrossing” акциясы және «өз жеке кітапхана қорыңа +2» кітап челленджі өткізілді. «Bookcrossing” акциясы- өзіңіз оқыған қызықты кітаптарды басқалармен бөлісу. Бұл іс шара арнайы ғылыми әдебиеттен бөлек, сабақтан бос уақытта телефон,гаджет қарамай, өзіңді рухани, әдеби жағынан азықтандырып, жан-жақты біліміңді арттыру мақсатында ұйымдастырылған. 2 апта уақыт аралығында оқытушылар мен студенттердің- өзіңіз оқыған қызықты әлем және қазақ жазушыларының 1 әдеби шығармасы және 1 мотивациялық кітаптарды оқып, оның мазмұнын ортаға салып пікір алмасып алған әсерлерімен бөлісу. Соңынан оқыған кітаптарын арнайы лоттан түскен санынан қарай ауысып қызықты эмоцияға толы сәттерінен кейін тілектерін жазып кітап алмасты. Бұл акциямыз кітап оқуға және әдеби шығармалар оқуға деген қызығушылығын тудырды.
12 Желтоқсан 19:08
Толығырақ
Жаңалықтар
2.02.2024ж. Университетіміздің білімгерлерімен еркін форматта Басқарма Төрағасы – Ректор Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлымен «Іс жүзіндегі әділетті университет» атты кездесу өтті. Кездесу соңында көптеген белсенділер соның ішінде, жоғары мектеп мақтаныштары: Студенттік деканы – Қыдырбай Аружан, Студенттік кеңес төрайымы –Амантұрқызы Аяжан; 6В04101-Экономика БББ студенті Алмабек Айшагүл алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!
2 Желтоқсан 12:56
Толығырақ