Кәсіби қызмет саласы
Кәсіби қызмет саласы адамдардың тыл қызметтерінің тыл бөлімшелерін қолдануға бағытталған қызметінің технологиялары, құралдары, әдіс-тәсілдері жиынтығын қамтитын әскери ғылым мен техника саласы болып табылады.
Кәсіби қызмет объектілері
Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің бөлімшелері болып табылады.
Кәсіби қызмет нысандары
Түлектің кәсіби қызметінің нысандары:
- азық-түлік өнімдерінің технологиясы және тауартануы;
- қызметтің техникасы және техникалық құралдары;
- тыл қызметтерінің жеке құрамын басқару;
- бейбіт өмір және соғыс жағдайында әскери техниканы қолдану.
Кәсіби қызмет түрлері
«Азық-түлік өнімдері технологиясы және тауартануы» әскери-есептік мамандығы алған түлек келесі кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады:
- бейбіт өмір және соғыс кезінде жеке құрамды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметі;
- азық-түлік қызметінің техникалық құралдарын пайдалану қызметі;
- тәрбие-идеологиялық қызмет;
- ұйымдастыру-басқару қызметі;
- инженерлік-техникалық қызмет;
- әкімшілік-шаруашылық қызмет.
Кәсіби қызмет функцилары
«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және тауартануы» мамандығын алған түлек бейіндік даярлығына сәйкес кәсіби қызмет объектілерінде келесі функцияларды атқара алады:
- бөлімшелердің жеке құрамын жауынгерлік даярлық және күнделікті қызмет барысында оқыту;
- бөлімшелердің жеке құрамын жауынгерлік даярлық және күнделікті қызмет барысында тәрбиелеу;
- бейбіт өмір және соғыс кезінде бөлімшелер мен бөлімдерді тылдық және техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
- жеке құрамды бейбіт өмір және соғыс кезінде тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
- тылдың бөлімшелерінде (қызметтерінде) жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру;
- тыл бөлімшелерінің (қызметтерінің) техникалық құралдарын пайдалануды ұйымдастыру;
- қызметтік іс-әрекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Кәсіби қызметтің типтік міндеттері
Түлек негізгі және бейіндік даярлығына сәйкес кәсіби қызмет объектілерінде келесі міндеттерді шеше алады:
- МТҚ азық-түлік қызметінің әскери құжаттарын әзірлеу және рәсімдеу (тыл бойынша);
- тылдағы әскери техниканың қызмет атқаруын бақылауды және оның жауынгерлік дайындығының жай-күйін бағалауды жүргізу;
- тылдағы әскери техниканың техникалық күтімін жасау және пайдалану, оны үнемі практикада қолдануға дайын тұруын сақтау жөніндегі негізгі іс-шараларды орындау;
- тылдағы әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының негізгі талаптарын орындау және бақылап отыру;
- бөлімшелердің жеке құрамымен жауынгерлік даярлық пен күнделікті қызметті жүргізуді ұйымдастыру;
- бөлімшелердің (қызметтердің) жеке құрамымен жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлық сабақтарын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу;
- қызметтің жоспарлы, есепке алу құжаттамасын әзірлеу және жүргізу;
- жеке құрамды сапалы оқыту үшін оқу-материалдық қор объектілерін, азық-түлік қызметінің техникалық құралдарын және оқытудың техникалық құралдарын пайдалану;
- сабақтар мен оқу жаттығулары, қызмет ету, техникамен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру;
- бөлімшелерді техникалық және тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- қол астындағылармен жеке тәрбие жұмыстарын жүргізу, жарғылық тәртіпті сақтау, бөлімшелердегі әскери тәртіптің жай-күйіне, моральдық-психологиялық ахуалға және әскердің қызметіне талдау жасау және баға беру;
- жеке құрамның жоғары моральдық-жауынгерлік және адамгершілік қасиеттерін, ұлтаралық қатынастар мәдениетін, қызметтік парызын, командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын орындауда, сондай-ақ өз іс-әрекеттерінің тәртіптілігі мен ақылға қонымды бастамашылық үшін жауапкершілігін қалыптастыру;
- бөлімшедегі штаттық техниканы күту, ұстау, сақтауға қою, ақауларын анықтау жұмыстарын ұйымдастырып, орындау;
- қызметтің штаттық техникасы мен техникалық құралдарын қолданысқа даярлау, олардың техникалық жай-күйін, қабылданып-табысталуын тексеру және бағалау тәртібі;
- техниканы және тағы басқа материалдық құралдарды есепке алуды, сақтауды, күтіп ұстауды ұйымдастыру;
- қол астындағы жұмыскерлердің орналасуын, тұрмысын, тамақтануын, денсаулық сақтауын ұйымдастыру;
- қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды ұтымды пайдалану.
Кәсіби қызмет бағыттары
Кәсіби қызмет бағыттары мына аталғандарды қамтиды:
- бейбіт өмір және соғыс жағдайында жеке құрамды тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
- азық-түлік қызметінің техникалық құралдарын пайдалану;
- тылдағы бөлімшелердің жеке құрамын тәрбиелеу.