Кәсіптік қызмет аясы
Кәсіптік қызмет аясы болып қызметтік жануарларды қолдану және қызметтік ит өсірушілік тәртібіне бағытталған технологиялар, құралдар, адамзат қызметінің әдістері мен тәсілдерінен тұратын әскери ғылым және техника саласы табылады.
Кәсіптік қызмет нысандары
Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысандары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мекемелері мен әскери бөлімдердің бөлімшелері.
Кәсіптік қызметтік мәні
Кәсіптік қызметтің мәні – жеке құрамды басқару, қызметтік жануарларды және жетекшілерді дайындау шараларын бейбіт және соғыс уақытында қолдану.
Кәсіптік қызметтің түрлері
Бітіруші кәсіптік қызметтің келесі түрлерін іске асыра алады:
ұйымдастыру – басқарушылық;
қолдану;
әкімшілік – шаруашылық:
Кәсіптік қызметтің міндеттері
Бітіруші кәсіптік қызмет нысандарында келесі міндеттерді атқара алады:
бөлімшелер мен бөлімдердің ұрыс қимылдарында ұйымдастыру;
Қызметтік ит өсірушілік бөлімшелерінде кәсіптік дайындығын ұйымдастыру;
Қызметтік ит өсірушілік бөлімшелерде қызметтік жануарларды күту және қолдануды ұйымдастыру;
жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру;
қызметтік әрекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Кәсіптік қызметтің үлгілік міндеттері
Бітіруші кәсіби қызмет нысандарында келесі міндеттерді шеше алады: Қызметтік ит өсірушілік бөлімше мамандармен жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша сабақтарды ұйымдастыру, жоспарлау және өткізу;
ҚР ҚМ қызметтік ит өсірушілік мекемелерінің жоспарлаушы құжаттамаларын әзірлеу және жүргізу;
жеке құрамды сапалы оқыту үшін оқу-материалдық база нысандарын, қару-жарақтар, оқытудың техникалық құралдарын қолдану;
сабақтар мен оқулар барысында, әскери қызмет атқаруда, қызметтік иттерді дайындау кезінде қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру;
Қызметтік ит өсірушілікті қамтамасыздандыруды ұйымдастыру және жеке құрамды басқару, жауынгерлік, тылдық және техникалық қамтамасыздандыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
қарамағындағылармен жеке тәрбие жұмыстарын жүргізу, бөлімшеде жарғылық тәртіпті қолдау, әскери тәртіп жағдайын, моральдік-психологиялық жағдай мен әскер қызметін талдау мен бағалау;
жеке құрамның жоғары моральдік–өткірлік және жалпы адамгершілік қасиеттерін, ұлтаралық қарымқатынас мәдениетін, қызметтік парызын, командирлер мен басшылар бұйрықтарын орындаудағы жауапкершіліктерін, сонымен қатар тәртіптілік және өз әрекеттерінде саналы жетекшілік дағдыларын қалыптастыру;
арнайы техникаларды күту, қолдану және қызмет көрсету, азық-түліктерді және емдік дәрі-дәрмектерді сақтау жұмыстарын ұйымдастыру;
штаттағы жануарларды қолдануға дайындау, оларды азықтандыру, күту және қолдану тәртібін тексеру және бағалау;
қарамағындағылардың тұрмысын, орналасуын, тамақтануын, денсаулық сақтауын ұйымдастыру;
қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды тиімді пайдалану.
Кәсіптік қызметтің бағыттары
Кәсіптік қызмет бағыттары: бөлімшенің күнделікті қызметін басқару, жауынгерлік дайындық пен қызметтік қимылдарын жүргізу.