KazNARU
Кәсіби қызмет аясы
Тыл қызметі тыл бөлімшелерін қолдану тәртібіне бағытталған технологиялар, құралдар, адамзат қызметінің әдістері мен тәсілдерінен тұратын әскери ғылым және техника саласы кәсіби қызмет аясы болып табылды.
Кәсіби қызмет нысандары
Бітірушілердің кәсіби қызмет нысандары болып Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің бөлімшелері болып табылады.
Кәсіби қызметтің мәні
Жалпыәскери тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, тыл қызметінің жеке құрамын басқару, мүліктермен қамтамасыз ету, жанар-жағар материалдармен жабдықтау, техника және қызметтің техникалық құралдары, тыл қызметінің жеке құрамын басқару, қару-жарақтар мен әскери техниканы бейбіт және соғыс уақытында қолдану бітірушінің кәсіби қызметінің мәні болып табылады.
Кәсіби қызмет түрлері
«Жалпыәскери тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру» әскери-есептік мамандығы бойынша бітіруші келесі кәсіби қызмет түрлерін іске асырады: ұйымдастырушылық- басқару; тәрбие-идеологиялық; инженерлік-техникалық; ғылыми тәжірибелік-зерттеу; бейбіт және соғыс уақытында жеке құрамның тамақтануын ұйымдастыру; мүліктермен қамтамасыз ету; жанар-жағар майлармен жабдықтау; тыл қызметінің техникалық құралдарын пайдалану; әкімшілік-шаруашылық.
Кәсіби қызмет міндеттері
«Жалпыәскери тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру» әскери-есептік мамандығы бойынша бітіруші бағдарлық дайындығына сәйкес кәсіби қызмет нысандарында келесі міндеттерді атқара алады: ұрыс қимылдарына дайындық және оларды жүргізу барысында, сонымен қатар күнделікті қызметте бөлімшенің жеке құрамын басқару; ұрысқа дайындық барысында және күнделікті қызметте бөлімшенің жеке құрамын үйрету; ұрысқа дайындық барысында және күнделікті қызметте бөлімшенің жеке құрамын тәрбиелеу; бөлімдер мен бөлімшелерді бейбіт және соғыс уақытында тылдық және техникалық қамтамасыздандыруды ұйымдастыру; бейбіт және соғыс уақытында жеке құрамды тамақтандыруды ұйымдастыру; тыл бөлімшелерінде (қызметінде) жауынгерлік дайындықты ұйымдастыру; ішкі қызметті ұйымдастыру; тыл бөлімшелерінде (қызметінде) техникалық құралдарды қолдануды ұйымдастыру; қызметтік әрекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Кәсіптік қызметтің үлгілік міндеттері
Бітіруші базалық және кәсіби дайындығына сәйкес кәсіби қызмет нысандарында келесі міндеттерді шеше алады: тыл қызметі бойынша жауынгерлік құжаттарды әзірлеу мен ресімдеу; материалдық-техникалық қамтамасыздандыру ротасы құрамында ұрыс қимылдарын жүргізу; тылдың әскери техникалары жұмысын бақылау және олардың ұрысқа дайындық жағдайын бағалау; тыл әскери техникасына техникалық қызмет көрсету мен қолдану бойынша негізгі шараларды орындау, олардың практикалық қолданысқа әрдайым дайын болуын қолдау; метрологиялық құралдар көмегімен тыл әскери техникасының техникалық параметрлерін өлшеу; тыл әскери техникасын қолдану барысында техника қауіпсіздігінің негізгі талаптарын орындау және бақылау; бөлімшенің жеке құрамының ұрыс дайындығы мен күнделікті қызметін ұйымдастыру; бөлімше (қызмет) жеке құрамымен ұрыс және мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша сабақтар жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу; қызметтің жоспарлау, есеп беру құжаттарын әзірлеу және жүргізу; жеке құрамды сапалы оқыту үшін оқу-материалдық база нысандары, азық-түлік қызметінің техникалық құралдарын пайдалану; сабақтар мен оқулар барысында, әскери қызмет атқаруда, техникамен жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру ; тыл бөлімшелерінің ұрыс мүмкіндіктерін, штаттық қарулары мен ұрыс техникасын, сонымен қатар бөлімшенің мүліктерін пайдалану; бөлімшеде тылдық және техникалық қамтамасыздандыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру; қарамағындағылармен жеке тәрбие жұмыстарын жүргізу, бөлімшеде жарғылық тәртіпті қолдау, әскери тәртіп жағдайын, моральдік-психологиялық жағдай мен әскер қызметін талдау мен бағалау; жеке құрамның жоғары моральдік-өткірлік және жалпы адамгершілік қасиеттерін, ұлтаралық қарымқатынас мәдениетін, қызметтік парызын, командирлер мен басшылар бұйрықтарын орындаудағы жауапкершіліктерін, сонымен қатар тәртіптілік және өз әрекеттерінде саналы жетекшілік дағдыларын қалыптастыру; бөлімшедегі штаттық техникаға қызмет көрсету, оларды күту, сақтау, ақауларын анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу; штаттық техника және қызметтің техникалық құралдарын қолдануға дайындау, олардың техникалық жағдайын тексеру және бағалау, қабылдау және тапсыру тәртібі; техникалар мен басқа да материалдық құралдарды сақтау, күтуді тіркеуді ұйымдастыру; қарамағындағылардың тұрмысын, орналасуын, тамақтануын, денсаулық сақтауын ұйымдастыру; қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды тиімді пайдалану.
Кәсіптік қызметтің бағыттары
Кәсіптік қызмет бағыттары: тағам өнімдері технологиясы және тауартану, бейбіт және соғыс кезеңдерінде жеке құрамды тамақтандыруды, мүліктермен қамтамасыз ету, жанар-жағар майлармен жабдықтау, азық-түлік қызметінің техникалық құралдарын қолдану, тыл бөлімшелері жеке құрамын тәрбиелеу.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник