KazNARU
Кәсіби қызмет саласы
Кәсіби қызмет саласы мотоатқыштар бөлімшелерді жауынгерлік қолдану міндеттерін орындауға бағытталған әскери қызмет құралдарының, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы болып табылады.
Кәсіби қызмет объектілері
Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері: әр түрлі жағдайларда мотоатқыштар әскерлерінің әскери атқыштар кешендерінің оқ атуын дайындау және жүргізуді қамтамасыз ететін технологиялық жүйелер, техникалық құралдар; мотоатқыштар бөлімшелерінің жауынгерлік есептерінің негіздері; мотоатқыштар әскерлерінде байланыс құралдарын қолдану;
Кәсіби қызмет пәндері
Кәсіби қызмет пәндері болып табылады: қару-жарақ және әскери техника бөлімшелері; бағынысты бөлімшелердің жеке құрамы.
Кәсіби қызмет түрлері
ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет; тәрбие-идеологиялық; инженерлік-техникалық.
Кәсіби қызметінің функциялары
Әскери кафедраның түлегі келесі функцияларды әскери-кәсіптік қызмет түрлеріне сәйкес шешуі тиіс: бейбіт және соғыс уақытында күнделікті қызмет міндеттерін ұйымдастыру және орындау кезінде бөлімшені басқару (оның ішінде бөлімшелерді сапта басқару, қарауыл және ішкі қызмет атқару міндеттерін орындау кезінде бөлімшені басқару), қауіпсіздік шараларының талаптарын орындауды қамтамасыз ету; күнделікті қызмет барысында мемлекеттік және әскери құпияны сақтау іс-шараларын орындау; жауынгерлік дайындық және күнделікті қызмет барысында бөлімшелердің жеке құрамын оқыту; жауынгерлік дайындық және күнделікті қызмет барысында бөлімшелердің жеке құрамын тәрбиелеу.
Кәсіби қызметтің типтік міндеттері
бөлімшенің қару-жарағы мен техникасын пайдалану, жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету; техникалық және атыс қаруларын жауынгерлік қолдануға дайындау және оларды жауынгерлік іс-қимылдар барысында жауынгерлік қолдану; бөлімшелерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, олардың орындалуын бақылау; жауынгерлік даярлық Бағдарламасы бойынша бөлімшемен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу, арнайы дайындық бойынша жаттығулар өткізу, дербес дайындықты ұйымдастыру және өткізу; әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау және нығайту бөлімшесімен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу; бөлімшеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу, жеке құрамды ақпараттандыру;
Кәсіби қызметінің бағыттары
Түлектердің кәсіби қызметінің бағыттары болып табылады: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері бөлімшелерінің мотоатқыштар әскери бөлімшелерінің қару-жарағы мен техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жауынгерлік қолдану; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері бөлімшелерінің мотоатқыштар әскери бөлімшелерінің әр түрлі ұрыс түрлерінде жауынгерлік қабілеті мен тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету; бөлімшелердің жеке құрамын оқыту және тәрбиелеу.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник