KazNARU
Кәсіптік қызмет аясы
Кәсіптік қызмет аясы болып әскери тасымалдауларды ұйымдастыру үшін әскери-көлік органдарын қолдану тәртібіне бағытталған технологиялар, құралдар жиынытығы, адамзат қызметінің әдістері мен тәсілдерінен тұратын әскери ғылым мен техника саласы болып табылады.
Кәсіптік қызмет нысандары
Әскери кафедра бітірушілерінің кәсіптік қызмет нысандары болып көлік түрлерінің әскери-көлік комендатуралары табылады.
Кәсіби қызметтің мәні
Бітірушінің кәсіби қызметінің мәні бейбіт және соғыс кезеңіндегі әсукери тасымалдауларды басқару.
Кәсіби қызметтің түрлері
Бітірушінің кәсіби қызметінің түрлері: ұйымдастыру-басқару; білім беру-педагогикалық; пайдалану.
Кәсіби қызметтік міндеттер
Бітіруші базалық және бейіндік дайындығына сәйкес кәсіби қызмет нысандарында келесі міндеттерді орындайды: әскерді көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру; әскери тасымалдауларды орындау барысында құралдарды қолдануды ұйымдастыру, міндеттері мен тәртібі; бөлімдер мен бөлімшелермен орындалатын әскерді және материалдық-техникалық қамтамасыз ету құралдарын тасымалдауды ұйымдастыру және іске асыру; кәсіби қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Кәсіби қызметтің үлгілік міндеттері
Бітіруші базалық және профилдік дайындығына сәйкес кәсіби қызмет нысандарында келесі міндеттерді шешеді: жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша сабақтарды ұйымдастыру, жоспарлау және өткізу. Әскери комендант көмекшісінің құжаттарын әзірлеу және жүргізу. Жеке құрамды сапалы оқыту үшін оқу-материалдық база нысандарын, қару-жарақтар және техникалық құралдарды қолдану. Сабақтар мен оқуларда, кезекшілікті атқаруда, қару-жарақтар және техникамен жұмыстар барысында қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру; әскери-көлік мекемелерінің жауынгерлік мүмкіндіктерін, олардың штаттағы қару-жарақтарын, сонымен қатар әскер түрлері мен арнайы әскер бөлімшелерін қолдану; қарамағындағылармен жеке тәрбиелік жұмыстар жүргізу, жарғылық тәртіпті сақтау, әскери тәртіп жағдайын, моралдік-психологиялық ахуалды және әскер қызметін талдау және бағалау; жеке құрамның бойында жоғары моралдік-жауынгерлік және жалпы адамгершілік қасиеттерді, ұлтаралық қарым-қатынастар мәдениетін, қызметтік парызды, командирлер мен басшылардың бұйрықтарын орындаудағы жауапкершілік, сонымен қатар өз әрекеттеріндегі парасатты бастамашылдық.
Кәсіби қызметтің бағыттары
Бітірушінің кәсіби қызметінің бағыттары: ұрыс жағдайында бөлімдер, бөлімшелердің әскери тасымалдауын теміржол, су және әуе көліктерімен ұйымдастыру және іске асыру; әскери тасымалдауды ұйымдастуыруда құжаттарды жүргізу; бөлімшенің жоғары жауынгерлік дайындығын қамтамасыз ету; бөлімшенің жеке құрамының жоғары моралдік және психологиялық жағдайын қамтамасыз ету; жұмыс картасын жүргізу, графикалық құжаттарды жасау және дайындау; әскери-көлік мекемесінде жылдық, айлық және апталық жауынгерлік және қоғамдық-гуманитарлық дайындықты жоспарлау; оқу-материалдық база нысандарын, қару-жарақтарды жеке құрамды сапалы оқыту үшін пайдалану; қарамағындағылар бойында қажетті деңгейдегі гуманитарлық және моралдік-психологиялық дайындық деңгейін, дүниетанымдық ұстанымдарын, жалпы мәдениет пен әскери-кәсіби ой-өріс, өз Отанын қорғауда азаматтық және жеке жауапкершілік түсініктерін қалыптастыру; әскери қызметшілерге мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қорғаныс министрінің жауынгерлік дайындықты арттыру мен әскери тәртіпті нығайту бойынша талаптарын жекізу және түсіндіру; қарамағындағылармен жеке тәрбиелік жұмыстар жүргізу, жарғылық тәртіпті сақтау, бөлімшедегі әскери тәртіп, моралдік-психологиялық жағдайды және әскер қызметін талдау және бағалау; қарамағындағы материалдық құралдарды тиімді пайдалану.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник