2024 жылғы 23 тамызда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Сиверс алмаcын сақтауды қолдау мақсатында жас суретшілердің көрмесі өтті.
Сиверс алмасы (Malus Sieversii) - Қазақстанның жабайы алма ағашы және әлемдегі алма ағаштарының барлық мәдени сорттарының атасы. Сондықтан, Қазақстан алманың отаны деп танылды. Өкінішке орай, Сиверс алмасы қазір қорғауды және сақтауды қажет етеді.
Көрмеде Қазақстан Республикасының Бас ботаникалық бағында суретші Бригитте Хофхеррдің (Германия) ALMA-KIKA воркшопы кезінде мектеп оқушылары салған жұмыстар қойылды.
Ворк-шоп бағдарламасына Сиверс алмасының бірегей коллекциясымен таныстыру, Ботаника институтының ғылыми қызметкерлерімен кездесу, пікірталас, сурет салу кірген болатын.
Бригитте Хофхерр: «Біздің басты назарымыз топта бақылау, сөйлесу, сурет салу және идеялармен бөлісу. Талқылау және өнер туындысы бойынша жұмыс жасау арқылы қатысушылар білім мен ақпаратты дамыта алады. Тек Malus Sieversii ағашын білу бізге бұл өте маңызды түрді қорғауға көмектеседі».
«Жойылуға қарсы сурет» ворк-шопы Германияның Федералдық экологиялық қоры қаржыландыратын «RegioALMAnagement and value creation to preserve biodiversity and ecosystem services in Kyrgyzstan and Kazakhstan (ALMA-KiKa) - using the example of endangered wild fruit varieties» жобасының бір бөлігі болып табылады.
Сиверс алма ағашын сақтауды қолдау мақсатында жас суретшілердің көрмесі ҚазҰАЗУ бас ғимаратында өтті.
Көрмені келесі ұйымдар ұйымдастырды: Қазақ-Герман экожүйелер мен биоәртүрлілікті қорғау институты; «Алмалы Жұмақ» қоғамдық қоры; ҚР ЭТРМ «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК; NETwork for System Competence and Innovation (NETSCI) GmbH.
Көрменің ашылуында Рафис Абазов – ҚазҰАЗУ халықаралық байланыстар және стратегиялық даму жөніндегі проректоры;
Ажар Жандосова – «Алмалы Жұмақ» ҚҚ директоры;
Бригитте Хофхерр – суретші (Германия);
Есбол Өміржанов – NETSCI менеджері, ALMA-KIKA жобасының үйлестірушісі сөз сөйледі.
Көрмеге қойылған жұмыстар көрмеге келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды, қойылған жұмыстардың ішінде бес картина авторлардың өздерінің келісімімен ҚазҰАЗУ-ға берілді. Бұл жұмыстар ҚазҰАЗУ қабырғасын безендіреді.