Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру кафедрасы университеттің ірі құрылымдарының бірі. Мұнда бакалавр мен магистратура, докторантурадан бастап іскери әкімшілік (MBA), EMВА және қосымша кәсіптік білім беру сынды әртүрлі білім беру бағдарламаларын ұсынады. Бұл көп салалы кафедра, әрі студенттер экономиканы ғана емес, сонымен қатар менеджмент, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, агротуризм мен жалпы әлемдік тенденцияларға сәйкес келетін, еңбек нарығында сұранысқа ие басқа да академиялық пәндерді оқуға мүмкіндік алады.
Оқыту қазақ және орыс тілдерінде,толығымен ағылшын тілінде де жүргізіледі. Бұл студенттерге халықаралық ортада кең білім мен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кафедра отандық және шетелдік оқытушылардың білікті құрамына ие. Сонымен қатар, оқу процесін байытады және студенттерге әртүрлі мәдени және кәсіби перспективалардан кең білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік береді.
Кафедраның қалыптасу және даму тарихы 1932 жылдан басталады, оның бірінші меңгерушісі профессор С.И.Азев болды. (1932-1937). Кейіннен кафедраның қалыптасуына жиырма жыл бойы (1953-1973) басшылық еткен Чурин Хамид Давлетұлы өз үлесін қосты. Ғалымның өмірбаяны негізінен еліміздің ауыл шаруашылығы саласының жетістіктерімен байланысты: мысалы, 1932-1937 жылдары Чурин Х.Д. Қазақ ауыл шаруашылығы институтының директоры, кейін Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, Ленин атындағы тұтаскеңестік ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Қазақ филиалының төрағасы, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
Қазақ ауыл шаруашылығы институтында 30 жылдан астам жұмыс істеген Х.Д. Чурин республиканың ауыл шаруашылығы мамандары мен ғылыми кадрларын дайындауға орасан зор үлес қосты. Әр жылдары кафедра меңгерушілері болды: Сахипов М.С. заң ғылымдарының докторы (1980-1984), Аутов Р.Р. экономика ғылымдарының докторы (1984-1993). 1993 жылы кафедра «Менеджмент және құқық» кафедрасы болып өзгертілді, кафедра меңгерушісі э.ғ.д. Құбаев Қ.Е. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтында екі институттың аттас кафедраларының қосылуы негізінде – оны Г.Р. Мадиев басқарды, және АЗВИ-де – Керимова Ү.К. - «Менеджмент және маркетинг»кафедрасы құрылды. 2003 жылы «Экономика» кафедрасын э.ғ.д., профессор Ж.Ж.Сулейменов басқарды. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы экономистерін даярлауға әр жылдары кафедра меңгерушісі қызмет атқарған П.И.Есауленко, А.П.Лим, Б.С.Нұрпейісов, С.Ғ.Тұрғанбаев және басқалар орасан зор үлес қосты.
Кафедраның дамуына, республиканың ауыл шаруашылығы мамандары мен ғылыми кадрларын даярлауға үлес қосқандар: ғалым Е.Б. Тайбеков, Б.М. Васильев, Қазақ КСР Ұлттық Ғылым академиясының болашақ корреспондент-мүшесі Х.А. Арыстанбеков, экономика ғылымдарының докторы Р.Р. Аутов, С.Н. Карамендин, Мадиев Г.Р., Керимова Ү.К., Мизанбекова С.К., Шалгимбаева С.К. және т.б.
Кафедра оқытушылары кафедраның ғылыми жобаларында жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформа жағдайында қазіргі Қазақстанның өзекті мәселелерін қозғайтын ғылыми-қолданбалы маңызы бар экономикалық проблемаларды зерттеу және әзірлеу жұмыстарын жүргізеді. Ол келесідей жобалар: қаржыландыру көлемі 38 миллион теңгеден асатын «Астық өнімі қосалқы кешеніндегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамытудың негізі ретінде» жобасы; «Инновациялық және цифрлық технологияларды пайдалана отырып, агроөнеркәсіптік кешеннің жем-шөп өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарын тұрақты дамытудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмі» (қаржыландыру көлемі 47 миллион теңгеден астам). Жобаның жетекші ғалымдары Мадиев Г.Р., Керимова Ү.К., Мизанбекова С.К., Шалгимбаева С.К., Бейсенова Г.Ш. Осылайша, профессорлық-оқытушылық құрамның жоғары ғылыми әлеуеті қамтамасыз етілуде.
Оқу, ғылыми және тәрбие жұмысындағы жоғары жетістіктері үшін кафедра оқытушылары Білім және ғылым министрлігінің номинациясы бойынша «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегерлері атанды: Керимова У.К. (2006 г.); Сулейменов Ж.Ж. (2007); Шалгимбаева К.Б. (2008); Кайырбаева А.Е. (2008); Ертазин Х.Е. (2009); Тиреуов К.М. (2010); Нурманбекова Г.К. (2010); Мизанбекова С.К. (2011); Омаркулова М.Б. (2012); Сулейменов Ж.Ж. (2013) және басқалары.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы алыс және жақын шетелдердің жетекші университеттерімен, АҚШ, Германия, Польша, Голландия, Канада және көршілес елдердің мамандарымен, Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанның ауылшаруашылық университеттерімен тығыз байланыста. Кафедра оқытушылары АҚШ-та FEB халықаралық бағдарламасы бойынша 6 ай мерзімге тағылымдамадан өтті: 2005 жылы - Есенгазиева С.К, 2006 - Успанова МУ., 2007 – Кусаинова А.К., 2008 - Иркитбаева А.Б., 2009 - Заурбекова Ж.А. Кафедра сонымен қатар магистранттар мен докторанттар үшін шетелдік серіктес ЖОО-да оқу және тағылымдамадан өту мүмкіндігін жүзеге асырады.
Осылайша, бүгінгі таңда кафедрада жүктелген міндеттерді орындау үшін барлық қажетті әлеует бар, оның негізгі критерийлері қуатты материалдық-техникалық база, жоғары сапалы студенттік құрамды нарыққа шығаратын тәжірибелі оқытушылар құрамы болып табылады.
Саурукова Айнур Каналбаевна, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Кафедра меңгерушici