"Клиникалық пәндер" кафедрасының құрамы жоғары білікті, педагогикалық және ғылыми әлеуетке ие профессор - оқытушылардан құралған. Бүгінгі таңда кафедрада 1 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты, 4 PhD докторлары, 5 ветеринария ғылымдарының магистрі қызмет атқарады.
Кафедраның оқытушыларының көмекші құрамы 4,0 бірліктен тұрады, соның ішінде аға зертханашы 1 бірлік, 3 бірлік зертханашылар. Кафедраның 8 арнайы жабдықталған оқу аудиториясы, 2 операциялық залдары, оқу-ғылыми зертханасы, мұражайы бар. Кафедра жанында 3 студенттік ғылыми-зерттеу үйірмелері қызмет жасайды, олардың тақырыптары кафедраның ғылыми жұмыстарының тақырыптарымен байланысты. Кафедраның материалдық-техникалық жағадайы оқу үрдісін жүргізуге және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қойылған талаптарға жауап бере алады.
КАФЕДРА ТАРИХЫ
«Клиникалық пәндер» кафедрасының атауы 2024 жылының тамыз айынан бастап өзгертілді және құрамына Клиникалық ветеринариялық медицина кафедрасынан 8 пән мен 6 профессор-оқытушылар құрамы қосылды.
Жалпы кафедра тарихы 1931 жылдан басталады. Ең алғашқы кафедра атауы «Ауылшаруашылық малының көбею физиологиясы» деп аталған, меңгеруші малды қолдан ұрықтандыру әдісінің негізін қалаушы, биолог профессор Илья Иванович Иванов болды. И.И. Иванов (1932 ж) дүниеден озғаннан кейін кафедра таратылады. Жаңа кафедраның атауы «Акушерлік және малды қолдан ұрықтандыру болып бекітіліп», оны И.И. Ивановтың шәкірті ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Родионов Василий Григорьевич басқарса. 1950 жылдан бастап Қазан ветеринарлық акушерлер мектебінің түлегі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Волженин Борис Сергеевич басқарды
Ал, 1968 жылдан 1973 жылдар аралығында кафедраны Мәскеу ветеринариялық академиясының түлегі ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Козлов Василий Степанович басқарса, 1983-1989 жылдар аралығында кафедраны биология ғылымдарының кандидаты, доцент Жүкенов Дәкен Өтениязұлы басқарған.
Кафедраның түзілуіне үлкен үлес қосқан екінші кафедра «Хирургия және ветеринария негіздері кафедрасы» 1987 жылы оперативтік хирургия және ветеринария негіздері кафедрасымен жалпы және жеке хирургия кафедраларын біріктіру негізінде құрылды. Кафедраны меңгерушісі ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Г.И. Лопатниковқа жүктелді. Бұл жылдары кафедраның негізгі ғылыми жұмыстарының бағыттары ұрғашы және еркек малдарды піштіру, травматология, түрлік және ұлпалық тәндік цитотоксикалық қан сарысуларын зерттеу және оларды ауыл шаруашылық малдарының әр түрлі ауруларын емдеу және алдын алу мақсатындаболды.
1993 жылы кафедраны Санкт-Петербург ветеринарлық хирургтар мектебінің түлегі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Иманбаев Айтқали Әлмырзаұлы басқарды.
1996 жылы Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы кафедрасы Акушерлік, гинекология және көбею биотехнологиясы кафедрасы мен Хирургия және ветеринария негіздері кафедраларының біріктірілуі негізінде құрылған.
1996-2016 жылдар аралығында кафедраны ВАСХНИЛ корреспондент мүшесі, Украина ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Зверева Галина Владимировнаның (Львов ветеринарлық акушерлер мектебі) шәкірті, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Жоланов Мардан Нұрмұханбетұлы басқарды.
М.Н.Жолановтың 20-дан астам патенттер мен 20 ғылыми ұсынымның, 400-ге жуық ғылыми және әдістемелік жұмыстардың, оның ішінде мемлекеттік тілде 6 оқулық пен 10 оқу құралдарының, сонымен қатар басқа да ғалымдармен бірлесе отырып мемлекеттік жоғары білім және ветеринариялық магистратураға арналып жазылған мамандандырылған оқу құралдарының, 20-дан астам оқу жоспарлары және 30 оқу-әдістемелік нұсқаулықтардың авторы. 2 ғылым кандидаты, 20 ғылым магистрі және 3 PhD докторды дайындаған. Қазіргі уақытта 4 докторлық жұмыс бойынша ғылыми кеңесшісі болып табылады.
Мардан Нурмуханбетұлы кафедрада меңгерушілік еткен кезеңде жеті кандидат және екі докторлық диссертация жасалып, қорғалды. Сонымен қатар, кафедра ұжымында 500-ден астам ғылыми еңбектер шығарылды. Осы кісінің басшылығымен кафедрада бірегей, теңдесі жоқ 200-ден астам дымқыл (мокрый) препараттан тұратын экспонаттар жинақталған «Акушерлік мұражай» құрылды. Мұражайда ұрғашы және еркек малдардың жыныстық аппараттарының, туу патологияларының, сүт безінің, ұрықтың кемтарлықтары мен аномалиялары ауытқулары, ұрғашы және еркек жануарлардың жыныстық аппараттарының құрылымы және топографиясы, сүт бездері, буаздықты диагностикалау сынды стендтер мен акушерлік және гинекологияда қолданылатын құрал-саймандармен жабдықталған.
Кафедраны 2016-2023 жылдар аралығында Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург-Пушкин қаласында орналасқан Бүкілресейлік генетика және малдарды өсіру ғылыми зерттеу институтының түлегі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Усенбеков Есенгали Серікұлы басқарды. Е.С.Усенбеков өз шәкірттерімен бірге Қазақстан Республикасында алғаш рет гентикалық ақаулықтардың таралуын зерттеген. Есенғали Серікұлы 300-ден аса ғылыми еңбетердің, оның ішінде ғылыми мақалалар, ҚР өнертабысқа патенттері, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулықтардың авторы.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады, 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі кезеңде «Қазақстан Республикасының ҒБ» министрлігінің гранттық жобасы «Генетикалық ақауларды тасымалдауға Қазақстан Республикасының асыл тұқымды малдарының генетикалық ақаулықтарын молекулярлық-генетикалық әдістермен балау» тақырыбында іске асырылып, б.ғ.к., профессор Усенбеков Е.С. «Асыл-Тулік» АҚ және «Асыл» ЖШС-де бағылып күтілетін бұқа өндірушілері сыналды. Алғаш рет бірнеше артықшылықтары бар нақты уақыт режимінде генетикалық ақаулар, CVM, олардың классикалық диагностикалық әдісімен (ПТР-РФҰП талдау) диагностика жасалды. Зерттеу нәтижелері Испанияда, (Барселона, 2016), 11 мақала импакт-факторы бар журналдарда жарық көрсе, Қазақстан Республикасының өнертабысына 8 патент алынды. Сонымен қатар, «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасына арналып жазылған «Ветеринариядағы молекулярлық-генетикалық зерттеу әдістері» пәні бойынша 3 тілдегі оқу құралы мен оқу-әдістемелік нұсқаулықтардың авторы.
2023 жылдың ақпан айынан бастап кафедраны Махмутов Абзал Қасенұлы басқарады. Ол ветеринария ғылымдарының докторы, профессор К.К. Муралиновтың шәкірті, ветеринарлық хирургия саласында жазылған 100-ден аса еңбектің авторы, ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Кафедра штаты меңгерушіден, 1 ғылым докторы, 3 профессордан, 11 ғылым кандидаттары, 5 қауымдастырылған профессордан, 3 аға оқытушыдан, 3 ассистенттен, 5 ветеринария ғылымдарының магистрлерінен, 1 зертхана меңгерушісінен 3 зертханашыдан тұрады және кафедрада одан басқа қазіргі таңда 9 магистрант және 3 PhD докторанттары білім алады.
Кафедра үлкен оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие, білім беру, қоғамдық және кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізеді, сондай ақ ҚР шаруашылықтарына тәжірибелік көмек көрсетеді. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары емдеудің тиімді әдістерін құрастыруға, мал бедеулігімен күресуге және малдың өніп-өсу қызметін жоғарылатуға, малдың хирургиялық патологияларын анықтауға және емдеуге бағытталған. Қазіргі таңда кафедра атауы өзгеруімен қатар құрылымы да өзгерістерге ұшырады. Негізгі оқу-ғылым бағыты жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары, ветеринариялық хирургия және мал дәрігерлік акушерлік пен гинекология бағыттарында жүретін болады.
Кафедраның 8 арнайы жабдықталған оқу аудиториясы, 2 операциялық залдары, оқу-ғылыми зертханасы, мұражайы бар. Кафедра жанында 3 студенттік ғылыми-зерттеу үйірмелері қызмет жасайды, олардың тақырыптары кафедраның ғылыми жұмыстарының тақырыптарымен байланысты. Кафедраның материалдық-техникалық жағадайы оқу үрдісін жүргізуге және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қойылған талаптарға жауап бере алады.