«Фармакология және жануарлар патологиясы» кафедрасы өзіндік тарихы бар ең байырғы және университтің іргелі құрылымдардың бірі болып табылады. 2024-2025 оқу жылында бұл кафедра жақында ғана қайта құрылып, «Фармакология», «Ветеринариялық токсикология және токсикологиялық талдау», «Патологиялық анатомия», «Патологиялық физиология» секілді пәндерді бір шаңыраққа топтастырды. Кафедра өзінің қалыптасу кезеңінен бастап қазіргі уақытқа дейін еліміздің ауыл шаруашылығы саласына мыңдаған білікті ветеринария дәрігерлерін дайындауға, сонымен қатар аграрлық өндіріс пен ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді.
Ағымдағы оқу жылында кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы 12,5 штаттық бірлікті құрады, соның ішінде 1,0 бірлік кафедра меңгерушісі, 2,0 бірлік профессор, 5 бірлік қауымдастырылған профессор (доцент), 2,5 бірлік аға оқытушы, 1,0 бірлік ассистент. Қосымша қызмет атқарушылар 3,0. Штаттағы кестеге сәйкес кафедраның мамандармен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 %-ды құрайды.
Кафедраның барлық оқытушыларының базалық жоғарғы білімі ветеринария бағытындағы білікті мамандар. Кафедра штатындағы ПОҚ ғылыми дәрежесі көрсеткіші 80%-ды құрайды, ал орташа жасы 48,6 жас. Барлық оқытушылар сабақтарды мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді, ал көптілді топтарға аға оқытушы Нусупова С.Т. ағылшын тілінде өткізеді. Кафедраның жас ұстаздары Жыльгелдиева А.А, Нусупова С.Т.,Үмбетжанов Қ.Ж., Азизов Х.А. ағылшын курсына қатысуда.
Кафедраның оқытушыларының көмекші құрамы 3,0 бірліктен тұрады, соның ішінде аға зертханашы 1 бірлік, 2 бірлік зертханашылар.
Осы оқу жылында кафедрада 7 магистрант білім алуда, олардың ішінде 1 магистрант екінші, 6 магистрант бірінші курста. Барлық магистранттар ғылыми-педагогикалық бағытта (оқу мерзімі 2 жыл) білім алады.
PhD докторантурада 2 докторант білім алуда: Әбирбекқызы Ж.үшінші оқу жылында, Байбереков Н. екінші оқу жылында.
Кафедраны ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Қорабаев Ерғанат Мухамадиұлы басқарады.
«Фармакология және жануарлар патологиясы» кафедрасының қалыптасу кезеңдері
«Фармакология және жануарлар патологиясы» кафедрасы өзіндік тарихы бар ең байырғы және іргелі құрылымдардың бірі болып табылады. Бұл кафедра 2024-2025 оқу жылында қайта құрылып, «Фармакология», «Ветеринариялық токсикология және токсикологиялық талдау», «Патологиялық анатомия», «Патологиялық физиология» секілді пәндерді бір шаңыраққа топтастырды. Кафедра өзінің қалыптасу кезеңінен бастап қазіргі уақытқа дейін еліміздің ауыл шаруашылығы саласына мыңдаған білікті ветеринария дәрігерлерін дайындауға, сонымен қатар аграрлық өндіріс пен ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді.
Кафедра тарихына терең үңілетін болсақ, ең алғаш 1931ж. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын құрамында «Дербес патология және терапия жұқпалы емес аурулар клиникасымен» кафедрасы деп ашылған. Алғашқы кафедра меңгерушісі, профессор Лейбин Л.А. (1931-1937 жж.) болды, одан кейінгі жылдары кафедраға институт түлектері: ҚазКСР-на еңбек сіңірген қайраткері, ҚазКСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, в.ғ.д., профессор Клейнбок Я.И. (1937-1961 жж.), ветеринария ғылымдарының кандидаттары, доценттер Либреих Г.Я. (1961-1973 жж.), Тоқбанов Ш.Т.(1973-1983 жж.), б.ғ.к., профессор Назаров Ю.М.(1983-1993 жж.), доцент М.А.Молдағұлов (1993-2006 ж.), 2006 жылдан 2020 жылға дейін ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Н.А. Заманбеков, 2020-2023 жылдары PhD Қ.Д.Алиханов жетекшілік еткен. Қазіргі уақытта Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының 1995 жылғы түлегі, ветеринанрия ғылымдарының кандидаты, профессор Е.М. Қорабаев кафедраға жетекшілік етуде.
Әр жылдары құрылымдық өзгерістерге байланысты қазіргі кезде кафедра бұрындары өз алдарына дербес болған 4 кафедрадан тұрады: «Жануарлардың жұқпалы емес ішкі аурулары», «Клиникалық диагностика және рентгенология»; «Фармакология»; «Патологиялық физиология».
«Жануарлардың жұқпалы емес ішкі аурулары» кафедрасының құрамында әр кездері белгілі ұстаз-ғалымдар, атап айтқанда, ғылым кандидаттары, доценттер Г.Х. Габидуллин, С.М. Басов, Б.С. Щетинин И.С. Подлиннов, Ә.М. Өтенов, Ф.М. Казаева, Богуспаев А.К., М.Ч. Итенов абыройлы қызмет атқарды.
ҚазКСР ҒА Корреспондент мүшесі, профессор Я.И.Клейнбоктың жетекшілігімен ауылшаруашылық жануарларының азық қорыту және тыныстану жүйелері аурулары жан-жақты зерттелініп, оларды балау және сақтандыру әдістері ұсынылды. Эксперимент жүзінде сәулелену ауруының кейбір негіздері, малдың табиғи емес төзімділігін жоғарылату жолдары, бұзаулар мен боталардың бронхопневмониясы ауруы кезіндегі зат алмасу үрдісі зерттелінген. Кафедрада Республиканың Балқаш-Алакөл аймағында жануарлардың табиғи азықтардан улануы анықталып, улану себептері, улы өсімдіктен алколоид бөлініп алынуы, мал организміне улы заттардың тигізетін уытты әсерлері зерттелінген.
«Клиникалық диагностика рентгенологиясымен» кафедрасы 1936 жылы «Дербес патология және терапия» кафедрасы құрамынан бөлініп шыққан. Кафедраның алғашқы меңгерушісі в.ғ.д., профессор Семушкин Н.Р. (1936-1940 жж.) болған. Кейінірек кафедраны в.ғ.д., профессор Скорняков Я.М. (1940-1960 жж.), в.ғ.к., доцент Сазонов А.А. (1960-1967 жж.). ҚазКСР жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, в.ғ.д., профессор Дымко Е.Ф. (1967-1993 жж.), 1993-1996 жылдары кафедраны ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, в.ғ.к., профессор Ермаханов А.Н. басқарды. Кафедрада в.ғ.к., доценттер Бергтрин А.А., Бутов П.М., Гуляев А.И., Қыдырбаев К.М., Саломатин Н.И., Бухтияров А.И., Күлдеев А.И. сынды ұстаз-ғалымдар педагогикалық қызмет атқарған.
Осы жылдары кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы «Төлдердің тыныстану ағзалары және жануарларда зат алмасуының бұзылуын ерте балау, емдеу және сақтандыру» әдістері тақырыбы бойынша жүргізілді, малдың остеодистрофиясы мен төлдердің брохопневмониясын балау әдістері жасалынды. В.ғ.д., профессор Е.Ф. Дымконың жетекшілігімен Қазақстанның әртүрлі аймақтарында флюороз мен бронхопневмониямен ауырған малдың клиникалық, биохимиялық, рентгено-эхостеометриялық, электрокардиографиялық көрсеткіштерін анықтау тұрғысында қомақты зерттеулер жүргізілді.
«Фармакология» кафедрасы 1930 жылы ашылған. Алғашқы меңгерушісі доцент Приселков И.Д. (1930-1933 жж.) болды, одан кейін кафедраны доцент Чудин В.В. (1934-1942 жж.), профессор Бернштейн А.И.(1942-1945 жж.), доцент Абакумова Л.Ф. (1945-1969 жж.) басқарған. Кафедраның құрамында в.ғ.к., доценттер Хвалибова С.Б., Баратова С.А., Исакова В.К., Бектыбаева Ш.А., Кобдикова Н.К., Заманбеков Н.А., Айтжанов Б.Д., Қорабаев Е.М., Байниязов А.А. сынды ғалымдар қызмет атқарды. Кафедраның ғылыми жұмысы екі бағытта жүргізілді: 1.Өсімдіктерден алынған препараттардың фармакологиялық қасиетін зерттеу; 2.Химиялық зертханадада мақсатты бағытталған синтездеу жолдарымен алынған әртүрлі химиялық қосындалардың фармакодинамикасы. Қазақстан аумағында өсетін 20-дан астам дәрілік және улы өсімдіктердің фармакологиялық және токсикологиялық қасиеттерін зерттеу үшін арнайы зерттеулер жүргізілді, хризофон қышқылының туындылары синтезделінді.
Бұрынғы «Патологиялық физиология» кафедрасы 1931 ашылды. Алғашқы кафедра меңгерушісі в.ғ.д., профессор Карасев П.А. (1931-1964 жж.) болды. Фармакология кафедрасымен қосылғаннан кейін в.ғ.д., профессор Севастьянов С.И. (1969-1978 жж), профессор Прокудин А.В. (1978-1983 жж), ҚР ҒА академигі Қожебеков З.К. (1984-1986 жж), б.ғ.д., профессор Утянов Ә.М. (1986-1997 жж) басқарды. Әр жылдары кафедрада в.ғ.д., профессор Гуславский, в.ғ.к., доценттер Шахматов М.М., Бабиров С.Б., Исмагулов А.И., Вяткин А.И., Хафизова Г.К., Даурских В.К., Ишмухамедов Г.А., Шоль Н.С., Богуспаев А.К., Дарбасов Б.С. сынды ғалымдар қызмет атқарды.
Қазіргі кезде жоғарыда аталған кафедралар негізінде құрылған «Клиникалық ветеринариялық медицина» кафедрасында бүгінде 19 ұстаз-ғалым қызмет атқарады. Кафедрада біліктілігі жоғары ұстаз-ғалымдар в.ғ.д., профессор Заманбеков Н.А., в.ғ.к., профессорлар: Көбдікова Н.К., Сиябеков С.Т., Казиев Ж.И., қауымдастырылған профессорлар: Нусупова С.Т., Мухитдинова Г.Е., Баймурзаева М.С., Туғанбай А.А., Жыльгелдиева А.А., Туржигитова Ш.Б. аға оқытушылар Қамбарбеков А.Т., Айдарбеков С.Д., Азизов Қ.А., Оспанғали Д.С., Умбетжанов Қ.Ж., білім алушыларға сапалы білім беруде. Кафедрада қызмет атқаратын жас оқытушы-ұстаздар, в.ғ.м., ассистенттер Мұхаметқалиев А.Қ., Маханбетұлы Н., Даниял А. тәжірибесі мол ұстаздардан тәлім-тәрбие алып, студенттерге білім берудің негіздерін үйрену үстінде. Рентген бөлімшесінің меңгерушісі в.ғ.д., қауым. профессор Қазиев Ж.І., зертхана меңгерушісі Маркина Г.Б., зертханашылар Туребаева Н.Б., Шалхар А.Н. оқу үрдісін қажетті заттармен үздіксіз қамтамасыз етуде.
Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстары да қарқынды түрде жүргізілу үстінде. ҚР АШМ, БҒМ тараптарынан конкурстарға қатысып, гранттық, бағдарламалы-мақсатты қаржыландыру тақырыптары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқаруда. Атап айтқанда, 2014-2016 жж. кафедрада ҚХР-мен бірлескен бағдарламалы-мақсатты қаржыландыру тұрғысында «Энергетикалық (газ, мұнай) құбырларын, темір және көлік жолдарын салу құрылыстарында сібір жарасын эпизоотологиялық, эпидемиологиялық және экологиялық тұрғыдан қауіпсіздік жүйесін жетілдіру» тақырыпта халықаралық жоба орындалды (жетекші, в.ғ.д., проф. Айтжанов Б.Д.); 2015-2017 жж. кезеңінде ҚР БҒМ «Ғылыми және ғылыми-техникалық әрекет» 055 бюджеттік бағдарлама «Ғылыми зерттеуді гранттық қаржыландыру» аясында «Жануарлардың репродуктивті функциясы мен өнімділігін жоғарылатудың биотехнологиялық негіздері» тақырыбы бойынша ғылыми жоба орындалды (жетекші, б.ғ.д, профессор Утянов А.М.). Қазіргі кезде ҚР АШМ 2018-2020 жж. арналған бағдарламалы-мақсатты қаржыландыру аясында Мал шаруашылығы ҒЗИ-мен бірге «Сүт өндіретін фермалардағы тиімді жұмыстарды жасау (жануарларды ветеринариялық өңдеудің тиімді әдістері және оларды өлшеу)» тақырыбында (орындаушылар Заманбеков Н.А., Қорабаев Е.М.), «Төлдердің диспепсиясын емдеу және алдын алу мақсатында грек жаңғағынанфитопрепарат әзірлеу және фармакотерапевтік негіздеу» тақырыбында (орындаушылар Қорабаев Е.М., Жыльгелдиева А.А.) ғылыми жұмыс орындалуда
Кафедра ғылыми жұмыстарды жүргізуде алыс-жақын шет елдік ЖОО мен ғылыми орталықтарымен тікелей байланыста (АҚШ, Польша, Австрия, Чехия, ҚХР, Түркия, Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Қырғызстан). Кафедраның белді ғалымдары тәжірибе алмасу және біліктілігін жоғарылату мақсатында ұдайы тығыз қарым-қатынас орнатуда шет елдік ЖОО мен ҒЗИ-да іс-сапарларға шығып отырады. Кафедра ғалым-ұстаздары әр түрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, симпозиумдар мен форумдарға белсене қатысады. Академиялық ұтқырлық аясында да жан-жақты жұмыстар жүргізілуде.
Әр жылдарда жүргізілген зерттеу-ізденіс жұмыстарының нәтижесі бойынша кафедрада 7 докторлық (Я.И. Клейнбок, Н.Р. Семушкин, Я.М. Скорняков, Е.Ф. Дымко, Н.А. Заманбеков, Б.Д. Айтжанов, Қазиев Ж.І.), 3 PhD диссертация (М.С. Баймурзаева, А.А.Жыльгелдиева, Ш.Б.Туржигитова) және 20 –дан астам кандидаттық, 62 магистрлік диссертациялар ойдағыдай қорғалды. Кафедра қызметкерлері әртүрлі басылымдарда 600-ден астам ғылыми жұмыстар жариялады, өнертабысқа 20-дан астам инновациялық патент алынды, 3 монография, 30-дан аса өндіріске ұсыныстар енгізді.
Кафедра ұжымы оқу-әдістемік тұрғыдан да қомақты жұмыстар жүргізуде. Тұңғыш рет қазақ тілінде ҚР БҒМ грифімен «Жануарлар ішкі аурулары» (авторлары Есқожаев Ө.К., Молдағұлов М.А. ж.б.. I, II-ші том), «Фармакология» (авт. Айтжанов Б.Д., Заманбеков Н.А. ж.б.),, «Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы» (авт. Сиябеков С.Т., Заманбеков Н.А., Есқожаев Ө.К. ж.б.),, «Токсикология» (авт. Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А. ж.б.), «Ветеринариялық рентгенология» (авт. Қазиев Ж.І.) оқулықтары шығарылып, оларды Қазақстандағы ветеринария мамандығы бойынша білім алатын барлық жоғары оқу орындары мен колледж студенттері пайдаланады. Сонымен қатар кафедра оқытушы-профессорлық ұжымы 16 оқу құралын, 24 типтік оқу бағдарламалары және 70-ден астам оқу-әдістемелік нұсқауларын дайындады.
Кафедрада әр жылдары қызмет атқарған және қазіргі кезде жұмыс істеп жүрген бірқатар ұстаз-ғалымдар институттың, университеттің басқару және қоғамдық жұмыстарына белсене араласты, атап айтқанда ҚР ҒА академигі Қожабеков З.К.-институт ректоры; Назаров Ю.М.-оқу жұмыстары бойынша проректор; Дымко Е.Ф., Токбанов Ш.Т., Утянов А.М. Заманбеков Н.А.- факультет деканы; Ермаханов Ә.Н., Оспанкулов А., Кульдеев А.И., Сиябеков С.Т., Қорабаев Е.М. - факультет деканы орынбасары болып абыройлы қызмет атқарды.
Ғылыми-педагогикалық бағытта және студент жастарға тәлім-тәрбие беру жұмыстарында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгені үшін кафедраның ғалым-ұстаздары әр түрлі марапаттауларға ие болды. Профессорлар Утянов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Заманбеков Н.А.-«ЖОО Үздік оқытушысы», в.ғ.к. Молдағұлов М.А., Ермаханов Ә.Н.-«ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері», Кульдеев А.И. - Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісіне және бірқатар оқытушылар ҚР АШМ, БҒМ Құрмет грамоталарына ие болды, в.ғ.д., қауым. проф. Қазиев Ж.И. ҚР БҒМ жас ғалымдарға арналған стипендиаты атанды.
Алдағы уақытта да кафедра ұжымы еліміздің аграрлық өндірісі мен ғылымының дамуына, білікті маман-кадрлар дайындауда және студент жастарға рухани тұрғыдан тәлім-тәрбие беру ісінде лайықты үлес қосады деп үлкен сеніммен айтуға болады. Себебі, кафедрада осы іс-шаралармен тыңғылықты айналыса алатын тәжірибелі профессорлар, доценттер және белсенді жас оқытушылар жетерлік.
Қазіргі уақытта «Фармакология және жануарлар патологиясы» кафедрасын ветеринария ғылымдарынң қандидаты, профессор Е.М.Корабаев басқаруда. 2024-2025 оқу жылында кафедрада 1 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, 4 PhD докторы және 3 магистрант, 3 лаборант жұмыс істейді.
«Фармакология және жануарлар патологиясы» кафедрасының қалыптасу кезеңдері
«Фармакология және жануарлар патологиясы» кафедрасы өзіндік тарихы бар ең байырғы және іргелі құрылымдардың бірі болып табылады. Бұл кафедра 2024-2025 оқу жылында қайта құрылып, «Фармакология», «Ветеринариялық токсикология және токсикологиялық талдау», «Патологиялық анатомия», «Патологиялық физиология» секілді пәндерді бір шаңыраққа топтастырды. Кафедра өзінің қалыптасу кезеңінен бастап қазіргі уақытқа дейін еліміздің ауыл шаруашылығы саласына мыңдаған білікті ветеринария дәрігерлерін дайындауға, сонымен қатар аграрлық өндіріс пен ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Кафедра тарихына терең үңілетін болсақ, ең алғаш 1931ж. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын құрамында «Дербес патология және терапия жұқпалы емес аурулар клиникасымен» кафедрасы деп ашылған. Алғашқы кафедра меңгерушісі, профессор Лейбин Л.А. (1931-1937 жж.) болды, одан кейінгі жылдары кафедраға институт түлектері: ҚазКСР-на еңбек сіңірген қайраткері, ҚазКСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, в.ғ.д., профессор Клейнбок Я.И. (1937-1961 жж.), ветеринария ғылымдарының кандидаттары, доценттер Либреих Г.Я. (1961-1973 жж.), Тоқбанов Ш.Т.(1973-1983 жж.), б.ғ.к., профессор Назаров Ю.М.(1983-1993 жж.), доцент М.А.Молдағұлов (1993-2006 ж.), 2006 жылдан 2020 жылға дейін ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Н.А. Заманбеков, 2020-2023 жылдары PhD Қ.Д.Алиханов жетекшілік еткен. Қазіргі уақытта Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының 1995 жылғы түлегі, ветеринанрия ғылымдарының кандидаты, профессор Е.М. Қорабаев кафедраға жетекшілік етуде.