1929 жылы Алматы зооветеринарлық институтының құрамында алғашқылардың бірі болып «Микробиология, вирусология и иммунология» кафедрасы құрылды.
Базалық пәндер кафедрасы ретінде «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасы 6В09101-«Ветеринариялық медицина», 6B09102-«Ветеринариялық санитария», 6В09103- «Ветеринарлық тағам қауіпсіздігі және технологиясы», 6B09104 – «Ветеринария», 6B08102-«Топырақтану және агрохимия», 6B08104-«Өсімдік қорғау және карантин», 6B08101-«Агрономия», 6B05102-«Биотехнология», 6B08201 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 6B07207 -«Азық –түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша ауыл шаруашылығы кадрларын даярлауға үлкен үлес қосуда.
Қазіргі уақытта кафедрада 13 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 3 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты, 2 PhD, 3 ассистент. Көмекші персонал 1 аға зертханашы пен 4 зертханашыдан тұрады.
Магистратура (7М09101 – Ветеринария, 7М09102 – Ветеринариялық санитария) және докторантура (8D09101 – Ветеринария) деңгейінде мамандар дайындалады. Қазіргі таңда 8 магистрант, 9 PhD докторант білім алуда.
Кафедраның ғылыми дәрежесі 71,4%, ПОҚ орташа жасы 46,4 жас. Кафедрада Қазақстан Республикасы БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының 2 иегері бар.
Қызметкерлердің біліктілігі мен тілдік құзыреттіліктері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытуға мүмкіндік береді.
«Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасы 1929 жылы құрылды.
Кафедраның алғашқы меңгерушісі, белгілі ғалым- микробиолог және Алматы зооветеринариялық институтының бірінші ректоры, профессор Иероним Васильевич Сайкович болды.
Ол 130 дан астам ғылыми жұмыс жариялаған. Негізгі ғылыми зерттеу бағыты Асколи әдісімен сібір жарасын балауға, сібір жарасынан тері шикізатын дезинфекциялау және жылқылардың инфекциялық іш тастауымен байланысты.
1934 жылдан 1961 жылдар аралығында Қазақ Кеңес Одағы Республикасының Ғылым академиясының корреспоондент-мүшесі, профессор П.А. Буланов басқарады.
Ол жылан уының физиологиялық қасиетін зерттеп, осының негізінде уға қарсы қансарысуы мен вакцина алу әдісі дайындады. Уға қарсы қансарысуын алу әдісі ветеринариялық мемлекеттік бақылау институтымен келісімделген (Мәскеу қаласы).
Профессор Буланов П.А. пен ассистент Наурызбаев Е.Н. жыланның уын алу кезі
Ары қарай бұл жұмысты жалғастырып, препаратты жетілдірген оның аспиранты, кейін кафедра доценті болған Е.Н.Наурызбаев болды. Сондай ақ профессор П.А.Буланов ірі қара мал бруцеллезіне қарсы вакцина дайындады. Бруцеллезді алдын алуда дайындалған әлсіретілген штамм (А6-1) өндірістік жағдайда оң нәтижемен апробацияланды (П.А. Буланов, Б.А. Матвиенко, Е.Н. Наурызбаев және А.А. Мякушена).
1961 жылдан 1988 жылдары аралығында кафедраға б.ғ.д., профессор Б.А. Матвиенко жетекшілік етті. Ол жануарлар сальмонеллезіне қарсы тірі вакцина қолдану аймағында пионер болды. Көптеген жылдар бойы вакцина Қазақстанның шаруашылықтарының бірнеше бас жануарларға апробацияланды. Тәжірибеге шошқа сальмонеллезіне қарсы тірі вакцина енгізілді.
1972 жылы шошқа және қой сальмонеллезіне қарсы арнамалы дауалау құралдарын дайындағандары үшін профессор Б.А. Матвиенко мен доцент О.Ш. Байтуринаға Қазақ ССР Мемлекеттік сыйақысы берілді.
Солдан оңға қарай: - Толысбаев Б.Т., Бөкенбаева К.Т., Галенковская Е.Ф., Мякушина Н.А., Кенжебаев М.Ш., Петрова А.М., Ибраимова. Отырғандар - Наурызбаев Е.Н., Матвиенко Б.А., Иванова Г.М.
Солдан оңға қарай: тұрғандар Тулкибаев К.А., Бейсембаев О.Б., студентки, Ерешенко Н.В., Егорова Н., Арзымбетов Д.Е., Бияшев К.Б. Отырғандар: Толысбаев Б.Т., Байтурина О.Ш., Матвиенко Б.А., Бөкенбаева К.Т.
1989 жылдан 1996 жылдар аралығында кафедраны б.ғ.д., профессор Б.Т. Толысбаев басқарды. Оның жетекшілігімен уробактерияның құнды өндірістік штамдары алынып, өнеркәсіптік микроорганизмдер селекциясы мен генетикасы БҒЗИ сақталды.
Ғылыми қызметі: 240-тан астам ғылыми жұмыстардың авторы, соның ішінде монографиялар - «Уробактериялар және оларды практикада қолдану перспективалары» (1993 ж.), «Құс шаруашылығындағы уробактерия препараттары» (1994 ж.), «Ветеринариялық микробиология» оқулығы (қазақша, 1999 ж.), «Микробиология және ветеринарлық санитария практикумы» (1996 ж.), 5 препаратқа НТД және КСРО авторлық куәлігі. «Еңбектегі жетістіктері үшін» (КСРО, 1969 ж.), «КСРО өнертапқышы» (1986 ж.), «Тың жерлерді игергені үшін» (1966 ж.) және «Еңбектегі ерлігі үшін» (1986 ж.) төсбелгілерімен марапатталған. Ол 1 ғылым докторы мен 6 ғылым кандидаттарын дайындады (Бисенбаев О., Мыктыбаева Р.Ж. және басқалар).
Толысбаев пен оның шәкірті, аға оқытушы О.Б.Бисенбаевтың тиімді әзірлемелерінің қатарында құстарға биостимулятор ретінде уробактериялардың жемдік препараттарын шығару бойынша жұмыстар бар. Препарат өнеркәсіптік өндіріске және Мемагроөнеркәсіптік кәсіпорындарға жеткізуге ұсынылған.
Кафедраның дамуына профессор Г.М. Иванова мен доцент О.Ш. Байтурина үлкен үлес қосты.
Профессор Г.М. Иванова ақ тұқы және дөңмаңдай балықтардың аэромонозын алдын алуда препарат дайындады. Оның алған ацидофильді бактериялар штаммдары стрептомицин мен тетрациклинге төзімді, сонымен қатар жануарлар мен балық өнімдерін арттыратын, ет пен жемді консервілеу үшін қолданылатын бактериялардың түрлі штаммдарын алды. Барлық штаммдарға КСРО өнертабыстар комитетінің авторлық куәліктері берілді. Оның жетекшілігімен Шафик, Мұхаммед (Египет) және О. Гордиенко диссертацияларын қорғады.
Доцент О.Ш. Байтуринаның және оның шәкірттерімен (Ш.Б. Мырзабекова, Д.Е. Арзымбетов) Қазақстанда алғаш рет қой хламидиозынан іш тастауына балау қойылды. Республикада ауру эпизоотологиясы зерттелініп, инфекцияның негізгі көзі, хламидия тасымалдаушы мәселесі зерттеліп, серологиялық зерттеудің балау уақыты анықталды.
1972 жылы ғылыми жетістіктері үшін доцент О.Ш. Байтурина Қазақ КСРО Мемлекеттік премиясымен марапатталды.
Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін құруға және елге танымал Қазақ ауылшаруашылық институты және Алматы зооветеринариялық институттары негізінде университет құрылымдарын қайта құруға байланысты кафедра 1996 жылы микробиология және жұқпалы аурулар кафедрасы болып аталынды.
Жаңадан құрылған микробиология және жұқпалы аурулар кафедрасы (1997) құрамына ветеринариялық санитария клиникасымен эпизоотология, инвазиялық аурулар клиникасымен паразитология кафедрасы кірді.
1997 жылдан 2001 жылдары кафедраны паразитология саласында ірі ғалым, профессор М.С. Сабаншиев жетекшілік етті. Ол трипаносомиазды диагностикалауға және осы аурудың қоздырғыштарын зерттеуге үлкен үлес қосты.
2001 жылдан 2002 жылдар аралынында кафедраның меңгерушісі ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, в.ғ.д., профессор Т.С. Сайдулдин болды. Академик Т.С.Сайдулдин ауылшаруашылық жануарлары бруцеллезін алдын алу мен диагностикалау бойынша үлкен үлес қосты.
2002 жылы микробиология және жұқпалы аурулар кафедрасы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы болып аталынды.
2002 жылдан 2009 жылдар аралығында кафедраны в.ғ.д., профессор, «Парасат» кавалер орденінің иегері Қ.Б. Бияшев басқарды.
Профессор Бияшев Қ.Б. - ветеринария, атап айтқанда биотехнология және гендік инженерия саласында экологиялық таза, тиімділігі жоғары вакциналар мен қансарысуларын жасауға бағытталған зерттеулермен айналысады.
Ол жануарларды аса қауіпті аурулардан, сондай-ақ әлеуметтік маңыздылыққа ие, сезімтал адамдарды қорғауда Қазақстан мен ТМД бірқатар елдерінде кеңінен қолданысқа ие 40- тан астам биологиялық препараттарға нормативті-техникалық құжаттар, бақылау әдістерін, дайындау технологиясын дайындап, енгізді. «2008 жылдың Үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының иегері. Көптеген жылдар бойы «Ветеринария» мамандықтары бойынша диссертациялық Кеңесінің төрағасы болды.
2009 жылы «Микробиология, вирусология және иммунология», «Паразитология, патанатомия» және «Эпизоотология және ветеринария ісін ұйымдастыру» үш кафедраның негізінде пилоттық кафедра «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы құрылды. Кафедраның меңгерушісі б.ғ.д., профессор Төлемісова Ж.К. болды.
Оның есімі «Алматының 100 белгілі әйелі» каталогына енгізілген. «2006жылдың Үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының иегері, «Агроинновация» АҚ диссертациялық кеңес мүшесі болған. Ол “Ацидофилин В-143”, “Торулакт» (жаңа туған жас төлдер мен құстар, балық аэромонозын алдын алуда) препаратына 4 НТҚ дайындап, бекітті.
2017 жылы «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы «Микробиология, вирусология және иммунология» және «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы болып бөлінді. Кафедраны б.ғ.д., профессор Г.К.Жанабекова басқарды.
Жанабекова Г.К. жануарлар организмінің бейарнамалы резистенттілігі және жануарлар ауруларын балау, емдеу және диагностикалау әдістерін дайындаумен айналысады.
Жанабекова Г.К. 2013-2017 және 2021-2023 жылдар аралығында Ветеринария факультетінің деканы болған. АЗВИ, кейіннен ҚазҰАУ тарихындағы ветеринария факультетінің алғашқы әйел деканы. 2014 жылы факультеттің екі білім беру бағдарламасы «Ветеринариялық медицина» және «Ветеринариялық санитария» білім берудің екі деңгейі бойынша: специалитет (маман) және магистратура бойынша бес жылдық халықаралық аккредитациядан (2015-2020 жж.) сәтті өтті. Сондай-ақ көптеген атаулы шаралар өткізілді.
2018 жылдан кафедраны ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Киркимбаева Ж.С. басқарды.
Профессор Киркимбаева Ж.С. жануарларды аса қауіпті аурулардан (лептоспироз, пастереллез), сондай-ақ әлеуметтік маңыздылыққа ие, сезімтал адамдарды қорғауда Қазақстан мен ТМД бірқатар елдерінде кеңінен қолданысқа ие 10 -нан астам биологиялық препараттарға нормативті-техникалық құжаттар, бақылау әдістерін, дайындау технологиясын дайындап, енгізді.
Ол «2009 жылдың Үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының иегері, «Ветеринария» мамандықтары бойынша көптеген жылдар диссертациялық Кеңестің ғалым хатшысы және Кеңестің төраға орынбасары болды. 2019-2021 жылдар аралығында Ветеринария факультетінің деканы болып қызмет атқарды.
2021 жылдан бері кафедра меңгерушісі в.ғ.д., профессор Киркимбаева Жумагуль Слямбекқызы.