ㅤㅤ«Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасы «Инженерлік технологиялар» факультетінің «Аграрлық техника және технология» кафедрасы мен «Механика және ауылшаруашылық техникасын құрылымдау» кафедрасын біріктіру нәтижесінде құрылды. Кафедраны қазіргі таңда PhD, қауымдастырылған профессор А.К.Ниязбаев басқарады.
ㅤㅤБүгінгі күні кафедраның қызметі агроөнеркәсіптік кешен үшін жоғары білікті мамандар даярлау сапасын арттыруға бағытталған, оның басты бағыты практикаға бағытталған мамандардар даярлайды.
ㅤㅤҚазіргі кезде «Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасында 22 оқытушы, соның ішінде 2 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, 2 PhD доктор және 4 ғылым магистрі жұмыс істейді.
ㅤㅤКафедра бакалавриаттың 6В07103 – «Машина жасау», 6В08701 – «Аграрлық техника және технология», 6В08703 – «Агроөнеркәсіптік кешеніндегі цифрлық технологиялар, 6В11201 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламаларына, магистратураның 7М07103 – «Машина жасау», 7В08701 – «Аграрлық техника және технология», 7М11201 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламаларына, докторантураның 8D08701 – «Аграрлық техника және технология» білім беру бағдарламасына жетекшілік етеді.
ㅤㅤКафедраның өндірісте екі филиалы бар – «Агроинженерия ҒӨО» ЖШС, екіншісі – «Завод Агротех» ЖШС, онда сабақтарды өткізу кезінде заманауи технологиялық жабдықтар пайдаланылады.
ㅤㅤ2017 жылы университет базасында Қазақстан-Беларусь агроинженерлік-инновациялық орталығы (КБАИО) ашылды. Орталық жабдықтарының көп бөлігі бірнеше данада алынды, өйткені көрме экспонаттарынан басқа, кейбір құрал-жабдықтар оқу процесінде, ал кейбіреулері студенттердің практикалық сабақтарында егістік және егін жинау жұмыстарында қолданылады. 2019-2020 оқу жылында КБАИО инвестициялық жобасын іске асыру нәтижесінде 75 жабдық алынды.
ㅤㅤСтуденттер теориялық және практикалық курстарды жетік игеруі, курстық және дипломдық жобалауды жүргізуі үшін кафедрада барлық пәндер бойынша заманауи оқу-әдістемелік құралдар, электрондық оқулықтар, бейнедыбыстық оқыту-бақылау бағдарламалары жасалған. Кафедра ұжымы студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеңінен тартудағы қомақты жұмыстарды ұдайы жүргізіп келеді. Практика ғылыми жұмыстармен айналысатын студенттердің дипломдық жобалары жоғары деңгейде қорғалатынын көрсетті. Кафедра оқытушылары бірегей электрондық бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдары, бейнедәрістер және өнертабыс патенттерінің авторлары. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру жобаларының, жас ғалымдардың жобаларын гранттық қаржыландыру ғылыми конкурстарына белсенді қатысады.
ㅤㅤ«Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасында оқу сабақтарын, студенттердің, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи компьютерлік жабдықпен, зертханалық қондырғылармен, «ЕМАКЕТ» виртуалды зертханалық жұмыстармен және Kompas, AutoCAD, APM WinMachine, Inventor, Solid Works бағдарламаларымен жарақталған инновациялық атаулы зертханалар ашылды.
ㅤㅤПрофессор А. Инкарбеков атындағы «Теориялық механика» зертханасында білім алушылар материалдық нүкте мен қатты дененің статикасын, кинематикаы мен динамикасын зерделейді; тыныштықтағы үйкеліс күштерін, механизм звеноларының инерция моментін анықтау; сырықтың орнықтылығын, еркін тербелістерді зерттеу бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізеді; жазық механизмдердің қозғалысын динамикалық сипаттайды.
ㅤㅤПрофессор Б. Дүйсенов атындағы «Механика және технологиялық процестерді модельдеу» зертханасында білім алушылар механизмдер мен машиналарды, тісті доңғалақтарды кесу әдістерін, машина жасаудағы технологиялық процестерді зерделейді; механизмдерді, тісті доңғалақтарды кесу әдістерін зерттеу бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізеді; машина жасаудағы технологиялық процестерді модельдейді және жобалайды.
ㅤㅤПрофессор Ө. Құрманғалиев атындағы «Машина бөлшектері және АЖЖ» зертханасында білім алушылар машина бөлшектері мен механизмдерді, машина жасаудағы конструкциялар мен тораптардың элементтерін, көтергіш-тасымалдауыш машиналарды, машина жасаудағы технологиялық процестерді зерделейді; машиналардың энергетикалық және кинематикалық параметрлерін; механизмдер мен машиналардың динамикалық сипаттамаларын зерттеу бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізеді; механизмдерді, машина тораптары мен бөлшектерін, машина жасаудағы технологиялық процестерді, машинажасау кәсіпорнының учаскелері мен цехтарын модельдейді және жобалайды.
ㅤㅤПрофессор Ш. Нұртаев атындағы «Агроөнеркәсіптік кешендегі инженерлік жобалау» зертханасында мал шаруашылығындағы технологиялық машиналар мен жабдықтар зерделенеді; агроөнеркәсіптік кешендегі технологиялық процестерді автоматты жобалау қарастырылады; агроөнеркәсіптік кәсіпорындар, мал шаруашылығы фермалары, жемшөп цехтары модельденеді және жобаланады. Сонымен бірге агроөнеркәсіптік кешенде цифрлық технологияларды қолдану негізінде дәл егіншілік және мал фермаларындағы роботталған кешендерді пайдалану мәселелері шешіледі.
ㅤㅤ«Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасы жыл сайын шетелдік мемлекеттердің (Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Венгрия, Малайзия, Болгария, Польша) ЖОО және ғылыми мекемелерімен халықаралық байланысын нығайтып келеді. Халықаралық ғылыми байланыстар докторанттарға бірлесе жетекшілік ету, ғылыми ақпарат алмасу, монографиялар мен оқулықтарды шетелдік ғалымдармен бірге жариялау, ғылыми конференцияларға қатысу, басқа елдердің жетекші ғалымдарымен кездесу түріндегі формамен айқындалады.
ㅤㅤКафедраның профессор-оқытушылар құрамы мектеп және колледж түлектерін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне оқуға қамту мақсатында түсіндірмелік және кәсіби бағдар жұмыстарын кең ауқымда жүргізіп келеді.
ㅤㅤ«Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасы «Инженерлік технологиялар» факультетінің «Аграрлық техника және технология» мен «Механика және ауылшаруашылық техникасын құрылымдау» кафедраларын біріктіру негізінде құрылды.
ㅤㅤ«Механика және ауылшаруашылық техникасын құрылымдау» кафедрасы «Машина жөндеу», «Металдар технологиясы», «Теориялық және қолданбалы механика», «Машина жасау және жөндеу өндірістері» кафедраларын қайта құрылымдау негізінде ұйымдастырылды.
ㅤㅤ«Жөндеу ісі» кафедрасы ауылшаруашылық институтының құрамында 1930 жылдың соңында ұйымдастырылды. Кафедраның өсіп-дамуына доцент А.О.Проскуряков көп үлес қосты. 1940 жылы Тимирязев ауылшаруашылық академиясын бітірген соң, А.О.Проскуряков КСРО Үкіметінің шешімімен Алматы қаласына, сол кезде «Машина жөндеу» деп аталатын кафедраның меңгерушісі қызметіне жолдамамен жіберілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында кафедра ұжымы оқу процесімен қамтамасыз етумен қатар майданға жәрдем көрсетуге белсенді қатысты. Оқытушылар және студенттер күшімен автомобиль мен трактор жөндеу, тозған бөлшектерді жаңарту, қол гранатасының корпустарын жасау цехтары ұйымдастырылды.
ㅤㅤ1940 жылдан кафедра оқу процесімен қатар тәжірибелік-оқыту-өндірістік шеберхана арқылы өндірістік жұмыспен белсенді шұғылданды. 1950 жылы кафедрада аспирантура ашылды. Аспирантура базасында машиналар мен агрегаттардың жобалық геометриясын бақылау әдістері және қалпына келтіру тәсілдерін жасау, ақаулар мен тозуларды зерттеу жөніндегі ғылыми мектеп қалыптасты. Осы ғылыми бағытта кафедраның 8 оқытушысы кандидаттық диссертация қорғады.
ㅤㅤ«Машина жөндеу» кафедрасына әр жылдары доценттер В.С.Стерлев, В.М.Лившиц, Э.Р.Османов, В.М.Кубаев, А.Б.Бисекенов жетекшілік етті.
ㅤㅤ«Металдар технологиясы» кафедрасы Қазақ ауылшаруашылық институтында 1937 жылы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі С.А.Кердод болды, бұдан кейінгі мерзімде кафедраға аға оқытушы Г.В. Кузнецов, доцент Г.Н. Нысанбаев, техника ғылымдарының докторы, профессор Г.А.Деграф жетекшілік етті. 1968 жылы ашылған «Машина жөндеу технологиясы және ұйымдастыру» факультетіне негізгі базалық кафедралар болып «Машина жөндеу» және «Металдар технологиясы» кафедралары кірді. «Металдар технологиясы» кафедрасында 16 оқытушы және 8 оқыту-көмекші жұмыскерлер қызмет атқарды. Кафедра барлық курстарға сабақ жүргізді, оқу-өндірістік практикаларға, курстық пен дипломдық жобаларға жетекшілік етті.
ㅤㅤ1981 ж. «Металдар технологиясы» кафедрасы «Машина жасау технологиясы» және «Материалтану» кафедраларына бөлініп, 1987 жылға дейін оқу процесін табысты жүргізді, сосын қайта біріктіріліп, «Конструкциялық материалдар технологиясы және материалтану» кафедрасы құрылды. Машина жасау және жөндеудің алдыңғы қатарлы озық кәсіпорындары – Түрген, Үштөбе, Сарыағаш машина жөндеу зауыттары, Алтай, Волгоград, Павлодар трактор зауыттары, Барнаул мотор зауыты, Одесса ауылшаруашылық машиналарын жасау зауыты, Мәскеу автомобиль зауыты Қазақ АШИ-і студенттерінің практикадан өтуінің тұрақты орындары болды.
ㅤㅤУниверситет құрылымын оңтайландыру мақсатында «Машина жөндеу» және «Конструкциялық материалдар технологиясы және материалтану» кафедралары 1999 жылы біріктіріліп, «Машина жасау және жөндеу өндірістері» кафедрасы құрылды. 2007 жылдың қыркүйек айында осы аталған кафедраға «Теориялық және қолданбалы механика» кафедрасы қосылды. 2011 жылдың тамызындағы қайта құрылымдаудан соң кафедра «Механика және ауылшаруашылық техникасын құрылымдау» деп аталды. 2006 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың қазанына дейін кафедраны т.ғ.к., профессор Б.Жүнісбаев, 2014 жылдың қазанынан 2015 жылдың ақпанына дейін т.ғ.к., профессор И.Жанашев, 2015 жылдың ақпанынан 2019 жылдың қазанына дейін т.ғ.к., профессор М.С.Тойлыбаев, 2019 жылдың қазан айынан 2023 жылдың қыркүйек айына дейін т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ж.М.Макатова, 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың қазанына дейін т.ғ.к., қауымдастырылған Ж.Б.Жумагулов басқарды. Қазіргі кезде кафедраға PhD, қауымдастырылған профессор А.К.Ниязбаев жетекшілік етеді.
ㅤㅤ«Аграрлық техника және технология» кафедрасының тарихы 1931 жылдан басталады. «Ауыл шаруашылығы машиналары» (кафедра меңгерушісі Сахаров И.В.) кафедрасы инженерлік циклдағы ұйымдастырылған бастапқы екі арнайы кафедраның бірі.
ㅤㅤ1962 жылы «Мал шаруашылығын механикаландыру» кафедрасы «Ауыл шаруашылығы машиналары» кафедрасынан бөлініп шығып, бірінші кафедра меңгерушісі және негізін қалаушы ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетінің түлегі (1952), техника ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қаз ССР жоғары мектебіне еңбегі сіңген қайраткер» атағының иегері Рыбаков Михаил Иванович сайланды.
ㅤㅤ1968 жылы кафедра мал шаруашылығында өндіріс процестерін механикаландыру кадрларын дайындау мақсатында Ленинград ауылшаруашылық институтының аспирантурасына ассистент Ш.Н. Нұртаев жіберіліп, профессор С.В. Мельников жетекшілігімен аспирантураны тамамдаған соң, диссертацияны табысты қорғады. 1965 жылдан бастап кафедрада профессор М.И.Рыбаков жетекшілігімен ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетінің түлектері, инженер-механиктер Веселый В.А., Шреер А.А., Бекенев А.И. аспирантурада оқиды.
ㅤㅤКөп жылдар бойында университеттегі 05.20.01 кандидаттық диссертация қорғау мамандандырылған кеңесі құрамында профессор Рыбаков М.И. кеңестің ғылыми хатшысы және Нұртаев Ш.Н. кеңес мүшесі қызметтерін атқарды.
ㅤㅤКафедрада профессор Нұртаев Ш.Н. оқу-ғылыми және тәрбие жұмыстары үшін «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен (1999 ж.), «Еңбек ардагері» (2010 ж.), «Айрықша еңбегі үшін» (2011 ж.) және бірнеше Құрмет грамоталарымен марапатталған. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2010» грантының иегері.
ㅤㅤ1988 жылы кафедра доценті Бекенев А.И. «Казақстан Республики білім беру ісінің үздігі» құрмет белгісімен және бірнеше рет Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің мақтау қағаздарымен марапатталған. Гасанов Х.М. 2005 жылы ҚР БҒМ-нің «Ы.Алтынсарин» белгісімен марапатталған.
ㅤㅤКафедра 2004 жылы «Ауыл шаруашылығы машиналары» және «Орманшаруашылық жұмыстарын механикаландыру» пәндері қосылғаннан кейін «Ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары» атына өзгертіліп, 2006 жылы жаңадан «Технологиялық машиналар және жабдықтар» атына ие болды.
ㅤㅤ2017 жылы университет базасында Қазақстан-Беларусь агроинженерлік-инновациялық орталығы ашылды. Орталық жабдықтарының көп бөлігі бірнеше данада алынды, өйткені көрме экспонаттарынан басқа, кейбір құрал-жабдықтар оқу процесінде, ал кейбіреулері студенттердің практикалық сабақтарында егістік және егін жинау жұмыстарында қолданылады. 2018-2019 оқу жылының басынан бастап мамандықтың білім беру бағдарламасы үш оқыту жолын қамти отырып қайта қаралды: техносфера қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар кезіндегі қорғау және инженерлік қоршаған ортаны қорғау.
ㅤㅤ2019-2020 оқу жылында КБАИО инвестициялық жобасын іске асыру нәтижесінде 75 жабдық алынды. Бүгінгі күні кафедраның қызметі агроөнеркәсіптік кешен үшін жоғары білікті мамандар даярлау сапасын арттыруға бағытталған, оның басты бағыты практикаға бағытталған мамандар даярлау.