Кафедра «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасының6 6В082-, 7М082-, және 8D082- «мал шаруашылығы» мамандығы бойынша үш деңгейде (6В08201-бакалавр, 7М08201-магистр және 8D08201 - докторант) мамандар даярлауды жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта кафедрада 14 оқытушы жұмыс істейді: 5 (соның ішінде бес ауыл шаруашылығы ғылым докторы, 1 (бір) ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі және 1 (бір) ҚР ҰҒА академигі Т.С. Садықұлов, 7 ауыл шаруашылығы ғылым кандидаты, 1 (бір) PhD докторы және 1 (бір ) ауыл шаруашылығы магистрі. Кафедраның ғылыми дәрежелігі бойынша 93% құрайды.
Кафедра қызметкерлері Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында және одан тыс жерлерде біліктілігін арттыруға мүмкіндіктері бар. Соңғы жылдары оқытушылар Шетелдік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтті: айталық профессор Омбаев А.М. ВНИИЖ (Ресей, Мәскеу облысы), профессор Нұрғазы Қ.Ш. Түркия ғылыми-зерттеу институты (Измир), (Германия, Грайсвальд қ.) университеті, қауымдастырылған профессор Кулманова Г. А. НИИЖ (Сербия, Белград қ.)
Кафедра қызметкерлері Web of Science және Scopus дерекқорына кіретін, ҚКЖО-да және басылымдарда ұсынылған басылымдарда ғылыми еңбектерін белсенді жариялауда. Scopus (ширек 1/4), Web of Science базаларына кіретін басылымдардағы жарияланымдар саны - 16.
Кафедраның міндеттерінің бірі жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламасын әзірлеу болып табылады, оны іске асыру халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігін кеңейтуге бағытталған. Ауылшаруашылық мамандықтары студенттерінің ұтқырлығы үлкен маңызға ие және көптеген елдердің саяси басымдығы болып табылады. Дәл осы студенттер болашақта жаңа ұрпақты оқытады және өз жұмысында пайдалы халықаралық тәжірибені пайдаланады.
Академиялық ұтқырлықты іске асыру ел ішінде жүзеге асырылады: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті. (Астана қ.), Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті. (Орал қ.).
«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» ББ бойынша дәріс оқуға алыс және жақын шетелден ғалымдар тартылды: айталық ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Варшава-Мазур университетінің қауымдастырылған профессоры Ян Мичинский-(Польша); ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Юлдашбаев Ю. А. - Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің зоотехния және биология факультетінің деканы - АШМ. К.А. Тимирязева (Ресей. Мәскеу); ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Н. Бобокулов Н. А. - Өзбек қаракөл шаруашылығы және жайылым экологиясы ҒЗИ директоры А/ш ғылымдарының докторы; Шобель Пол, PhD-докторант, «Аргар продукция унд консалтинг ГмБХ» компаниясының өкілі Австрия; Моңғұм Саяна-РФ Тува мемлекеттік университетінің «ПиПСХИ технологиясы» кафедрасының доценті; Т.Ж. Чортанбаев - Қырғыз ұлттық аграрлық университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры. К.И. Кррябина, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы профессор; Читнян Т.Ж. - Армения ұлттық аграрлық университетінің Мал шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы профессор; Двалитвили В.Г. - Л.К. Эрнст атындағы бүкіл ресейлік мал шаруашылығы ҒЗИ федералды мал шаруашылығын зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор; Горелик О.В. - Ресей Федерациясының Орал ГАУ «Биотехнология және тамақ өнімдері» кафедрасының профессоры.
Аталған проблемаларды еңсеру дуалды жүйе бойынша білім беру процесін ұйымдастыру мүмкіндігінде көрінеді. Дуальды оқыту тәжірибеге бағытталған және білім беру процесін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың бір түрі болып табылады.
Кафедра тарихы 1930 жылдан бастау алған. Доцент Л.И.Крупенниковтың жетекшілігімен «Жалпы және дербес зоотехния» кафедрасы құрылған болатын. Одан, 1993 жылы «Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру» кафедрасы болып жеке кафедра ретінде бөлініп шықты. Кейиннен, кафедра «Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және генетика» деп, в 1996 г. жылы «Асыл шаруашылығы малдарының селекции жәнебиотехнология» деп қайта өзгертілді.
Бұл кеддері кафедраны М.К. Лютиков (1933 ж.), В.В. Нагорный (1933-1937 жж.), Т.Б. Бөкенбаев (1937-1963 жж.), М.Ә. Әлетов (1963-1976 жж.), А.Б. Байжұманов (1976-1986 жж.), С.Ш. Мырзабеков (1986 ж.) және Т.С. Садықұловтар (1986-2011 жж.) басқарды. Жоғарыда аталған кафедрадан бөлініп шыққан «Генетика және биотехнология» кафедрасын профессор С.Ш. Мырзабеков (1987-1991 жж.) пен доцент Б.К. Бегимқұлов басқарған болатын. 1994 жылы осы екі кафедра «Ауыл шаруашылығы малдарының отборы және биотехнология» кафедрасы болып қайтадан біріктірілді. Уақыт талабына сәйкес, 1958 жылы «Жалпы және дербес мал шаруашылығы» кафедрасынан «Қой шаруашылығы» кафедрасы жеке бөлініп шықты. Аталған бұл кафедраларды В.А. Бальмонт, М.А. Ермеков, Г.Н. Кыдырниязов, А.М. Смирнова, Л.И. Цой, Ю.А. Скоробогатовтар басқарған болатын.1952 жылы «Ірі қара мал шаруашылығы» кафедрасы құрылып, они Е.В. Эйдригевич, Т.Ф. Тавилдарова, А.Г. Панасенко, Б.Б. Искакбаев, В.А. Соколов, Ж.К. Каримовтар басқарды.
1950 жылы «Ұсақ мал шаруашылығы» кафедрасы құрылып, они П.Н. Крупенников басқарды. 1952 жылы «Жылқы және түйе шаруашылығы» кафедрасы құрылып, они П.А. Федотов және К.И. Дүйсембаев басқарды. 1960 жылы «Мал шаруашылығы өнімдерінің технологии» кафедрасы құрылып, они З.С. Сеитов, К.Е. …дигенов, О.Ж. Мустафин, Ж.К. Каримов, А.К. Мустафиндер басқарды.
1968 жылы «Құс және шошқа шаруашылығы» кафедрасы құрылып, они Р.А. Абдрахманова, П.М. Асанов, А.Б. Таңатаровтар башылық жасады. 1962 жылы «Қаракөл шаруашылығы» кафедрасы құрылып, бұл кафедраны А.М. Мырзагалиев, М.Д. Тавитов, М.М. Бетембаевалар басқарды. 2000 жылы уақыт талабына сәйкес, жоғарыда аталған кафедралар біріктіріліп «Ұсақ және ірі қара мал шаруашылығы» кафедрасы құрылды, бұл кафедраны Ш.Д.Даленов басқарды.
2001 жылы бұл кафедраны ҚР ҰҒА академигі, ауыл шаруашылығының доктора, профессор М.М. Тойшыбеков басқарды. Кейиннен, кафедраның атауы «Дербес зоотехния және асылдандыру ісі» деп өзгертілді.
Бұл кафедраны 2006-2007 гг. жылдар аралығында Б.М. Махатов, ал 2007-2008 жылдар аралығында А.Б. Таңатаров уақытша басқарды.
2008 жылы, «Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және биотехнология» және «Дербес мал шаруашылығы және асылдандыру ісі» кафедралары біріктіріп «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру» технологии» кафедрасы аталды. Кафедраның меңгерушісі қызметін профессор Т.С. Садықұлов атқарды. 2010 жылы «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығының қосылуына байланысты, кафедраның атауы «Мал шаруашылығы және балық өнімдерін өндіру технологии» деп өзгертилді. Аталған кафедраны 2011жылдан бастап профессор Б.М. Махатов басқарды. Ал, 2017 жылдың наурыз айынан бастап кафедраны ауыл шаруашылығы ғылымдарының доктора, профессор Ә.Ә. Сәмбетбаев басқарып келеді. 2017 жылдың құркүйегінен бастап 5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығының басқа кафедраға ауысуына байланысты кафедраның аты «Мал» шаруашылығы өнімдерін өндіру технологии» кафедрасы болып өзгертілді.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологии» кафедрасын Ауыл шаруашылығы ғылымдарының доктора, ҰҒА корреспондент мүшесі, профессор, Ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Омбаев Әбдирахман Молданазарұлы басқарды .
2020 жылдың 4 қарашасынан бастап кафедра жетекшілігін ауыл шаруашылығы ғылымдарының доқтары, профессор Адылканова Шолпан Рахимбековна басқарды.
2021 жылдың 7 қарашасынан бастап кафедра жетекшілігін ауыл шаруашылығы ғылымдарының доқтары, профессор Исламов Есенбай Исырайылұлы басқарды.
2023 жылдың 13 ақпанынан бастап кафедра жетекшілігін ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Шайкамал Гулшат Иманжанқызы басқарды.
2023 жылдың 28 маусымнан бастап кафедра жетекшілігін ауыл шаруашылығы ғылымдарының доктора, профессор Адылканова Шолпан Рахимбековна басқарып келеді.