2016 жылдан "Азық түлік өнімдерінің технологиясы және тағам қауіпсіздігі" кафедрасы мен "Тағам инженериясы" кафедрасының бірігуі нәтижесінде «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» атты жаңа дербес кафедра құрылды. Кафедраны қазіргі таңда б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Л.А. Мамаева басқарып келеді.
Кафедрада үш білім беру деңгейінде: «Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша)», «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша)», «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» «Тағам қауіпсіздігі» білім беру бағдарламалары арқылы мамандар дайындалады. Барлық білім беру деңгейінің мемлекеттік лицензиялары бар. Студенттердің білім өрісін кеңейтуде интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптарда жұмыс жасайды. Мұнда студенттер мен магистранттар өзіндік жұмыстарын орындап, әлемдік ғылыми жаңалықтармен танысады. Кафедрада сонымен бірге кітап қоры жабдықталған оқу бөлмесі бар.
Кафедраны дамытудың заманауи стратегиялық жоспары және миссиясы университеттің – халықтың сандық және сапалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кең ауқымды бәсекеге қабілетті отандық тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету жоспарына сәйкес келеді.
Кафедрада 19 оқытушы, оның ішінде 3 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты және 2 PhD доктор бар.
Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми-ізденістік жұмыстарын жүргізуі үшін, сонымен қатар, кафедрада оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін, арнаулы құралдар-жабдықтармен жабдықталған мамандандырылған зертханалар бар: «Халықаралық қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» ғылыми-зерттеу орталығы (проф. А.Оспанов).
Мамаева Лаура Асильбековна, Биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Кафедра менгерушiciКафедра тарихы мал шаруашылығының кең қанат жайып, дамуына және бұл пәнді тереңірек оқыту қажеттігіне орай 1953 жылы кафедра ұйымдастырылды да, оның тұңғыш меңгерушісі доцент Е.Е. Волченко болды. Бұл кезеңде қаракөл қой сүтінің химиялық құрамы мен қасиеті зерттеледі.
1954 жылы кафедраның ассистенті болып З.С. Сейітов қабылданды. Ал 1960 жылдан бастап ол кафедраның меңгерушісі болды.
1973 жылдан 1983 жылға дейін кафедраны доцент У.Ж. Мустафин басқарды. Бұл жылдары кафедра жаңа жабдықтармен жабдықталды.
1984 жылдан бастап кафедраға доцент Ж.К. Кәрімов меңгерушілік етті.
1998 жылы «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, қайта өңдеу және стандарттау» кафедрасы құрылып, меңгерушісі болып А.К. Смагулов тағайындалды.
2001 жылы «Ауыл шаруашылық өнімдерін стандарттау және сапа» атты кафедра болып құрылды. Кафедраның қалыптасуы мен дамуына Смағұлов А.Қ., Баракбаев Б.Б., Альжанова А.С., Жомартов М.Т., Бупебаева Л.К., Исаева Г.С. және т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. Кафедраның меңгерушісі Смағұлов Ағыбай Құсманұлы болған.
2010 жылы «Тамақ өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» және «Стандарттау және сертификаттау» мамандықтары ерекше маңызға ие болып, университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және азық-түлік қауіпсіздігі» бағыты бойынша кафедраны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Кафеданың меңгерушісі болып профессор Ә.Ә. Оспанов тағайындалды. Ол «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» бағыты бойынша ғылыми мектебі бар белгілі ғалым. 2012-2014 жж. профессор Оспанов Ә.Ә. ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруы бойынша екі жобаның жетекшісі болды. Осы жобалардың нәтижелері оған ҚазҰАУ-де алғаш рет үш зертханадан тұратын (1 - астық және астық өнімдерінің технологиясы мен сапасы; 2 - нан және нан-тоқаш өнімдерін пісіру технологиясы және 3 - тамақ өнімдерін экструзиялау технологиясы) «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» атты оқу ғылыми-өндірістік Орталығын құруға мүмкіндік берді.
2011 жылы магистратураның ашылуы және оқу үрдісі аумағының кеңеюіне байланысты кафедра «Биотехнология және азық-түлік қауіпсіздігі» деп аталып, кафедраның жаңа меңгерушісі болып профессор А. Серікбаева тағайындалды. Профессор А. Серікбаеваның ғылыми бағыты – «Биотехнология, ауыл шаруашылығы жануарларының сүт және ет сапасы мен қауіпсіздігі». Оның басшылығымен түйе сүтіне негізделген пробиотикалық өнімдерді өндірудің биотехнологиясы әзірленіп, ол «Даулет-Бекет» ЖШС және «Ермаханов» ЖК өндірісіне енгізілді.
2016 жылдан "Азық түлік өнімдерінің технологиясы және тағам қауіпсіздігі" кафедрасы мен "Тағам инженериясы" кафедрасының бірігуі нәтижесінде «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» атты жаңа дербес кафедра құрылды. Кафедраны қазіргі таңда б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Л.А. Мамаева басқарып келеді.
Кафедрада үш білім беру деңгейінде: «Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша)», «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша)», «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Тағам қауіпсіздігі» білім беру бағдарламалары арқылы мамандар дайындалады. Барлық білім беру деңгейінің мемлекеттік лицензиялары бар. Студенттердің білім өрісін кеңейтуде интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптарда жұмыс жасайды. Мұнда студенттер мен магистранттар өзіндік жұмыстарын орындап, әлемдік ғылыми жаңалықтармен танысады. Кафедрада сонымен бірге кітап қоры жабдықталған оқу бөлмесі бар.
Кафедраны дамытудың заманауи стратегиялық жоспары және миссиясы университеттің – халықтың сандық және сапалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кең ауқымды бәсекеге қабілетті отандық тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету жоспарына сәйкес келеді.
Кафедрада 19 оқытушы, оның ішінде 3 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, 2 PhD доктор бар.
Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми-ізденістік жұмыстарын жүргізуі үшін, сонымен қатар, кафедрада оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін, арнаулы құралдар-жабдықтармен жабдықталған мамандандырылған зертханалар бар: «Халықаралық қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» ғылыми-зерттеу орталығы (проф. А.Оспанов).
Жыл сайын кафедраның жеке жоғары оқу орындарымен және шетел мемлекеттерінің ғылыми мекемелерімен халықаралық байланыстары нығайып келеді: Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Франция, Малайзия, Финляндия, Болгария, Италия, Словакия, Румыния және т.б. елдермен ғылыми байланыстар даму үстінде. Халықаралық ғылыми байланыстар әртүрлі формада, соның ішінде ғылыми әдебиеттермен алмасу, шетел ғалымдарымен бірлесіп дайындалған монографиялар мен оқулықтар шығару, ғылыми конференцияларға қатысу, басқа елдердің ірі ғалымдарымен кездесулер ұйымдастыруда көрініс табуда.
№ |
ПОҚ ТАӘ |
Ғылыми дәрежесі |
Ғылыми / академиялық атағы |
Лауазымы |
Фото |
1 |
биология ғылымдарының кандидаты |
ассоциирован-ный профессор (доцент) |
кафедра меңгерушісі, профессор |
|
|
2 |
техника ғылымдарының докторы |
доцент |
қауым. профессор |
|
|
3 |
техника ғылымдарының докторы |
профессор |
профессор |
|
|
4 |
Каймбаева Лейла Аман-гельдиновна |
техника ғылымдарының докторы |
доцент
|
қауым. профессор |
|
5 |
техника ғылымдарының кандидаты |
доцент |
профессор |
|
|
6 |
техника ғылымдарының кандидаты |
|
қауым. профессор |
|
|
7 |
а/ш ғылымдарының кандидаты |
|
қауым. профессор |
|
|
8 |
Жамурова Венера Серикбаевна |
а/ш ғылымдарының кандидаты |
|
қауым. профессор |
|
9 |
Искакова Жанат Абдуллаевна |
а/ш ғылымдарының кандидаты |
|
қауым. профессор |
|
10 |
биология ғылымдарының кандидаты |
|
қауым. профессор |
|
|
11 |
философия докторы (PhD) |
|
аға оқытушы |
|
|
12 |
Нұрдан Динаш |
философия докторы (PhD) |
|
аға оқытушы |
|
13 |
|
магистр |
аға оқытушы |
|
|
14 |
Исматуллаев Саттар Лесханович |
|
магистр |
аға оқытушы |
|
15 |
|
магистр |
аға оқытушы |
|
|
16 |
Алмаганбетова Айгуль Турмахановна |
|
магистр |
аға оқытушы |
|
17 |
|
магистр |
аға оқытушы |
|
|
18 |
Тайжанова Маржан Арипжановна |
|
магистр |
ассистент |
|
19 |
|
магистр |
ассистент |
|
№ 1 жоба ҚР БҒМ (2015-2017). Жеміс-жидек және ет-сүт салмасы жоғары дәрежедегі экструдирленген полизлакты тамақ өнімдерін өндіру технологиясын әзірлеу.
№ 2 жоба. ҚР БҒМ (2015-2017). Қазандық агрегаттарының Жоғары температуралы тораптарын қаптауға арналған қазақстандық диатомит негізінде жылу оқшаулағыш материалдарды әзірлеу
№ 3 жоба. ҚР БҒМ (2015-2017). Электронды сәулеленумен белсендірілген металл наноұнтақтардың қатысуымен Жоғары температуралы синтездің өзін-өзі таратылатын процестері
№ 4 жоба ҚР БҒМ (2017-2019). Инновациялық технология бойынша бие және түйе сүтінің құрғақ ұнтағынан лактоферрин өндірісін ұйымдастыру".
№5 жоба Ғылым қоры (2017-2018). Ет және ет-өсімдік консервілерін өндіру үшін түйе етін қайта өңдеудің ресурс үнемдеуші технологияларын енгізу"ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға грант.
№6 жоба (2018-2020). Дәстүрлі емес полизлак шикізаты негізінде макарон өнімдерін өндіру технологиясын әзірлеу.
№7 жоба (2020-2022). Май қышқылының теңдестірілген құрамы бар май өнімдерінің технологиясын әзірлеу (ҚР БҒМ Ғылым комитеті, 2020 жылғы 27 мамырдағы №105 гранттық қаржыландыру шарты.
№8 жоба ҚР БҒМ (2023-2025). Иммуномодуляциялық қасиеттері бар бие сүті негізінде емдік-профилактикалық тамақтану өнімдерін алу технологиясын әзірлеу.
№9 жоба. АҚ «Ғылым қоры» (2024-2026). Көп дәнді шикізаттан жасалған "Ai-Kun" инновациялық макарон өнімдерін өндіру.
2015-2016 жылдары жарияланған ғылыми еңбектер;
2017-2018 жылдары жарияланған ғылыми еңбектер;
2018-2019 жылдары жарияланған ғылыми еңбектер;
2019-2020 жылдары жарияланған ғылыми еңбектер;
2020-2021 жылдары жарияланған ғылыми еңбектер;
2021-2022 жылдары жарияланған ғылыми еңбектер;
«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасы АҚШ, Италия, Польша, Болгария, Түркия, Қытай, Малайзия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің шетелдік университеттерімен және ғылыми орталықтарымен өзара қызығушылық тудыратын салаларда бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми тағылымдамадан өту, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, кездесулерге, бағдарламалар мен жобаларға қатысу, докторанттар, магистранттар, студенттер, оқытушылар мен қызметкерлермен алмасу, ғылыми тағылымдамадан өту түріндегі ғылыми зерттеулер саласында тәжірибелермен және жетістіктермен алмасу, докторанттардың, магистранттардың, студенттер мен оқытушылардың ғылыми тағылымдамадан өтуі және академиялық ұтқырлығы, кітапханалар арасында оқу және ғылыми әдебиеттермен алмасу, мерзімді басылымдарда ғылыми еңбектерді бірлесіп жариялау, оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік жұмыстарды бірлесіп әзірлеу және үйлестіру аясында тығыз байланыста жұмыс жасауда.
Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы
Кафедра докторантура, магистратура және бакалавриат студенттерінің академиялық ұтқырлығын Қазақстан Республикасында қабылданған шетелге, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберу Ережелері және Академиялық ұтқырлық туралы Ереже негізінде жүзеге асыруда.
Кафедра білім алушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша АҚШ, Италия, Польша, Болгария, Түркия, Қытай, Малайзия, Ресей елдерінің университеттерінде білімдерін қатар шыңдауда.
Кафедрада Оңтүстік Корея, Пәкістан, Малайзия, Ресей және Өзбекстаннан келген шетелдік студенттер білім алуда.
Профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы
Профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы білім сапасын жақсартуға, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға, менеджмент жүйесін жетілдіруге ықпал ететін халықаралық қызметтің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Кафедратің Профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы Ынтымақтастық туралы келісімдерге сәйкес жақын және алыс шетелдердің университеттері мен ғылыми орталықтарында жүзеге асырылуда.
Халықаралық келісім-шарттар мен меморандумдар
Халықаралық ынтымақтастық жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарында профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларды оқыту және ғылыми тағылымдамадан өткізу туралы халықаралық шарттар мен меморандумдарға сәйкес жүзеге асырылуда. Біздің шетелдік серіктестер:
Ратгерс университеті (АҚШ)
Салерно университеті (Италия)
Вармино-Масурски университеті (Польша)
Тағам технологиялары университеті (Болгария)
Ауыл шаруашылық университеті (Болгария)
Ахи Эвран университеті (Түркия)
Мәскеу мемлекеттік қолданбалы биотехнология университеті (Ресей)
Ланчжоу университеті (Қытай)
Шихежи университеті (Қытай)
Паханг әл-Сұлтан Абдулла Малайзия университеті (Малайзия)
К.И.Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университеті (Қырғызстан)
Самарқанд мемлекеттік ветеринарлық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология университеті (Өзбекстан)
Бірлескен ғылыми жобалар
Түркияның Сулейман Демирел университетінің жетекші ғалымдарымен бірлесе отырып «Бие сүті мен қымыздың антигипертензивті қасиеттері мен микробиотасын анықтау» тақырыбында Халықаралық ғылыми жоба жүзеге асырылуда.
Ғылыми жетекшісі: Сулейман Демирел университетінің профессоры Айнұр Гүл Карахан, орындаушылар: ҚазҰАЗУ жас ғалымдары, PhD доктор Тоғжан Боранбаева, магистр Дулат Жалелов, Сулейман Демирел университетінің магистрі Гофер Озен.
Жоба аясында бактериялар мен ашытқылардың геномдық ДНҚ, геномдық матрица тазарту жинағы (грам - позитивті және грам - теріс бактериялардан, ашытқыдан ДНҚ тазарту жинағы), метагеномдық талдау, Novaseq платформасы, 16s V3-V4, 250 PE, метагеномдық талдау, Novaseq платформасы, ITS1 250 PD және метагеномды биоинформатикалық талдау, бие сүті және қымыз зерттеулері жүргізіледі.
Литва денсаулық ғылымдары университеті (LSMU), Литва
Мәскеу мемлекеттік тамақ өндірісі университеті, Ресей
Малайзия Паханг Әл-сұлтан Абдулла ат. университеті (UMPSA), Малайзия
Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы
Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне зиян әкеледі» деп тәрбиеге аса қатты көңіл бөлу керектігін түсіндірген.
Тәрбиенің мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті де парасатты, ар- ожданы мол, елін, жерін сүйетін патриот тұлға ретінде адамгершілік қасиеті мен эстетикалық талғамы жоғары, салауатты өмір сүруді таңдайтын, қазіргі қоғам талабына сай, іскер азамат тәрбиелеу.
Осы орайда университет қабырғасында жүріп жатқан тәрбие жұмыстарын, біздің студенттеріміздің ұйымдастырған іс-шараларын Instagram, Фейсбук және ТикТок парақшаларымыздан табуға болады.
@tibpp @kaznarutibpp @tibpp_kaznaru