Оқытушы
Конкурс «ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ лауазымдарын конкурстық ауыстыру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысушы тұлғалар университет Ректорының атына өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: Түйіндеме (CV); бір жоларалық интервал арқылы, көлемі 12 немесе 14 Times New Roman шрифтімен жазылған екі беттен аспайтын ұсыныс хат; ұсынылатын мәліметтерді тексеруге жазбаша келісім.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Өтініш берушінің құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы конкурсқа қатысудан бас тартуға негіз болып табылады.
1) Үміткерлер өтінім берудің белгіленген мерзімін бұзған жағдайда, конкурсқа құжаттар қабылданбайды.
2) Конкурстық іріктеу рәсімінен өту үшін барлық құжаттар Кадрлар бөліміне (Абай даңғылы, 8, ҚазҰИУ бас ғимаратының 30 кабинеті) ұсынылады.
3) 8(727) 262-17-46, 262-17-68 телефондары арқылы конкурстық іріктеу процесі бойынша сұрақтар қойып, кеңес ала аласыз.
4) Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарын конкурстық ауыстыруды ұйымдастыру және өткізу бойынша жауапты қызметкер – Кадр қызметі, құжат айналымы және архивтер басқармасының басшысы Базарбаева Жазира Аманкелдина.
Өтініш берушілердің құжаттарын тапсырғаннан кейін кадрлық жұмыс, құжат айналымы және архив ісі бөлімінің қызметкерлері ұсынылған мәліметтердің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.
Байланыстар
Абай даңғылы,8