Кафедра меңгерушісі
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – ауыл шаруашылығы және агроинженерия саласындағы Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі Сізді конкурсқа қатысуға және білім мен ғылымның сапасын одан әрі арттыруға бағытталған академиялық қоғамдастыққа қосылуға шақырады.
Бос орындар
- Есеп, аудит және қаржы кафедрасының меңгерушісі
- Құқық кафедрасының меңгерушісі
- Жер ресурстары және кадастр кпафедрасының меңгерушісі
- Топырақтану, агрохимия және экология кафедрасының меңгерушісі
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) бекітілген фома бойынша өтініш
2) жеке парақ және / немесе түйіндеме/ анкета/ қызметтік тізім;
3) өмірбаян
4) білімі, дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат (түпнұсқалары салыстыру үшін ұсынылады);
5) біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда) (түпнұсқалары салыстыру үшін ұсынылады)
6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 3 жыл ішінде);
7) № 075 нысан бойынша Медициналық анықтама;
8) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны немесе жасамағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (сотталмағандығы туралы анықтама);
9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (басшы лауазымдар үшін);
10) «Наркологяилық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесімен берілген анықтама;
11) «Психикалық аурулар науқастарының электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесімен берілген анықтама;
12) қосымша құжаттар: соңғы жұмыс орнынан мінездеме және/немесе ұсыныс хат, сондай-ақ кандидат біліміне, кәсіби деңгейіне және т. б. қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.
Егер Сіз конкурсқа қатысуға мүдделі болсаңыз, құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн (қоса алғанда) ішінде жолдауды сұраймыз.
.