Жануарлар физиологиясы пәнінің негізгі идеясы – тіршілік үдерістерінің заңдылықтарын, организмнің жеке мүшелері мен жүйелерінің қызметін, сондай-ақ сыртқы ортамен өзара әрекеттесу механизмдерін зерттеу. Бұл пән студенттерге организмдегі физиологиялық үдерістердің биологиялық маңызын түсінуге, мүшелердің өзара байланысын және реттелуін ұғынуға, өнімділікті арттырудың физиологиялық негіздерін меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, студенттерге сабақтас пәндерді игеруге қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.