KazNARU

1.04.2024 Көрермендерді шуақты көңіл-күйге бөлеген жайдарманшылар арасында «Бизнес және құқық» жоғары мектебі - «ИП ДИНАРА»  командасы жүлделі 1-ші орынға ие болды! Жеңімпаздарды құттықтаймыз жас таланттар!

1.04.2025 ж. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Акт залында Көңілді тапқырлар клубының факультетаралық «Күлкі – жанның шипасы» атты көктемгі маусымдық мерекелік кеші өтті. «Бизнес және құқық» жоғары мектебі - «ИП ДИНАРА» жайдарманшылары ортаға шығып, өнерлерін ұсынды. Нәтижесінде, көрермендерді шуақты көңіл-күйге бөлеген жайдарманшылар арасында «Бизнес және құқық» жоғары мектебі - «ИП ДИНАРА»  командасы жүлделі 1-ші орынға ие болды! Жеңімпаздарға университет Басқарма Төрағасы - Ректор Ақылбек Күрішбаевтың атынан арнайы сертификаттар мен қаржылай сый-сияпаттар тапсырылды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз жас таланттар!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник