KazNARU

KazNARU МАГИСТРАНТЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗУДІ МЕҢГЕРУДЕ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жоғары білім берумен қатар, магистарнттарды педагогикалық практика аясында дәріс беруге баулу үрдісі қоса жүргізіледі. Болашақ мамандар аудитория сахналарында өздері сиқты замандастарының ортасында университетте жинаған білімі мен тәжірибелерін бөлісіп отырады.

✅ Бұл үрдіс педагогикалық практиканың мақсатына сай келеді: педагогикалық шеберліктің тәсілдері мен әдістері негізінде педагогикалық процессті ұйымдастыру; сабақта интерактивті оқыту әдістерін қолдану, оқу, тәрбие және әдістемелік аспектіде педагогикалық функцияларды жүзеге асыру дағдыларын меңгеру; білім алушыларды ұйымдастыра білу және шығармашылық атмосфера орнату.

✅ Сондай-ақ, педагогикалық практика – магистратураның негізгі білім беру бағдарламасының міндетті бөлімі болып табылады. Бұл магистранттарға оқу барысында алған теориялық және әдістемелік білімдерін практикада өз бетінше сынауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, педагогикалық практика білім алушылардың кәсіптік-практикалық дайындығына тікелей бағытталған оқу сабақтарының түріне жатады.

✅ «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының қаумдастырылған профессоры, а.ш.ғ.к., дәріскер Қадыкен Р.; практикалық сабақ жетекшісі аға оқытушы Валиева Г.А.; педагогикалық практикаға жауапты жетекші а.ш.ғ.к., аға оқытушы Бөпебаева Л.К. және кафедра оқытушыларының қатысуымен сондай қызықты бір ашық сабақ өтті.

✅ «6В05102-Биотехнология» білім беру бағдарламасында оқитын 3-ші курс студенттеріне арналған «Тағам биотехнологиясы» пәні бойынша ашық сабақты 1-ші курс магистранты Бибірайхан Айтбазар өткізді. «Тағам өнімдерін консервілеу принциптері мен биотехнологиялық әдістері» атты дәрісті өткізу барысында ол ашық сабақтың тақырыбы мен міндеттерін тарата түсіндіріп, өз баяндамасын презентация түріндегі көрнекі интерактивті материалдармен сүйемелдеп оырды.

✅ Сабақтың екінші жартысы ойын түрінде өтті. Алдымен «Мен мықтымын» ойыны өткізілді, онда студенттер белгілі бір дерек пен факты туралы өз көзқарастарын негіздеуі керек. 2 топқа бөлінген студенттердің әр тобына жеке-жеке тапсырмасы бар постер берілді. «Белгісіздіктер мен нөлдіктер» интерактивті ойын да қолданылды.

✅ «Магистрант Бибірайхан Айтбазар өткізген ашық сабақ бір жағынан бағдарламалық материалды саналы және берік игеруге, екінші жағынан, қатысқан студенттердің шығармашылық белсенділігін, тапқырлығын, қызығушылығын дамытуға, белгілі бір дүниетанымды қалыптастыруға ықпал еткенін байқадық», - дейді кафедра меңгерушісі Бейбіт Құлатаев.

✅Ашық сабақтың нәтижелері бойынша жоспарланған жұмыстардың толық көлемі орындалды: сабақтың мақсаттары, білім, білік және дағдыларды қалыптастыру жүзеге асырылды. Ұйымдастырылған интерактивті ойын нәтижесінде 1-2 және 3 орын алған студенттерге Мақтау қағаздары табысталды.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник