KazNARU

3-курс студенттер көктемгі мал төлдету науқанында өндірістік практикадан өтуде

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Ветеринария және Зооинженерия» факультетінің 6В09101-Ветеринариялық медицина білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты шаруа қожалықтарда көктемгі мал төлдету науқанында өндірістік практикадан өтуде.

✅«KazNARU мен Жамбыл ауданы арасында жасалған Меморандум шеңберінде соңғы үш жылдықта 300-ден астам студент осы аудандағы шаруа қожалықтарында көктемгі мал төлдеу кезеңінде практикадан өтті. Биыл да осы ауданның 12 ауылдық округіндегі 20 шаруа қожалығында 63 студент 24 наурыздан бастап көктемгі мал төлдету науқанына қатысып, тәжірибе жинақтауда», - дейді факультет деканы Асылбек Мусоев.

✅ Өңірдегі Мұрынбай, Өмекен, Дарын, Қайрат, Асхат, Ақжар, Айсұлтан, Азамат, Жорохан, Нұртілес, Санжар, Жолдас, Досжан, Дауытқан, Абылай, Әлібек сяиқты іргелі шаруа қожалықтарында студент жастарымыздың өндірістік тәжірибеден өтуіне барлық жағдай жасалынған. Жатын орын, ыстық тамақ, бос уақытта газет-журналдар оқуға, шахмат, дойбы, доп ойнауға мүмкіндіктер бар.

✅ Сонымен қатар, «Ветеринария және Зооинженерия» факультетінің 250 студенті Алматы қаласындағы ғылыми-тәжірибелік орталықтарда теориялық білімдерін практика жүзінде ұштастырып жатыр. Атап айтқанда, «Айболит» оқу ғылыми ветеринарлық орталығы, «Барыс» ветеринарлық емханасы, ҚР АШМ ВБжҚК «Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» ММ, «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» ММ, ветеринариялық клиникаларда, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ШЖҚ «Қалалық ветеринариялық қызметі» КМК, «ҚР АШМ ВБҚК «Республикалық Ветеринариялық зертхана», «ҚР АШМ ВБҚК «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық», «БЕККЕР и К» ЖШС ұжымдарында өндірістік іскерлік тәсілдерін үйренуде.

✅«Университет қабырғасындағы алған теориялық білімімізді шаруашылықтарда алған тәжірибе мен көзбен көрген әдіс-тәсілдерімізді бір-біріне ұштастырып тәжірибе жинақтаудамыз. Осы екеуі бірін-бірі толықтырып, біздің болашақ кәсіби жолымызда шешуші рөл атқаратынын түсінеміз. Бізге мұндай мүмкіндіктер жасап, қолдау көрсеткен университет басшылығына және Жамбыл аудандық әкімдігіне ризашылығымызды білдіреміз», – дейді студенттер.

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник