KazNARU

KazNARU КОЛЛЕДЖ БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРІНЕ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІН ӨТКІЗДІ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Алматы технологиялық-қаржы және инновациялық-техникалық колледжінің түлектері үшін АШЫҚ ЕСІК күні ұйымдастырылды.

Негізгі мақсат – Колледж бітірушілердің кәсіби бағдарлануын қолдау; Жоғары білім беру ордасының материалдық-техникалық базасымен таныстыру; Болашақ мамандықты дұрыс таңдауға ықпал ету; Колледж және Университет арасындағы ынтымақтастықты одан ары нығайту.

✅ Колледждің арнайы пәндер оқытушысы Асылзат Мұратханқызының жетекшілігімен келген АТҚжИТ "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығы бойынша 3-курс бітірушілері KazNARU базасындағы оқу корпустарымен, зертханаларымен және материалдық-техникалық базасымен танысып, оқытушылар тарапынан білім беру бағдарламары туралы ақпараттар алды.

✅ Халықаралық талаптарға сай оқу сапасына қол жеткізуді, цифрлы университет құруды, нағыз ғылыми зерттеу оқу орнына айналуды мақсат етіп отырған KazNARU QS халықаралық рейтингісі бойынша Орта Азияда 6-шы, Қазақстанда үздік ТОП-5 ЖОО қатарында көрініп келеді.

✅ Жас түлектер университеттің оқу ғимараттарына барып, аграрлық мамандықтың болашағы, жұмыс нарығындағы сұранысы және карьералық өсу перспективалары туралы маңызды әңгімелер тыңдады. Өздерін толғандырған барлық сұрақтарға мамандардан тиісті жауаптар алды.

✅ «Студенттеріміз университеттің білім беру бағыттарының ерекшеліктері мен ғылыми-зерттеу бойынша инновациялық жұмыстармен танысып, қазіргі заманғы зертхана жабдықтарын өз көздерімен көріп, қызығушылық танытты. Осындай мазмұнды іс-шара ұйымдастырған университет басшылығына өз ризашылығымызды білдіреміз» дейді Асылзат Мұратханқызы.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник