KazNARU

ҚАЗҰАЗУ-ДЕ KAZSEE СЫРТҚЫ САРАПТАУ ТОБЫНЫҢ АККРЕДИТТЕУ РӘСІМІ АЯҚТАЛДЫ

2023 жылдың 17-19 мамыр аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қазақстандық заманауи (элиталық) білім беру қауымдастығының (KAZSEE) сыртқы сараптау тобының қатысуымен 5 білім беру бағдарламасы бойынша мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өтті:

  • 6В04106  Маркетинг;
  • 7M07103  Машина жасау;
  • 7M08702  Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету;
  • 7M08607  Гидротехникалық құрылымдарды жобалау;
  • 8D08602  Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау.

KAZSEE сараптау тобының төрағасы – Пак Юрий Николаевич, техника ғылымдарының докторы, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің профессоры.
Жұмыс барысында KAZSEE сараптау тобының мүшелерінің ҚазҰАЗУ басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен, білім алушылармен, жұмыс берушілермен және түлектермен кездесулері болып өтті. Аудиторияларды, зертханалар мен практика базаларын көзбен шолып тексеру жүргізілді, аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының құжаттары зерделенді.
KAZSEE аккредиттеу шеңберінде зерделенген 5 білім беру бағдарламасы бойынша аккредиттеу нәтижелерін Аккредитациялау Кеңесі таяу арада жариялайтын болады.


 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник