KazNARU

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ АККРЕДИТТЕУ

2023 жылдың мамыр айының 17-сі мен 19-ші жұлдыздары аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 5 білім беру бағдарламасын мамандандырылған бағдарламалық аккредиттеу аясында Қазақстандық заманауи (элиталық) білім беру қауымдастығының (KAZSEE) Сыртқы сараптау тобы жұмыс жүріп жатыр:

  • 6В04106 – Маркетинг
  • 7M07103 – Машина жасау
  • 7M08702 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
  • 7M08607 – Гидротехникалық құрылымдарды жобалау
  • 8D08602 – Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау

Сараптамалық топтың құрамына KAZSEE-дың жетекші халықаралық және ұлттық сарапшылары, сонымен қатар жұмыс берушілер мен студенттер қауымдастығы өкілдері кірді.

Сыртқы аудит KAZSEE-дың Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне сапарының бекітілген Бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.

Комиссия төрағасы – Пак Юрий Николаевич – техника ғылымдарының докторы, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің профессоры.

Сондай-ақ, EUR-ACE Label сапа белгісін беру үшін Инженерлік білім беруді аккредиттеу бойынша Еуропалық желінің (ENAEE) өкілдері KAZSEE сыртқы сараптау тобының жұмысына бақылаушылар ретінде қатысты. ENAEE жұмыс тобына Испания (ANECA), Германия (ASIIN) және Түркияның (MUDEK) аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері кірді.
 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник