ҚазҰАЗУ ӨКІЛДЕРІ ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ
✅ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарға гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды.
✅ Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Ветеринария» факультеті «Ветеринарно-санитарная экспертиза и гигиена» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Абжалиева Аида Болатбекқызы жеңімпаздардың ең үздігі атанып, бірінші орынды иеленді.
✅ Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Зооинженерия және тағам өнімдерінің технологиясы» факультеті «Технология және азық-түлік қауіпсіздігі» кафедрасының аға оқытушы, PhD докторы Боранбаева Тоғжан Кенжетайқызы жеңімпаздардың қатарында мерейі үстем болып, төртінші орыннан көрінді.
Жас талантты әріптестерімізді ғылым мен білім саласында қол жеткізген жетістіктерімен құттықтаймыз!
![]() |
![]() |
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі