KazNARU

"Егіншілік" және "Өсімдік шаруашылығы" пәндері бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Агробиология факультеті, «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасында 2023 жылы 27-28 сәуір айында «Егіншілік» және «Өсімдік шаруашылығы» пәндерінен XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Биылғы олимпиадаға Республикамыздың 11 жоғары оқу орындарының 29 үздік студенттері қатысты.

Алдымен әрбір университтеттен келген студенттердің таныстыруы болды, ол 10 баллмен бағаланды.

Олимпиада екі кезеңмен өтті, 1-ші кезеңде олимпиадаға қатысушы студенттер 50 минут аралығында «Өсімдік шаруашылығы» және «Егіншілік» пәндері бойынша 30 тест тапсырмаларын орындады. Тест тапсырмаларының әрбірі 1 балды құрайды.

Екінші кезеңде 1,5 сағат аралығында «Өсімдік шаруашылығы» және «Егіншілік» пәндері бойынша ситуациялық тапсырмаларды орындады. Ситуациялық тапсырмалар 2 теориялық және 2 есептен тұрады, әрбір теориялық 20 балл және есептің жауабы 40 баллға бағаланды, жалпы баллы 60 баллды құрайды.

XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада ойдағыдай өтті. Олимпиадаға қатысушы студенттер үлкен жауапкершілікпен дайындалған, соған байланысты студенттердің жұмыстары тиісті баллмен бағаланды.

Қазылар алқасының қорытынды шешімі бойынша 6В08101 – «Агрономия» білім беру бағдарламасының төмендегідей студенттері жеке сынақ бойынша байқау жеңімпазы атанып, келесі орындар берілді:

Бірінші орын – 97 балл жинаған Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің 3 курс студенті Аманжолова Дария Нурбекқызына;

Екінші орын – 93 балл жинаған М.Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 3 курс студенті Еслям Төлебекке;

Екінші орын - 92 балл жинаған С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 3 курс студенті Турсынбеков Алиби Галымбековичқа;

Үшінші орын – 90 балл жинаған С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 3 курс студенті Жақсылық Айдана Нұрболатқызына;

Үшінші орын – 87 балл жинаған А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 3 курс студенті Бондарук Дмитрий Владимировичке;

Үшінші орын – 86 балл жинаған Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 3 курс студенті Соломка Елена Андреевнаға.
 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник