KazNARU

ҚазҰАЗУ СУ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ БОЙЫНША БАЗАЛЫҚ ҰЙЫМЫ БОЛЫП АЙҚЫНДАЛДЫ.

ҚазҰАЗУ СУ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ БОЙЫНША БАЗАЛЫҚ ҰЙЫМЫ БОЛЫП АЙҚЫНДАЛДЫ.

Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаев Су ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажеттігіне Үкіметтің назарын бірнеше рет аударды. Су саласындағы мамандарды даярлау бойынша базалық ЖОО-ны анықтауды тапсырды.


ЖОО ректорлары арасында қол жеткізілген үкіметаралық келісім мен уағдаластық шеңберінде Ұлттық аграрлық зерттеу университетінде "Ташкент суару және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты" Ұлттық Зерттеу университетінің филиалы ашылады.


Қытай Ғылым академиясы делегациясының 2023 жылғы 5 сәуірде Қазұазу-дағы Вице-президенті Чжан Тао бастаған сапарының қорытындысы бойынша уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан-Қытай су ғылымдары мен технологиялары ғылыми-зерттеу орталығын ашу жоспарлануда"


ҚазҰАЗУ-дың Қытай аграрлық университетімен (Пекин қ.) келісімі бойынша "Су шаруашылығы үшін кадрлар даярлау жөніндегі Қазақ-Қытай орталығы" ұйымдастырылады


Өткен аптада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі ҚазҰАЗУ базалық ЖОО-ны "Су ресурстары және суды пайдалану" мамандығы бойынша айқындау туралы шешім қабылдады(!)


Университет ұжымын қол жеткізген жетістіктерімен және су шаруашылығы үшін кадрлар даярлаудағы маңызды оқиғаларымен құттықтаймыз!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник