KazNARU

«Агро Pro Max» командасы КТК сайысынан жүлделі орын алды

КТК ойыны студенттердің ой-өрісін өсіретін, сөйлеу мәнері мен пікірді жеткізу, сахна мәдениеті мен шеберлік, би, ән, қимыл түрлерін меңгеру арқылы жастардың қабілеттерін шыңдайтын  өнердің бір түрі.

Сахнадағы ойындар – студенттердің білімін дамыта отырып, арман-қиялдарына қанат бітіретін, эстетикалық талғамдарын байытатын, әлеуметтік белсенділігін арттыратын тәрбие жанрының кең тараған формасы екені белгілі.

Университетімізде 15.02.23ж. «Менің мамандығым - менің мақтанышым»  атты қоғамдағы жастарды толғандыратын, әртүрлі мәселелерді әзілмен астарлай жеткізетін өнер додасы ұйымдастырылды.  Бұл өнер додасына   «Агробиология» факультетінің студенттерінен құралған «Агро Pro Max» жайдарман командасы белсене қатысып,  жүлделі  3 орын иеленді. Жүлделі орыннан көрінген студенттеріміз  3-ші дәрежелі дипломмен және 30 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Белсенді студенттерімізді құттықтаймыз.