KazNARU

ҚАЗҰАЗУ МЕН QUACQUARELLI SYMONDS КОМПАНИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

2022 жылғы 09 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы-ректорының м.а., ҚР ҰҒА академигі, профессор Ақылбек Күрішбаев QS Quacquarelli Symonds компаниясының негізін қалаушы және президенті Нунцио Кваквареллимен және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі QS аймақтық директоры Сергей Христолюбовпен кездесті. Сондай-ақ, кездесуге ТМД елдеріндегі QS жоғары білім беру мәселелері бойынша жетекші кеңесші Дара Бухтоярова қатысты.

Өз сөзінде Нунцио Квакварелли QS халықаралық компаниясы жұмысының нәтижелері және жоғары оқу орындарының қызметін бағалау әдістері туралы мәліметттермен бөлісті. Атап айтқанда, ол дайындық бағыттары бойынша сауалнама қорытындылары мен пәндік рейтингтің QS бағалау және талдау бойынша ақпараттарын жеткізді.

Сонымен қатар, Нунцио Квакварелли университетке жаңа шетелдік серіктес оқу орындары тарту, ғылым мен технологияның өзекті мәселелерін шешу және т.б. арқылы әлемдік рейтингтегі көрсеткішті жақсартуға мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстар берді.

Өз кезегінде QS өңірлік директоры Сергей Христолюбов ҚазҰАЗУ білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, барлық бағыттар бойынша жақсы көрсеткіштерге жетіп келе жатқанын атап өтті. Өткен жылы ҚазҰАЗУ QS-2022 әлемдегі үздік университеттер рейтингісінде 551-ші орынды иеленсе, биыл 481-ші орынға көтерілді. QS Азия аймақтық рейтинг бойынша ТОП 200 үзлік университеттер қатарында 162 орын, Орталық Азия университеттері арасында 5 орын иеленді.

Кездесуші тараптар еліміздегі аграрлық білімнің көшбасшысы болып табылатын университеттің QS компаниясымен ынтымақтастық мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық рейтингтерде ілгерілету үшін ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және дамытудың басқа да негізгі бағыттарын айқындады.

ҚазҰАЗУ басшысы, ҚР ҰҒА академигі, профессор Ақылбек Күрішбаев мәртебелі қонақтарға арнайы сапары үшін алғысын білдіріп, университеттің басты міндеті – бәсекелестікке лайқты кадрлар тәрбиелеу және ғылыми иновациялық зерттеулер ұсыну екенін атап өтті.

«Біз академиялық бедел бойынша көрсеткіштерді, оқытушылар мен студенттердің арақатынасын, бағдарламалар алмасуды, жұмыс берушілер арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтереміз және ғылым мен технологияның өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін т.б. бағыттарды арттыруды одан әрі күшейтеміз. Бұл қадам жоғары оқу орнының нарықтағы жоғары бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге, талапкерлердің, оның ішінде шетелдік студенттер үшін тартымдылығын арттыруға ықпалы зор болатынына сенеміз.Университет іс жүзінде өзінің қызметтік құрылымы мен мазмұны бойынша әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналады», - деді Ақылбек Күрішбаев.

Кездесу қорытындысы бойынша QS университеттерінің әлемдік рейтингінде Қазақстанның жетекші аграрлық жоғары оқу орнының негізгі көрсеткіштерін дамыту үшін сенімді серіктес ретінде, қос тарап одан әрі жемісті ынтымақтастық туралы уағдаластық жасасты.

Нунцио Квакварелли QS Asia University Rankings-2023 жоғары оқу орындарының аймақтық рейтингісінде иеленген ҚазҰАЗУ жетістіктері туралы сертификаттарды табыс етті.

 

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник