ҚАЗҰАЗУ-ДА "АШЫҚ ЕСІК КҮНІ" ӨТТІ
2022 жылғы 2 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің білім алушылар контингентін қалыптастыру департаменті “Ашық есік күнін” өткізіп, оған сынып жетекшісі Гүлшат Әлімғазықызы Тұткабекованың жетекшілігімен Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай ауылдық мектебінің оқушылары қатысты.
"Ашық есік күнінің" басты мақсаты – мектеп түлектеріне мамандықты дұрыс таңдауда жолдама беру және көмек көрсету, болашақта ауыл шаруашылығы саласындағы мамандарға айналатын талапкерлерді факультеттердің ерекшеліктерімен, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің 90 жылдық тарихы бар қызметімен, "білім-ғылым" жүйесіндегі ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерімен, және көрнекті ғалым-ұстаздармен, сондай-ақ кампуспен және ЖОО студенттерімен танысу болып табылады.
"Ашық есік күні" барысында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің қызметімен, факультеттердің ерекшеліктерімен танысып, оқу корпустарын аралады және көрнекті ғалым-педагогтарымен кездесу өткізді, олар мамандықтар мен дайындық бағыттары туралы айтып, жастарды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.
Атап айтқанда, кездесу барысында жас қонақтар университеттің қызметі, оқу перспективалары туралы толық ақпарат алып, озық технологияларды пайдаланатын бірегей Ситуациялық орталықта, Вагенинген университетімен жұмыс жөніндегі институтта, Микроарналық көбейту зертханасында, Қазақстан-жапон, Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық орталықтарында, Су хабында, референттік сүт өнімдері зертхананасында болды, әскери кафедра, сондай-ақ "Парасат"клубынығ жұмыстарымен танысты.
"Университеттің белгілі профессорларымен, оқытушыларымен, студенттерімен танысу және әңгімелесу біз үшін үлкен мәртебе болды. Бүгін біз бай тарихы бар, еліміздің жетекші аграрлық жоғары оқу орны – ҚазҰАЗУдың таңғажайып жетістіктерімен таныстық. Университеттің инновациялық ғылыми орталықтары мен зертханалары мені осы зерттеу университетінде оқуға шабыттандырды. Мен "IT-технология, автоматтандыру және АӨК механикаландыру " факультетіне түсіп, жоғары білікті маман болуға ниеттімін", - деді өз әсерімен бөліскен оқушы Жанель Сембекқызы.
"ҚазҰАЗУ ғалымдарының арқасында бүгін біз факультеттер мен мамандықтар бойынша, студенттердің дайындық деңгейі және олар үшін ашылатын мүмкіндіктер туралы толық ақпарат алдық. Университеттің ауыл шаруашылығы саласында орасан зор ғылыми базасы және білімді, білікті мамандарды даярлауда мол тәжірибесі, әлемдік деңгейдегі Ұлттық ғылыми-зерттеу университеті мәртебесі бар екендігі бізді таң қалдырды. Бүгін біз бәрін өз көзімізбен көрдік және үлкен әсер алдық. Керемет ақпараттық іс-шараны ұйымдастырғаныңыз үшін алғыс айтамыз", - деді Нұрмұхамед Әлібек.
Айта кету керек, оқу орнында білім алушылар үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, 2016 жылы университетте Халықаралық Агротехникалық хаб ашылды. Оның құрамында 11 ғылыми-зерттеу институты, 8 инновациялық орталық, 49 заманауи зертхана, нақты жобалар негізінде 18 халықаралық орталық бар. Оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында 10 жатақхана өз қызметтерін ұсынады.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті еліміздің аграрлық секторының жетекші, инновациялық және озық оқу және ғылыми мекемелерінің бірі болып табылады. Біздің университет республиканың "ұлттық университет" мәртебесіне ие 11 жоғары оқу орнының алдыңғы қатарында. Сондай-ақ, 2020 жылы Үкіметтің шешімімен біздің университет "зерттеу университеті" мәртебесін алды. 2021 жылы біздің ЖОО QS халықаралық агенттігінің рейтингіне қатысушы 1600 ЖОО арасында 551 орынға ие болды.
Қазіргі уақытта университетте 6 факультеттің 31 кафедрасы жұмыс істейді.
- Агробиология
- Су, жер және орман ресурстары
- Жоғары бизнес және құқық мектебі
- IT-технология, автоматтандыру және АӨК механикаландыру
- Технология және биоресурстар
- Ветеринария факультеті
«Ашық есік күні» барысында оқушыларға университет атмосферасына ену және оларды қызықтыратын барлық ақпаратты алу мүмкіндігі ұсынылды, бұл болашақ мамандық пен жоғары оқу орнын таңдау кезінде маңызды екені сөзсіз.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі
Фото – Мамыржан Ботабеков