АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ
2022 жылғы 15 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы-ректорының м.а., ҚР ҰҒА академигі, профессор Ақылбек Күрішбаев Алматыдағы ҚХР Бас консулдығының Ғылым және техника жөніндегі консулы Чжан Вэй мен Сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі консул Лю Аньциді қабылдады.
Екіжақты кездесу барысында ҚазҰАЗУ базасында келешекте атқарылатын іс-шаларларды қолға алу туралы өзара төмендегідей уағдаластық жасалды.
– Экологиялық сапалы өнімдер алуды қамтамасыз ету және экспортқа шығару мақсатында бірлескен Органикалық ауыл шаруашылығы зертханасын құру;
– Қытай мемлекетінің алдыңғы қатарлы озық аграрлық бір ЖОО-ның ҚазҰАЗУ базасында су шаруашылығы мамандарын даярлайтын филиалын ашу;
– ҚХР ауыл шаруашылығы жетістіктерін Қазақстанда із жүзінде жүзеге асырылуын қамтамсыз ету мақсатында бір ҒЗИ базасында Агроехнопарк құру;
– Ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде кадрларды бірлесіп дайындау;
– ҚазҰАЗУ ғалымдарының ҚХР гранттық ғылыми жобалары конкурсына қатысуына қолдау көрсету;
– Халықарлық инновациялық жетістіктерді Қазақстандағы агроөнеркәсіп саласында қолдануды жүзеге асыратын Қытай ғылымы қорының қатысумен ғылыми-зерттеу орталығын құру.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.
Фото М.Ботабеков