KazNARU

ММТӨУ-мен жастар фестивалі

2022 жылдың 14 қарашасында «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің» студенттері Мәскеу мемлекеттік тамақ өндірісі университеті ұйымдастырған қызықты шеберлік сағатының куәсі болды.

ММТӨУ мамандары интерактивті және білім беру ойындарын, шеберлік сыныптарын, семинарлар мен викториналарды, «Ресейді ашу: Мәскеуден ең шетіне дейін интерактивті кілем-ұшақта» атты фестивальдің қызықты бағдарламасын дайындады.

ҚазҰАЗУ студенттері мен қызметкерлері іс-шараға жеке қатыса алды, ал Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан, Шри-Ланка, Зимбабве және т.б. мемлекеттерден жастар фестивалінің бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алғысы келмегендер қашықтықтан (онлайн) қатысуға мүмкіндік алды.

Жобаның негізгі мақсаты шетелдік азаматтарды Ресей мәдениетімен таныстыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Интерактивті материалдарды квест-ойын форматында сынақтан өткізу, сондай-ақ ММТӨУ өкілдерінің жеке қатысуымен «Ресейдегі қонақжайлылық дәстүрлері» тақырыбында шеберлік сабағын өткізу қарастырылған.

Іс-шара соңында тараптар алғыс хаттармен алмасты, ал ҚазҰАЗУ тарапынан қатысушыларға Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігінің сертификаттары мен біліктілікті арттырудың қысқа мерзімді курстарынан өткені туралы куәліктер табысталды.

 

Кафедра меңгерушісі, б.ғ.к., профессор Л. Мамаева
қауым.профессор М. Ербулекова
ассиситент Т. Ахлан

---------Chatbot---------
виртуальный помощник