KazNARU

Шетелдік ғалымдармен шығармашылық ынтымақтастық

Қазіргі қоғамдағы ғылыми-техникалық революция ғылыми білімнің ерекше кең ауқымымен, жинақталуымен және қарқынды қолданылуымен сипатталады. Жаңа біліммен алмасу ғылыми-техникалық алмасу бойынша әлеуетті әріптестерге ғылым мен техниканың даму бағыттарын бағдарлауға, ғылым мен өндірістің түрлі салаларындағы қолда бар жетістіктер туралы жалпы мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Ғылыми-техникалық ақпаратты беру технологиялардың болашақ саудасын дамытуға мүмкіндік туғызады. Коммерциялық емес ғылыми-техникалық байланыстардың маңызды нысандары: ғалымдар мен мамандардың жеке байланыстары, бірлескен жобалар, ғылыми-техникалық басылымдар мен кітаптар арқылы ғылыми және техникалық білім алмасу.

ҚазҰАЗУ "Технология және Биоресурстар" факультетінің, "Тамақ өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" кафедрасының ғалымдары көптеген жылдар бойы Түркиядағы әріптестерімен арасындағы ынтымақтастықты дамытып келеді. Бұған "Тамақ инженериясы саласындағы жаңа тәсілдер" атты шетелдік ғалымдармен профессор Hülya GÜL мен PhD Fatma HAYIT және отандық ғалымдар профессор Л.А. Мамаева мен PhD Т.К. Боранбаеваның бірлесіп жарияланған оқулығы куәландырады.   Қазіргі уақытта Түркия ғалымдарымен бірлесіп жаңа халықаралық жобалар жоспарлануда.

 

Кафедра меңгерушісі, б.ғ.к., профессор Л. Мамаева
PhD докторы, кафедраның аға оқытушысы Т.Боранбаева

---------Chatbot---------
виртуальный помощник