«БИЗНЕСТІ БАҒАЛАУ: ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕР» халықаралық ғылыми-практикалық конференция
2022 жылдың 07 желтоқсанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Есеп, аудит және қаржы» кафедрасы "Бизнесті бағалау: заманауи тәсілдер" тақырыбына халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Конференция жұмысы аясында «Бизнесті басқару» бағытындағы «Бағалау» білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми тәжірибелер мен отандық және әлемдік ғалымдардың жетекшілігімен жүргізілген зерттеулер талқыланды.
Бизнесті бағалау және ғылымды дамыту бойынша мәселелерді талқылау
мақсатында шетелдік және отандық ғалымдар, оқу орындарының оқытушылары, докторанттары, магистранттары, студенттері, мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, практик-бағалаушылары бас қосты.
Конференция аясында пленарлық отырыстар өткізіліп, тақырыптық секциялар бойынша жұмыстар жүргізілді. Конференцияға 100 аса шетелдік және отандық жетекші ғалымдар, жұмыс берушілер мен мамандар қатысып өз үлестерін қосты.
Конференция ұйымдастырушылары келесідей қатысушыларға жасалған салмақты баяндамалары мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді:
Шетелдік оффлайн қатысушылар: Аброр Фатхуллаев мырза Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы;
Профессор Аликулов Абдимумин Исматович Самарқанд ветеринарлық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология университеті, Экономика факультетінің деканы;
Профессор Жұмалиев Тургунбек Жолдошалиевич Қырғыз ұлттық аграрлық университетінің «Экономика және менеджмент» факультетінің деканы;
Профессор Қошкалда Ирина Витальевна В. В.Докучаев атындағы Харьков ұлттық аграрлық университетінің «Кадастр бойынша жер ресурстары» кафедрасының меңгерушісі;
Парпиева Нуржамал Ракпаровна Қырғыз ұлттық аграрлық университеті, «Ауыл шаруашылығындағы экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының профессоры;
Ахмад Аффанди Махфудз мырза, PhD., CPIF, Индонезия.
Жонибеков Фахриддин мырза Самарқанд ветеринарлық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология университеті, Экономика факультеті, «Экономика және бухгалтерлік есеп» кафедрасының профессоры.
Шетелдік онлайн қатысушылар:
Мингачевир (Әзербайжан) мемлекеттік университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы Шахин Вагиф Оглу Байрамов мырза; https://mdu.edu.az/ming%c9%99cevir-dovl%c9%99t-universiteti-qazaxistanda-keciril%c9%99n-beyn%c9%99lxalq-konfransda-t%c9%99msil-olunub/
Профессор Ричард Пукала Ярослав қаласындағы Бронислав Маркевич атындағы Мемлекеттік технология және экономика университетінің «Студенттер жұмысы жөніндегі проректоры»;
Профессор Нур Четин Анкара қ. Киршехир Ахи Эвран университетінің «Экономикалық және әкімшілік ғылымдар» факультетінің деканы; https://iibf.ahievran.edu.tr/arsiv-haberler/6722-fakulte-dekanimiz-prof-dr-nur-ceti-n-uluslararasi-konferansa-katildilar
Профессор Нушаве Кадимли Мингачевир Мемлекеттік Университеті, «Экономика және басқару» факультетінің деканы;Профессор Чайковская Любовь Александровна Г. В. Плеханов атындағы ФГОУВО «Ресей экономикалық университеті»;
Профессор Нуралиева Чолпон Аскаровна Б. Н. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінің "Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит" кафедрасы меңгерушісінің орынбасары;
Профессор Мустафаев Вугар Сабир оглу Мингачевир мемлекеттік университетінің «Ғылым және инновациялар» бөлімінің меңгерушісі;
Профессор Нилиповский Василий Иванович Ресей «Мемлекеттік жерге орналастыру» университеті, «Экономика және басқару» кафедрасы;
Профессор Нифталиев Назим Фазиль Мингачевир Мемлекеттік Университеті «Экономика және басқару» факультеті «Экономика» кафедрасы;
Профессор Илхом Носиров Фергана Политехникалық институты, «Менеджмент» кафедрасы.Сол сияқты отандық ғалымдарымызға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз:
Жанкубаев Бахытбек Аубакирович мырза "Астана қаласының Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ жобасының жетекшісі э.ғ.к.;
Профессор, э.ғ.д. Тайгашинова Кусникамал Тортубаевна «Алматы Экономика және статистика академиясы», «Бухгалтерлік есеп, аудит және статистика» кафедрасы;Кыдырбек-Улы Алгатбек Балгабекович «Бағалау және құрылыс академиясы»;
Профессор Керимова Укиляй Керимовна ҚазҰАЗУ ғылыми хатшысы, экономика ғылымдарының докторы;
Профессор Алибекова Балшекер Ашикбаевна Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Мемлекеттік аудит" кафедрасы;
Катшыбеков Рауан Бауыржанович "PKF Алматы Меншігін бағалау" ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директоры;
Сыздыкова Эльмира Жаслановна Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының профессоры.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен кәдесыйлықтар, сол сияқты «Бағалау және құрылыс академиясының» профессоры Орынбеков Мархабат марқұмның жары сыйға тартқан «Оценка земли» оқу құралы берілді. Мақалалар жинағы жарияланады.
Конференция жұмысының сәтті өтуіне қолдау көрсеткен Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басшылығына және «Есеп, аудит және қаржы» кафедрасының профессорлық оқытушылық құрамына алғысымыз шексіз!