ҚАЗҰАЗУ БАЗАСЫНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2022 жылғы 13 желтоқсанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Таңсәуле Серіков университет басшысы Ақылбек Күрішбаевпен, профессорлық-оқытушылар құрамы және қызметкерлермен кездесіп, Мүгедектігі бар адамдарға (бұдан ары – МБА) арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру тұжырымдамасымен таныстырды.
Тұжырымдаманың мақсаты: МБА немесе мүгедек баланы тәрбиелеп отырған заңды өкілдерге, ата-аналарға, жоғары білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын сақтауға кепілдік беретін МБА үшін ғылым мен жоғары білім беруді дамытудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру: жоғары білімнің жалпыға қол жетімділігін зерделеу, білім беру жүйесінің даму деңгейлері мен ерекшеліктеріне бейімделуі және білім алушыларды қоғамда табысты әлеуметтенуге даярлау.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру жүйесіне сәйкес, мүгедек адамдарға жоғары білім алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ететін базалық құқықтық және ұйымдастырушылық қағидаттарды тұжырымдайды.
Таңсәуле Серіковтың айтуынша, Тұжырымдаманы іске асыру:
- әр түрлі білім беру модельдерінде жоғары білім берудің қолданыстағы құқық қолдану тәжірибелеріне талдау жүргізуге;
- жоғары білімге қажеттілігі бар МБА мемлекеттік дерекқорын қалыптастыруға;
- МБА үшін білім беру бағытын таңдау еркіндігін қамтамасыз ететін әртүрлі заманауи білім беру бағдарламалары мен модельдерінен тұратын мемлекеттік жоғары білім беру жүйесін құруға;
- бірлескен жоғары білім беру жағдайында МБА сапалы білім берудің қолжетімділігі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін инфрақұрылымдық білім беру қызметтерінің үлесін ұлғайтуға;
- Қазақстан Республикасының білім беру кеңістігіне уақтылы енгізілген және сапалы білім алған МБА үлесін ұлғайтуға;
- арнайы даярлықтан өткен және МБА-мен жұмысты ұйымдастыру үшін қажетті біліктілікке ие жоғары оқу орнының ғылыми кадрларының үлесін арттыруға;
- МБА жоғары білім беру мәселелерін шешу үшін мемлекеттік биліктің атқарушы органдарының, қоғамдық ұйымдардың, түрлі мекемелердің аралық өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға мүмкіндік жасайды.
Тансауле Серіков кездесуге қатысушылардың назарын мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы талаптарға сай мамандарды даярлауға негізделген білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерін ескере отырып, МБА үшін бейімделген мамандықтар мен мамандандырулар бойынша оқу-методикалық әдістемелердің сапасына көңіл бөлуге аударды.
Сондай-ақ, кездесу барысында қозғалысы шектеулі топтар үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің қолжетімділігін ұйымдастыру (пандустар, лифттер, тактильді тақталар, интерактивті тақталар, зағиптарға арналған мобильді аудио қосымшалары бар интерактивті навигаторлар және саңырауларға арналған жестау тілі бар мобильді қосымшалар, санитарлық аймақтар және т.б.) мәселелер талқыланды.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.
Фото М.Ботабеков