КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ БАСТЫ КРИТЕРИЙІ - ОЛАРДЫҢ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
Университетте Жастар арасында практика және жұмысқа орналастыру кеңсесі "Жастарға арналған мемлекетті қолдау шаралары" тақырыбында бітіруші курс студенттерімен кездесу өткізілді.
Спикерлер:
Анарбаева Бағдат Бекболатқызы-Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Жастар кеңесінің мүшесі, "QAMQOR CHARITY" қоғамдық қорының төрағасы,
Меруерт Иссимбулатова Алматы қаласының "халықты жұмыспен қамту орталығы" ізденушілерді қолдау бөлімінің басшысы,
Иманбаева Зухра Нағиқызы - "UAQYT"қоғамдық қорының төрағасы.
«Рrofessional course» және "Soft skills"қысқа мерзімді курстар мен өзекті мамандықтар бойынша жобаның барлық тармақтары студенттерге егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Жоба аясында біліктілікті арттыру курстары ұсынылады, осы курстардан өту арқылы жастардың өз қалауы бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі