KazNARU

ҚазҰАЗУ МЕН ИРАН БИОТЕХНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ (ABRII) ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АРТУДА

2023 жылғы 03 мамырда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне Иранның Биотехнология ғылыми-зерттеу институты (ABRII) Бас директорының орынбасары Пейман Азади мырза жұмыс сапарымен келді. Кездесуге ҚазҰАЗУ басшылығы, "Агробиология" факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Кездесудің мақсаты – білім және ғылым саласындағы екіжақты қатынастарды, сондай-ақ «Агробиология» бағыты бойынша бірлескен ғылыми жобаларды дамыту.

Кездесуді ашқан Стратегия, ғылым және халықаралық қатынастар департаменті директорының м.а. Серік Кененбаев соңғы жылдары ҚазҰАЗУ Иранның: Гилян және Фирдоуси атындағы университеттермен тығыз ынтымақтастық орнатқанын атап өтті. Сондай-ақ, біздің университет пен ирнадық «Тарашкейд» компаниясы арасындағы өзара іс-қимыл туралы шарт жасалды.

Өз кезегінде Пейман Азади мырза өз жобалары туралы әріптестеріне қызықты бейнебаян ұсына отырып, белгілі бір бағыттар бойынша ҚазҰАЗУ-мен бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды.

Пейман Азади мырза сонымен қатар Ирандық сәндік өсімдіктер қоғамының (ISOP) Президенті (www.isop.ir); Өсімдік тіндерін өсіру және көбейту акселератор/үдеткішінің (Zhatac) негізін қалаушы және жетекшісі; Өсімдік тіндерінің дақылдары туралы білімге маманданған компанияның негізін қалаушы (Novin Giti Gene), Өсімдік тіндерінің дақылдары туралы білімге маманданған компанияның негізін қалаушы (Royesh Paydar Alborz) болып табылады.

Кездесу барысында ирандық қонақ агрономия және нанотехнология саласында университетпен серіктестік орнатуға ниет білдірді. 

«Қазақстандық ғалымдардың ирандық әріптестерімен ынтымақтастықтағының жаңа деңгеейі бірлескен ғылыми және білім беру жобаларына тың серпін беретініне сенімдімін», - деп атап өтті Пейман Азади.
 

ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі
Фото М.Ботабеков

---------Chatbot---------
виртуальный помощник