KazNARU

2023 жылдың 07 қазанында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен (ТРМК) бірлесіп Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу универсиетінде (ҚазҰАЗУ) «Қазақстандағы органикалық заттар. Жетістіктер. Сын-қатері. Даму болашағы» атты семинар-кеңесі өткізілді.

Семинар-кеңесті Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Нұрланұлы Елікбаев ашты. Ол өз сөзінде: Қазақстан Республикасы органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімнің сәйкестігін растау және оларды инспекциялық бақылау саласындағы мәселелерді талқылауға, оларды шешу жолдарына қолдау көрсету мақсатын атап өтті. Яғни, қазіргі таңда органикалық өнімді тұтыну әлемнің көптеген мемлекеттерінің азық-түлік нарығын дамыту үрдісі болып табылатынын айтты. 

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу универсиетінің Басқарма Төрағасы – Ректорының Бірінші орынбасары ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ибрагимов Прімқұл Шолпанқұлұлы сөз алып, Агробиология факультетінің ғалымдарыорганикалық ауыл шаруашылығы бойынша 3 ғылыми жобаның орындалып жатқанын атап өтті. Жобалардың нәтижелерін білім беру бағдарламаларында, оқу-өндірістік практика мен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде кеңінен қолданылатынын жеткізді. Сонымен қатарУниверситетіміздің ғылыми орталықтары мен зертханаларында органикалық өнімдірге зерттеулер жүргізуге барлық жағдай жасалғанын айтты.

Іс-шараға Алматы қаласы бойынша ТРМК департаментінің жетекшісі Кабылбеков Қ.А.; Алматы қаласы бойынша ТРМК департаментінің бас маманы Қызғарин Қ.Б.; ҚАЗСТАНДАРТ Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының директоры Маненов З.У.; ҚАЗСТАНДАРТ Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының директордың орынбасары Капаев С.А.; Алматы қаласы бойынша Ұлттық аккредиттеу орталығының директорыБаутов Р.А.; KAZFOAM – Қазақстан Органикалық ауыл шаруашылығы қозғалыстарының Федерациясы Төрағасы Климов Е.В.; Қазақстан-Герман аграрлық-саяси диалогының Органикалық ауыл шаруашылығы бойынша сарапшысы Хасанов С.; Қазақстанның органикалық өнім өндірушілер одағының директоры Керімбеков А.Ж., «Qazaq Bio Control» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Пампур И.Д., «Organic Village» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Джапаров Р.Ш. ҚазҰАЗУ Агрономия, селекция және биотехнология кафедрасының профессоры Атакулов Т.А.; Биология ғылымдарының кандидаты, доцент, ЖШС «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы» ҒЗИ Агрохимия зертханасының меңгерушісі Айсакулова Х.Р., ҚазҰАЗУ «Агрономия, селекция және биотехнология»кафедрасының а.-ш.ғ. кандидаты, асс. профессоры Есенбаева Г.Е. қатысып, баяндамалар жасалынды.Олар өз баяндамаларында органикалық дақылдарды өсіру технологиясымен қатар органикалық өнімдердің сұранысқа ие екендігін атап өтіп, экспортқа шығару жөнінде көп ұсыныстар жасады.

Іс-шара барысында «Qazaq Bio Control» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры И.Д.Пампур «Organic Village» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Р.Ш.Джапаровқа арнайы Сертификатты табыс етті.

Семинар-кеңесін қорыта келе ТРМК төрағасы Қ.Н. Елікбаев Қазақстанда бүгінгі таңда органикалық өнім өндірісі мен экспортын дамытуғажағдай жасау бойынша қадамдар іске асырылып жатқанын айтып, ұйымдастырушыларға, соның ішінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу универсиетінің басшылығына аталған іс-шараны жоғары деңгейде өткізуге ықпал жасағаны үшін алғысын білдірді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник