KazNARU

ҚазҰАЗУ АУДИТОРИЯЛАРЫ ЖАҢА ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жаңа оқу жылында студенттердің жан-жақты заманауи, терең білім алуы мақсатында жаңғыртылған оқу корпустары мен аудиторияларды оқу-тәрбие үрдісіне қажетті құрал-жабдықтармен, парталармен, офистік жиһаздармен жабдықтау толықтай жүзеге асырылды. Енді бүгінде заман талабынан туындап отырған ақпараттық технологияларды пайдалану талабына сәйкес, оқу аудиторияларына интерактивті тақталар орнату жұмыстары қолға алынды.

✅ Интерактивті тақта – бұл инновациялық білім беру сапасын арттыру үшін және компьютерлердің арнайы презентацияларды өткізуіне арналған қосымша құрылғыларының аса маңызды құрамдас бөлігі. Оны сабақ барысында қолдана отырып, өткізілетін материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді экранда көрсетуге, басқа да деректерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге арналған басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.

✅ ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы - Ректордың инфражүйелерді дамыту және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Қуат Сұлтанғазиевтың айтуынша, студенттерге арналған ақпараттық білім беру негіздерін тереңдету және білім алушылардың логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін интеллектуалды дамытату мақсатында тұңғыш рет 55 жаңа типті интерактивті тақталар әрбір факультетке бөлініп берілді.

✅ «Интерактивтік тақта сонымен қатар, қажетті ақпаратты өңдеу арқылы сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтауға мүмкіндік береді. Онлайн бейнеконференциялар, телефорумдар сияқты іс-шаралар, дәрістер, тренингтер өткізуге, компьютермен сұхбаттасу арқылы оқытушы мен студенттердің өзара ортақ тақырыпта тікелей пікір алмасуына пайдасы зор. Мұның барлығы университетіміздің қазіргі және болашақтағы инфрақұрылымдық дамуына зор әсер ететіні анық. Осының бәрі студенттердің игілігіне арналған», - дейді проректор Қуат Сұлтанғазиев.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник